Бүгін кітапханамызда «Ел еркесі - Роза» атты әсерлі, танымды, керемет кеш өтті. Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған бұл кеш жиылған жұрттың есінде сақталып қалары сөзсіз.Тарқата айтсақ...

Көктемгі әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бұл кешке арнайы Тәттімбет атындағы өнер колледжі мен Қарағанды көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжінің студент қыздары шақырылды. Мерекелік көңіл-күй мен тәлім-тәрбиесі мол бұл кешке Роза Тәжібайқызының көзін көріп, қаламызда өткен әншінің кешін жүргізген,ел мақтанышының батасын алған Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің ардагері, «Гәкку» ансамблінің көркемсөз шебері Қажет Ғинаятқызы қатысты. Қажет апай жас қыздарға қазақ қызының эталоны болып танылған Роза апайдың өнерімен қатар, киім кию үлгісі, сөз сөйлеу шеберлігі жайлы айта отырып, үлкен мағыналы әңгіме қозғады.
Ал кештің музыкалық әрін Қарағанды облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан құрылған «Ақниет» ансамблінің ұжымы кіргізіп, әншінің репертуарындағы әндерді орындап, ерекше күйге бөледі. Кешке жиылған барша қауым баянның сүйемелдеуімен «Ах, Самара городок», «Сәулем-ай», «Қыз ғұмыр» әндері бірлесе шырқап, Роза апайдың өнерінің мәңгілік екенін тағы бір дәлелдегендей еді.


Кештің тағы бір ерекшелігі – кітапхана қорында сақталған 1971 жылы Ташкент қаласында жарық көрген винилді күйтабақтан әншінің әндерін тыңдап, суретші Гульфайрус Исмайылованың облыстық бейнелеу өнер музейінің қорындағы «Роза Бағланова» портретін тамашалады.
Кітапхана қорындағы Роза Бағлановаға арналған сирек әрі құнды әдебиеттер кітап көрмесі арқылы оқырман қауымға ұсынылды.


Кеш соңында оқырмандар өз естеліктерімен бөлісіп, кештің жылы өтуінің себепкерлері болды.
Аналар мен арулар мерекесі қарсаңында өткен шуақты әдеби-сазды кеш көктемгі мерекелік көңіл-күй сыйлады.
@mgtk.college @karaganda_muzei_izo @kolledzh_tattimbeta

Ай кітабы