Биыл жазушы, публицист, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Жайық Бектұровқа 110 жыл толып отыр. Осыған орай, Н.В.Гоголь атындағы ҚОӘҒК «Жайық Бектұров: жылдар және ойлар» атты диалог-көрмесін назарларыңызға ұсынады.

Жайық Кәгенұлы Бектұров - қазақ мәдениетіне зор еңбек сіңірген, халықтың рухани қамын жоқтаған тұлға, ол көп жылдар Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысы филиалында жетекшілік етті.

Бұл көрме Жайық Бектұров шығармашылық мұрасының құндылығын, тарихи дерекке толы екенін көрсетеді.

Көрмеге автордың «Енеден ерте айрылған төл секілді....» (2002), «Өткел» (1991), «Таңба» (1997), «Ақиқаты осы еді» т.б кітаптары мен газет-журналдарда жарық көрген мақалалары қойылды.

Белгілі жазушылардың, ғалымдардың, өлкетанушылардың, журналистердің Жәкең жайындағы естеліктерінде елдің тарихына, қазақ әдебиетіне қатысты мәселелерді, ұлт зиялылары мен тұлғалары, олардың өмірі туралы өте көп білетін энциклопедиялық тұлға екендігі жайында жазылған құнды мақалаларымен де таныса аласыздар.

Сонымен бірге оқырмандардың Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасындағы Ж.Бектұровтың кабинет-мұражайының қорынан алған бірнеше жәдігерлермен танысуға мүмкіндіктері бар.

Жәдігерлер:

Ж.Бектұровтың қолжазбалары (хаттар)

Ж.Бектұровтың пайдаланған заттары (үстел күнтізбелігі, портфель)

Ж.Бектұровтың фотосуреттері

Оқырман назарына ұсынылып отырған көрме бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге боларлық «соқпақты, соқтықпалы» тарихымызды танып білуге, тағылым алуға тұрарлық қазыналы дүние.

ҚР Құрметті журналисі, өлкетанушы, Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы Аман Жағдаұлы Жанғожин Жәкең жайлы өз ойымен бөліседі.

Сонымен бірге мына сілтеме арқылы Ж.Бектұровтың сұхбатын тыңдай аласыздар.

Қыркүйек айының соңына дейін Сіздерді Жайық Бектұровтың шығармашылық мол мұрасын парақтап, көрмені тамашалауға шақырамыз.

Ай кітабы