Құрметті оқырмандар!

Биыл белгілі қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, драматург, қоғам қайраткері Софы Қалыбекұлы Сматаев 80 жасқа толып отыр. Осыған орай, Сіздердің назарларыңызға «Сөз зергері, ой заңғары – Софыян» атты кітап көрмесін ұсынамыз. Көрмеден жазушының өнегелі өмір жолын, қаламгерлік қазынасын кеңінен танытатын туындылармен таныса аласыздар.

Келіңіздер! Көріңіздер! Оқыңыздар! Танысыңыздар!

28 маусым

Бүгін «Кітаханадағы жаз» бағдарламасы аясында өтіп жатқан шараларға С.Сейфуллин атындағы  гимназияның бастауыш сынып оқушылары және балабақша балалары қатысты.

Олар үшін «Ертегілер еліне саяхат» шығармашылық алаңында «Әдеби дартс: қазақ ертегілері» танымдық ойыны өтті.

 

Ойын шарты бойынша балалар дартсқа дәл тигізу арқылы қазақ ертегілеріне және заманауи мультсериалдарға байланысты сұрақтарға жауап беріп тәтті сыйлықтарға ие болды. Әдеби дартс ойынның мақсаты балаларды қазақ ертегілерімен кеңінен таныстыру.

Жазушы, драматург Софы Сматаев 80 жаста

Софы Қадыбекұлы Сматаев – қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі қоғам қайраткері. Өз ғұмырында халыққа қажетті көптеген әдеби шығармалар жазып, еліміздің өркендеуіне, өскелең ұрпақтың патриоттық рухта тәрбиеленуіне зор үлес қосып келе жатқан қарымды қаламгер, ойлы жазушы. Ол - әр жанрда қалам тартып, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосса, оның жазған либретто, драмалары театрларда қойылып, романдары , жыр жинақтары кезінде оқырмандарға кең таралды. Тәуелсіздік дәуірінде де әдебиетке құнарлы туындылар сыйлап отырған қаламы қуатты жазушы.

23 маусым

Бүгін біздің кітапханаға қонаққа С.Сейфуллин атындағы гимназия мен «AZBUKA» шағын орталығының балалары келді.

Олар үшін «Қиял әлемі» шығармашылық алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра күні - ұлттың үні» атты танымдық сабақ өтті. Музыкалық аспапты жасаудың қыр-сырын домбыра жасау шебері Ержан Тұрсынов көрсетті. Балаларға арнап Жошы хан туралы аңызды мазмұндап, «Ақсақ құлан» мультфильмін көрсету барысында лирикалық дала әуендеріндегі домбыраның дыбысталу ерекшеліктері туралы айтты.

Ай кітабы