"Аймақтық брендингті қалыптастырудағы кітапханалар" өңіраралық тәжірибелік семинары өз мәресіне жетті.
Семинарды Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. ЯндексТелемост https://telemost.yandex.ruплатформасында офлайн/онлайн форматында өткен аталмыш семинарда Ресей мен Қазақстан кітапханаларының тәжірибелері ұсынылды.
Семинардың мақсаты:
- Аймақтық брендингті қалыптастыруда, аумақтың оң имиджін құруда кітапханалардың тәжірибесін тарату және бөлісу.
- Халықаралық және өңіраралық кітапханалық ынтымақтастықты дамыту.
Өңіраралық семинарда А.С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы, Омбы облысы Калачин ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, С. Торайғыров атындағы Павлодар ОӘҒК, Павлодар ауданының ОКЖ, М. Жұмабаев атындағы Ақмола ОӘҒК, Степногорск қаласының ОКЖ, Ақмола облысы Бурабай ауданының ОКЖ, Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы, "Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" ҰАҚ.
Семинар қатысушыларына Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары С.О. Оспанова жылы лебізін білдірді.
Аманжолова Дина Базарбайқызы, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы онлайн-семинардың модераторы болды.
Пак Валентина Иосифовна, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғылыми хатшысы сомодератор болды.
Семинар спикерлері:
- Бейсенбекова Нурсахан Ахметовна, тарихшы ғалым, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры – "Тарих танудағы өлке тарихының орны".
- Умбединова Гаухар Нұрлановна, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК басшысының орынбасары – "Библиотеки в формировании регионального брендинга".
- Сорокин Алексей Петрович, А.С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы директорының орынбасары, Омбы облысының мәдениет саласына еңбек сінірген қайраткері және Адам Александр Яковлевич, "Центр краеведческой информации" бөлімінің меңгерушісі – "Чокан Валиханов и Омск. По местам памяти".
- Ғазизова Ғалия Исламқызы, Ұлытау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының АББ басшысы – "Кітапханалық өлкетану: Мәңгілік руханият бастауы".
- Жилкибекова Айнаш Айтжанқызы, С. Торайғыров атындағы Павлодар ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы және Каужапарова Гульнар Тлеуовна, ОКЖ басшысы – "Центры коммуникации как новая модель сельской библиотеки".
- Рамазанова Назира Қуанышқызы, Ақмола облысы Бурабай ауданының ОКЖ директоры – "Өлкетану қызметі - Бурабай өлкесінде".
- Пухова Нина Петровна, Омбы облысы Калачин ауданының Орталық елді мекен кітапханасының директоры – Реализация проекта "По родным тропинкам зырянской глубинки".
- Саленко Лариса Витальевна, Ақмола облысы Степногорск қ. ОҚК АББ библиографы – "Библиотечное краеведение: новые тенденции и традиционные ценности".
- Каленова Лаура Аблаевна, Нұра ауданының ОАК кітапхана үдерістерін автоматтандыру секторының басшысы – "Библиотека как ресурс сохранения и развития исторической памяти района".
Семинар қатысушылары аймақтың мәдени брендингін қалыптастыруда жұмыстың негізі болып табылатын ақпараттық өлкетанулық ресурстар мәселелерін, өлкетану білімдерін алға жылжытуда жаңа ізденістер мен дәстүрлі тәсілдерді, аймақтың жағымды бейнесін құрастыру үшін әлеуметтік желілерді қолдану мәселелерін және т.б. талқылады.
Өлкетану деректерін жинақтайтын, сақтайтын әрі оны насихаттайтын бірден-бір мекеме кітапхана екенін ерекше атап өткен Н.А. Бейсенбекованың баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды. Ол кісі бұл жұмыстың жүйелі түрде жүруін атап айтып, кітапханаларды кітап көрмелері, мерейтой иелерінің бұрыштары және т.б. басқа дүниелер жасалу қажеттілігіне назар аударды. Өз баяндамасында Нұрсахан Ахметқызы Омбы қаласында оқып, жұмыс істеген қазақ зиялылары туралы тарихи ақпаратқа басым көңіл бөлді.
Ал А.С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасындағы әріптестеріміздің дайындаған баяндамалары мен презентациялары алдыңғы тақырыптың жалғасы іспеттес болды. Себебі омбылық әріптестеріміз Шоқан Уәлихановтың Омбы қаласындағы кадет корпусындағы оқуы мен Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфордтың адъютанты қызметімен байланысты Омбы қаласы бойынша виртуалды саяхат жасады. Сонымен қатар, Омбы қаласының Ертіске қараған Шоқан Уәлиханов атындағы әсем көшесі бойынша виртуалды тур өткізді. Қатысушылар Ш. Уәлихановтың есімімен байланысты тарихи жерлермен қатар, XIX ғасырдағы көне Омбының тұстарына да көз жүгіртті.
Сондай-ақ, тағы бір атап өтер баяндама - аз этностық топтармен жүргізілетін жұмысы туралы Омбы облысы Калачин ауданының Орталық елді мекен кітапханасының жасаған презентациясы.
Барлық қатысушылар кітапханалардың коммуникация орталықтары ретінде өздерін таныта алғандарын, өлкетану бойынша ақпараттық ресурстарды құрастыруда цифрлық ортада өз қызметтерін белсендіргендерін және осы бағытта кітапханалар алдымен аймақтың тарихи контентін әрі оның байлығын: тарихын, көрнекті тұлғаларын, көрнекі жерлерін, табиғатын есепке алу қажеттілігін атап өтті.
Семинардың офлайн форматында өткен екінші бөлімінде библиографиялық құралдарды құрастыру әдістері (Телпекбаева С.О., өлкетану әдебиеттері бөлімінің басшысы), Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК онлайн каталогы және веб-ресурстар бойынша іздеу (Багзибекова А.Х., АББ басшысы және Сулейменова Ж.М., ұлттық библиотграфия секторының басшысы), Квестодел, Surprise Me, Joyteka: веб-квесттерді құрастыруға арналған сервистер (Абрамчук Е.А., КПАБ құжаттарды цифрлау мен қалпына келтіру секторының басшысы) сынды тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Семинарға қатысушылар өңіраралық және халықаралық ынтымақтастық мақсатта осындай кәсіби кездесулер жалғасын табады деп сенеді.