17 шілде

Кітап патшалығы

17 шілдеде абонемент бөлімінің «Кітап патшалығы» алаңында балалардың жаз мезгілі туралы ұғымын кеңейту, жаз айларының ерекшелігін ұғындыру, жазғы табиғат өзгерістерін бақылап, әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету мақсатында «Жайдарлы жаз» суреттер байқауы өтті. Шара барысында кітапхана мамандары балаларға жаздың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі жайында айтып өтті.

Балалар сурет салуға барлық ынталарымен кірісті. Олар өздерінің қиялдары мен шеберліктерін көрсете отырып, жазғы табиғат көрінісіне арналған суреттерін салды. Әр бала жаз айын қандай көзбен көретінін аңғартты. Балалар салған суретте ашық аспан, жадыраған күн көзі, өзен-көл, жайқалған ағаштар, алаңсыз ойнап жүрген балаларды көрдік. Соңында әр бала өзінің салған суретімен таныстырып өтті.

Гүл көктем

Бүгін "Кітапханадағы жаз" бағдарламасы аясында балаларға арналған "Гүл көктем" атты шеберлік сағаты өтті. Сабақ барысыңда Қағаздан "қызғалдақ" гүлінің жасау техникасымен қоса гүлдің тарихы туралы мәлімет берілді.

Шара соңында балаларға арналған гүлдер туралы бейне ролик көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу ұсынылды.

 

12 шілде

Кітапханада балалардың жазғы демалыстары осылай жалғасуда.

Бүгін Қаныш Сәтбаев атындағы гимназияның оқушылары мұхит толқындарына енген тәрізді.

«Жазғы оқу қызық оқиғаға шақырады» циклі аясында балалар Қарағанды қаласына виртуалды саяхаттап, «Қарағанды ескерткіштері» пазл атты ойынын ойнады. Өздеріне көптеген қызықты нәрселерді ашып, Қарағанды туралы аңыздың сиқырлы және керемет әлемімен танысты. Өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салып, ілтипаттарын танытты.

3 шілде

Бүгін «Кітапханадағы жаз» бағдарламасы аясында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра дастан» атты арт-сағаты өтті.
Шараға қаламыздағы №1 Балалар музыка мектебінің қазақ халық аспаптары бөлімінің оқытушылары мен «Думан сазы» ансамблі қатысты. Шара барысында Ернат Узалин мен Аныкбеков Манап Бағдатұлы домбыра аспабының шығу тарихы мен ұлттық аспаптың құрылымы, шертпелі аспаптардың бірнеше түрімен таныстырып өтті.
Арт-сағат соңында балалар «Ұлттың рухани қазынасы» атты викторинасына қатысып, «Домбыра дастан» кітап көрмесін және режиссер Әмен Қайдаровтың «Ақсақ құлан» аңызының желісімен түсірілген мультфильмді тамашалады.

19 маусым

Бүгін "Кітапханадағы жаз" бағдараламасы аясында №82 мектептің жазғы сауықтыру лагерінің «Балауса» тобының және №104 мектептің «Алаш» тобының балаларына «Кітап патшалығы» алаңында «Оригами өнері» шеберлік сағаты өтті.
Бірінші кезекте балаларға  оригами жайлы түсінік берілді. Балаларға модулдік оригамидан модульдерді жасап үйрете отырып, оригами техникасымен қағаздан бұйым жасау үйретілді. Түрлі түсті қағазды бүктеу арқылы балалар  көбелек, күшік жасау жолдарын үйренді және оларға сыйлық ретінде қағаздан жасалған әшекей бұйымдар берілді. Балалар асқан қызығушылықпен қатысты.

 

14 маусым

Бүгін «Жазғы оқу қызық оқиғаға шақырады» шығармашылық алаңында балалардың шат-думан мерекесі жалғасын тапты. Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырған, қиялы мен шығармашылығын дамытқан «Балалық шақтың әлемі» атты арт-сағаты өтті. «LingvoLand» тіл мектебі мен №45 гимназия оқушылары жаз келбетіне сурет салып, өз шеберліктерін көрсетті. Салған суреттері жайында қызықты әңгіме құрастырып, түрлі-түсті және жарқын суреттерінде көрініс тапқан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.  Бәрі де суретті жақсы сала білді.

Ал «Полиглот» шығармашылық алаңында «LingvoLand» тіл мектебінің балалары үшін «TheOpposites» атты қызықты ойыны өтті. Балалар ағылшын тіліндегі жасырылған антоним сөздерін қызығушылықпен шешті. Сондай-ақ балаларға «Apples to Apples» қызықты ойыны ұсынылды. Бұл керемет ойында қайталау арқылы 1000-нан астам ағылшын тілінде сөздер үйренуге болады. Американдық бұрыштың еріктісі Эльнар Мұхамбетжановтың көмегімен өткен ойындар балалар үшін көңілді өтті.

