Психологияға қызығатын жандар Луиза Хей деген есімді жақсы таниды. Мотивацияны май шаммен іздеп жүргендер де түбінде Луиза Хейдің жазғандарын шолып өтеді. Тән азабынан бұрын жан азабын тартып жүргеніміз көп болғандықтан Луиза Хейдің кітаптарын жай ғана көзбен шолып өтпей, көңілге тоқып, санаға түйіп, он рет қайталап оқу қажет деп санаймыз. Біздің кітапханамыздың кітап қорында автордың көптеген кітаптары бар. Кітапханаға келіңіздер! Танысыңыздар! Оқыңыздар!

«Күзгі туынды» атты шеберлік сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз. Бізбен бірге жасап көріңіздер.

Кітап оқуды дамыту: әдістер мен идеялар [Мәтін]: әдістемелік ұсыныс / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы // құраст.: Ұ.Жамауова. – 2021. –  7 б.

Кітап оқуды дамыту – бұл қазіргі таңда кез-келген қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі. Сондай-ақ, кітапхана қызметінің де негізгі бағытының бірі - кітап пен оқуды насихаттау. Алайда, соңғы бірнеше жылда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы оқырмандардың кітап оқуға деген ынтасын едәуір бәсеңдетті. Әрине, бұл мәселе барлығына бірдей қатысты емес. «Кітап – ой кемесі» деп білетін кітап сүйер оқырман үшін кітап оқуды дамыту әрдайым өзекті тақырыптардың бірі.

Кітапта қанша игілік барын түсінсек те, кейде оны оқуға уақыт таппай жатамыз. Қиынсынамыз, енді бірде шабытымыз келіп барлық кітапты бітіріп тастауға бекінеміз. Алайда, кітапты оқу барысында кітапты сүзгіден өткізбей оқитындар да кездеседі. Кітапты қалай таңдау керек? Оны тұрақты оқу үшін не істейміз? Пайдалы ақпаратты қалай есте сақтаймыз? Осы секілді сан алуан сұраққа жауап алу үшін «кітап оқуды дамытудың: әдістері мен идеяларын» ұсынамыз.

Бүгінгі таңда кітапханаларда кітап оқудың әдістері мен формалары айтарлықтай өзгерген. Кітаптың қоғамдағы орнын нығайту үшін дәстүрлі жұмысқа жаңа идеялар енгізе отырып, кітап оқуды дамытудың стандартты емес түрлерін белсенді енгізуде.

Құрметті оқырман қауым! Назарларыңызға Есенбай Дүйсенбайдың аудармасымен жарық көрген Қожа Ахмет Яссауйдің " Хикметтер" (даналықтар) кітабын ұсынамыз.

Жерлесіміз, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың шығармашылығын дәріптеу, «Қасымтану» саласын насихаттау, дамыту, жастардың шығармашылық ізденісін қолдау үшін септігін тигізіп жүрген республикалық дәстүрлі Қасым Аманжолов оқулары аясында «QASYM» сериясымен кітап шығару үрдіске айналды. Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға «Qasym» сериясы кітабына арналған ақпаратты ұсынамыз.

Ай кітабы