13 желтоқсан күні кітапхананың оқу залдары бөлімінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстанның тәуелсіздігі: тарих пен қазіргі заман» атты тарихи сағаты өтті.
Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының тарихи кезеңдері мен жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру.
Аталмыш шараға Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ – дың Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ш. М. Теміржанова, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының жас актерлері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ұстаздары Б.К.Аязбаева, Ж.Ж.Ибраимова, С.М.Молғаждарова және Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дың экономика факультетінің студенттері қатысты.