Кітапханаға жастарды тарту бойынша іске асырылған ашық байқау өз мәресіне жетті.
Бұл шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90-жылдық мерейтой аясында жүзеге асты.
Байқаудың мақсаты - кітапханаға жастарды тарту бойынша үздік тәжірибелерді анықтау және танымал ету.
Байқауға Қазақстанның 11 облысынан 43 шығармашылық жобалар ұсынылды. Атап айтсақ, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Қарағандыдан қатысып, қазылар алқасының бірінші отырысының шешімі бойынша 22 қатысушы финалға жолдама алған болатын.
Оның ішінде облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық кітапханашылармен қатар, Ұлытау облысының оқырманы, әдебиет жанашыры қатысты.