«Парасат жолы» орталығында С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актеры, режиссері Б.М. Киекбаевпен кездесу

«Парасат жолы» орталығы ашылғалы бері кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қызықты кездесулердің куәсі болуда. Соның бірі – С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының актеры, режиссёрі Киекбаев Бекмұхамед Мұқатайұлымен өткен кездесу. Әсерлі кездесу көптеген жанның ойындағы сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, өмірге деген көзқарастарының өзгеруіне де септігін тигізе алды деп ойлаймыз.

Қаламыздағы қазақ театрының көрерменіне Бекмұхамед Мұқатайұлының есімі етене таныс. Көптеген жастардың қонағымызды Бек ағай деп атайтыны да осы тұста белгілі болды.

«Парасаттылық дегенімін Сіз үшін нені білдіреді?» деген сұраққа Бек Мұқатайұлының жауабы үлкен ой мен арды қозғайтындай болды. Бұл сөзде Ар, Пара, Сат деген секілді үш сөздің қосындысы әр адамға маңыздысын талғап береді деген ой тастады. Бек ағай «Арыңды сатпасаң, асың да, атың да болады» деп тұспалдауды ұсынады.

Ал «Қазақстанның әрбір азаматы қоғамда парасаттылықты қалыптастыру үшін үлес қосу керек. Жемқорлықпен күрестің сәтті болуы үшін білім беру жүйесінің күшеюі қажет және адамның рухани толығуына көбірек көңіл бөлінуі тиіс» дегені үлкен қолпашқа ие болды. Әр адамның өмірінде нәтиже емес, жүретін жолы маңызды екенін ерекше айтып өтті.

Кездесу барысының жеңіл өтуі соншалықты тіпті жиылған жастар адалдық туралы, қазақ қоғамында орын алып жатқан өзгерістер туралы өз пікірлерін ашық ортаға салынды.

Әрине, мүмкіндікті пайдаланып қазіргі қазақ театры, жалпы өнер саласындағы жаңа беталыстар жайлы сұрақтар да қойылды.

Кездесуден кейінгі пікірлер туралы бірер сөз:

Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің басшысы Б.З.Оспанқұлова:

-  Көкейімдегі сұрақтарды қойып, алған жауаптан тамаша әсерде қалдым. Алдағы уақытта кітапханамыздың тұрақты оқырмандарымен осындай кездесулер жиі өткізілсе.

Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімінің кітапханашысы Ж.Х.Хасенова:

-  Кітапханамызда осы сияқты кездесулер жиі өткізіледі, оқырмандарға қызмет көрсетумен айналысып жүріп, сұхбаттарды тек тікелей эфирден тамашалаймыз. Ал, тірі көрермен болып отырып алған әсеріміз мүлдем бөлек. Таза ауа жұтқандай болдық.

Оқырман:

-         Студент болған кезімде Бек ағайдың спектакльдерін көргенде біраз дүниені түсінбейтінмін. Осы сұхбат арқылы көптеген инсайттар алдым. Спектакльдерді қайта көрсем, алатын әсерім бөлек болары сөзсіз.

Оқырман:

-         Кездесу қызықты өтті. Талантты актер өз ойларын ашық айтып, жеткізе білді. Парасатты, адал, шыншыл осындай азаматтармен кездесулер көп бола берсін.

Кездесуде адалдық, әділеттілік жолында жасалып жатқан игі істер жайлы айтып, белгілі режиссер «парасат» ұғымының мән-мағынасын өзіне тән өзгеше фокустан ашып берді. Кездесуден жастар жемқорлықпен күрес әр адамның өзінен басталатынын ұғынып қайтқандай болды.

Ай кітабы