Кең байтақ қазақ жерінің бөлігін алып жатқан Сарыарқа даласы - көненің көзі асылдардың мекені. Сол мекеннің бір бөлігін алып жатқан тарихы ғажайып құпиялы сырға тұнған жерлердің бірі – Ақтоғай ауданы.

Осы киелі мекеннің тарихынан сыр шертетін жаңа «Абыз дала, аңыз дала – Ақтоғай» атты кітап жарыққа шықты.

Жаңа кітапты оқырман қауымға таныстыру мақсатында2021 жылдың шілде айының 8 күні кітап авторымен тікелей эфирде жүздесу өтті.

Кездесуге кітаптың авторы, филология ғылымдарының докторы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-нің профессоры Жандос Қожахметұлы Смағұлов, тарихшы ғалым, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Орталық Қазақстан» газетінің қызметкері Ерғазы Қадашұлы Төлеу, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-нің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Саржан Уахитұлы Такиров қатысты.

Шара барысында ғалым Ж.Қ.Смағұлов жаңадан шыққан туындысының шығу тарихына тоқталып, кітап мазмұнына Тоқырауын арнасына орналасқан Ақтоғай ауданындағы ел мен жердің тарихы, тайпалық-рулық құрылымы, географиясы өзек болғанын әңгімеледі.

Автор кіндік қаны тамған туған жер жайлы жаңа кітабында тарихи және мұрағаттық деректер негізгі арқау болғанымен, олар ел аузында сақталып келген аңыз-әпсаналармен тығыз байланыстағы салыстырмалық мәнде пайымдалған.

Сөз кезегін алған ғалымдар Е.Қ.Төлеу, С.У.Такиров жаңа кітаптың маңыздылығы мен құндылығы жайлы келешек ұрпаққа үлкен тәрбиелік мәні бар және кейінгі жас зерттеушілерге ой түрткі болатын тың дүниелерді әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік болатынын ортаға салды.

Оқырман ретіндегі пікіріміз мынаған келіп саяды бұл кітапты өскелең ұрпақ жата жастанып оқулары тиіс. Себебі тарих - ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды.

Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О.Телпекбаева

Ай кітабы