Құрметті оқырмандар,Шахтерлер күні біздің аймағымыз үшін аса маңызды мереке болып табылады. Бұл - қарағандылықтар үшін ең қастерлі кәсіби мереке. Осыған орай, сіздерді кеншілер күніне арналған «Кенші еңбегі – елдің тірегі» атты фотокөрмені тамашалауға шақырамыз

Бұл фотокөрмеден сіздер кеншілердің қажырлы еңбегі, тұрмыс-тіршілігі жайындағы ақын-жазушылардың, журналистердің шығармаларымен, құнды фотосуреттермен және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған экспонаттармен таныса аласыздар.

 

Қарағанды облыстық тарихи өлкетану музейі қорынан алынған экспонаттар 30 жылдардағы шахтер каскасы, кейінгі жылдардағы каска, көмір үлгісі, шахтер шамы, сувенирлер, примус, өзін-өзі құтқару құралы сияқты шахтерлік жабдықтар мен тарихи фотосуреттер көрменің мазмұнын аша түседі.

Осындай мүмкіндік берген, кітапханамен әрдайым ынтымақтаса жұмыс жасап келе жатқан облыстық тарихи – өлкетану музей қызметкерлеріне алғысымыз шексіз.

Сонымен бірге Қарағанды көмір бассейнінің көмір өндіруде жасаған рекордтарын бейнелейтін суреттерді, кен комбайнның авторы С.С.Макаров пен алғашқы шахтерлердің бірі, Социалистік Еңбек Ері Түсіп Күзембаевтың өндіріс жайлы әңгімелескен сәті бейнеленген фотосуретте көрмеде.

Кітапхана қорындағы ең сирек, құнды кітаптардың бірі 1935 жылы  .Н.Щепотьевтің «Караганда», 1970 жылы Н.Дауылбаевтың «Қарағанды көмір бассейні» жарық көрген кітаптарынан шахтерлердің ерен еңбектері, кен ісінің өркендеу тарихы кеңінен баяндалып, шахтадағы қажырлы еңбектерін көз алдыңа келтіреді.

1961 жылы жарық көрген «Қарағанды жұмысшыларының әңгіме - жырлары» кітабынан революцияға дейінгі Қарағанды шахтасы мен шахтерлерінің өмірін көрсететін поэма мен айтыстар енгізілген. Құрастырушылар кітапты әзірлеуде экспедиция құрып, қарт кеншілерден, жұмысшылардан әңгіме-естеліктерін жинақтап құнды дүниені етіп шығарған. Бұл кітаптарды «Сарыарқа» электрондық кітапханасынан оқи аласыздар. Сонымен бірге белгілі өлкетанушы В.Я.Новиковтың «Шахтерская слава Казахстана» еңбегінен 1930 – 57 жылдардағы көмір өндірісі тарихына үңілесіздер.  

Жерлестеріміз, екі ғасырдың куәсі болған көрнекті халық ақыны Доскей Әлімбаевтың «Кенші жыры», сондай-ақ, қазақ әдебиетінің классиктері, ел тарихының терең білгірлері, заманымыздың ірі жазушыларының Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлкесі», Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды», Әлжаппар Әбішевтің «Замана перзенттері», Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Сапарғали Ләмбекұлының «Қатты қабат» кітаптары да осы көрмеде.

Құрметті біздің оқырмандар, сіздерді кеншілердің өмірі, қызметі, жалпы көмір өндірісінің қыр-сыры қызықтырып, толғандырса, кітапхана қорындағы осы кітаптарды оқып таныса аласыздар.

Келіңіздер! Оқыңыздар!

Шахтер еңбегінің ерен мерекесі құтты болсын!

Ай кітабы