Мобильді кітапханалық қызмет көрсету.

  • Шетелдік іс-тәжірибе.
  • Алғашқы жылжымалы кітапхана 1905 ж. АҚШ пайда болды. 1920 ж. Германияда алғашқы библиотрамвай жүре бастады. Норвегияда катер негізінде жылжымалы кітапхана құрастырды. Венесуэла мен Кения сияқты Африка мен Латын Америкасының кейбір елдерінде, шалғайдағы елді мекендерге кітаптарды әдеттегі көлік саналатын, есектер мен түйелер сияқты жүк артылатын малдар жеткізеді. толығырақ
     
  •  
    Ресейлік іс-тәжірибе.
  • Алғашқы ресейлік жылжымалы кітапхана 2003 жылы Волгоград облысы Әкімдігі мен «Пушкин кітапханасы» Қорының бірлескен жобасы нәтижесінде пайда болды. Жылжымалы кітапхана ретінде автобус қайта жабдықталып, балар кітапханасына тапсырылды. Оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау «Волгоград библиобусының» басты міндеті болып табылады. 2006 жылы Москвада Москваның Батыс жағына қызмет көрсететін «Мобильді кітап» атты екінші кітапханалық пункт іске қосылды. 2007 жылы Карелия Республикасының Кондопога қаласында «Жылжымалы кітапханалық-ақпарттық кешен» қолданысқа енді, ал 2008 жылы Самара облысында қабылданған облыстық бағдарлама аясында облыстың 3 ауданында библиобустар құрылды. Барлық мобильді кітапханалар бүгіндері табысты қызмет атқарып келеді. толығырақ
  • Мобильді әлеуметтік жобалар. Поездағы "Кітап бары". Көшпелі планетарийлер. Экомобиль. Үйсіз жануарларды таратудың жылжымалы фургоны. «Нанотрак» мобильді оқыту сыныбы". Киномобиль. толығырақ
  • АКҚкК (КИБО) негізіндегі әлеуметтік-маңызды жобалар. Архангельск облысы. Белгород облысы. Брянск облысы. Иркутск облысы. Курск облысы. Псков облысы және т.б. толығырақ
  • КИБО – отандық өндіріс автокөлігінің негізінде дайындалған және еліміздің кез келген жерінен Интернетке кеңжолақты қолжетімдікті ұсынатын Ресейдегі ең алғашқы мобильді әмбебап кешен. Құжаттар мен ұсыныстар. Тренингтер. Үлгілер және қызметтер. толығырақ
  •  
    Қазақстандық іс-тәжірибе.
  • АҚШ Street Lab, Inc коммерциялық емес ұйымдарында және Алматы әкімдігінің қолдауымен 2012 жылы Қазақстанда «Алматыдағы мәдениет жылы» акциясы аясында құрылған «Мобильді кітапхана» жобасы іске қосылды. Ұйымдастырушылары – Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы. Жылжымалы кітапханаға арналған ағылшын тіліндегі кітаптарды Америка елшілігі және «American Corner» америка бұрышы ұсынды. Елшіліктің арқасында ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған балалар басылымдары бар. толығырақ
  •