 

Алаң үйлестірушілері:

Телпекбаева С.О.
Ярцева Э.К.

13 маусым

Бүгін «Кітапханадағы жаз» бағдарламасы аясында Шәкәрім атындағы гимназия оқушыларына «Балдәурен» шығармашылық алаңында «Менің сүйікті кейіпкерім» атты танымдық сабақ өткізілді. Балалар танымал ертегілер мен мультфильмдердің кейіпкерлерін есіне алып, ермек саздан мүсіндеу арқылы сүйікті кейіпкерінің бейнесін жасады. Жас мүсіншілер мультфильмдердің үлкен топтамасын құрастырды. Жазушы Эдуард Успенский ойлап тапқан және анимация шебері Леонид Шварцманның бейнелеген кейіпкер - Чебурашка ерекше танымал болды. Сабақ соңында балалар үшін мульт-викторина өткізілді. Келген балақайлар өздерінің мүсіндеген шадеврлерін естелік ретінде қабыл алды, ал жасырылған мультфильмдердің тақырыбын тапқан балақайларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Ал, «Ертегілер әлемі» атты шығармашылық алаңында кішкентай қатысушыларымыз «Ертегіні сал» арт-сағатында сурет салу арқылы көркемдік шеберліктерін көрсетті. Балалар екі топқа бөлініп, бірінші топ «Козлята» ертегісін, ал екінші топ – «Неліктан адам қарлығашпен дос» ертегісін тыңдап, мазмұндап берді. Сондай-ақ тыңдаған ертегілерінен нені түсінгендігін және қандай тәлімдік мәні бар екенін бір-бірімен бөлісті. Содан кейін балалар асфальтта нағыз суретшілердей сурет салып оны нағыз көркемсурет кенепіне айналдырды. Олардың әрқайсысы өзін суретші сияқты сезініп, неліктен дәл осы кейіпкерді таңдағанын түсіндірді!

«Даңқ минуты» тәтті сыйлықтармен аяқталды. Мінекей, бүгінгі күн суреттегідей әсерлі өтті!

Алаң үйлестірушілері:
Аманбекова М.А.
Головко С.И.

7 маусым

Бүгін "Кітапханадағы жаз" бағдарламасының алғашқы шарасы өтті. А.Байтұрсынов атындағы мектеп гимназиясының оқушыларына "Көңілді аралдар" шығармашылықалаңында "Сәлем жаз" сурет салу байқауына келіп қатысты. Оқушылар еркін тақырыпта асфальтқа оқыған ертегі кейіпкерлерін, жазғы табиғат суреттерін салды. Сонымен қатар кітапханашылар оқушыларды екі топқа бөліп дәлдікке арналған дөңгелектерді лақтыру арқылы жарыс ұйымдастырды. Жарыс соңында оқушылар өздерінің тақпақ оқып, өлең айту өнерлерін паш етті. Келген кішкентай қонақтарымыз өнерлі, талапты, дарынды екендерін көрсетті. Ерекше қатысқан кішкентай балақайларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Ал, С.Сейфуллин атындағы гимназияның бастауыш сынып оқушыларына "Кітап патшалығы" шығармашылық алаңында "Балаларға базарлық" атты ұлттық ойындары ұйымдастырылды. Мақсаты - ұлттық ойындарды ойнату арқылы оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа, ұтқырлыққа тәрбиелеу.

Бүлдіршіндеріміз ұлттық ойындар жайлы ақпарат алып, танымдық үлгіде  топтық ойындармен уақыт өткізді.

Асық ойынына қатысқан балалар асық қағу, қаршу, шұбырту, ұпай, ат жарыстыру, қошқар соғыстыру, мұз ойнақ, хан ойыны, аламан хан, үш табан, бүк-шік және т.б. сондай асық ойындарының маңыздылығы туралы мәліметтерді ала отырып, "Асық ату" ойынымен толық танысып, ойнады.

Қорғасынды теріге тігіп немесе жабыстырып, аяқпен теуіп ойнайтын "Ләңгі" ойыны балалар үшін қызық болды. Ойындарға әр бала аса қызығушылықпен қатысты. Белсенділік танытқан балалар сыйлықтарға ие болды.

Сонымен бірге, "Керемет үй", "Ою-өрнекті текемет" құрастыру ойындарында киіз үйдің бөлшектерін таба отырып, толық бір киіз үйді және ою-өрнекті текеметті құрастырды. Балалар қазақ халқы үшін қазақтың киіз үйі, оюлары және текемет жайлы ақпарат алды. Бұл ойындар арқылы біз балаларға ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңіргіміз келді. Оған қоса салт-дәстүрімізді дәріптедік. Тағылымы мол шарамыздан балалар бойларын сергітіп, көңілді қайтты.

Алаң үйлестірушілері:

Багзибекова А.Х.
Жұмағұлова М.Т.