Фильтр
  • 6-7 қазан күндері Қарағандыда «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты Республикалық дәстүрлі ХІІ Қасым Аманжолов оқулары салтанат құрды. Қасым ақынның 100 жылдық мерейтойынан бастау алған бұл шара, жыл сайын Қарағанды шаһарында дауылпаз ақын жайлы сыр шертіп, ақын әлеміне, өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шегіп келеді.

    Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстықәмбебап ғылыми

    ...
  • Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

    Ұстаз деген – анасы ол адамның.

    Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

    Сен де одан адам болып жаралдың - деп, ақындарымыз жырлағандай, ұстаз – ол білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұстаз деген – ұлы сөз.

    Бұл атаққа ие болу абыройы

    ...
  • Биыл заманымыздың заңғар жазушысы, академик, драматург, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің  125 жылдық мерейтойы.

    Осыған орай кітапханамызда 27 қыркүйек күні Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жазушының артында қалған мол мұрасын зерделеп, шығармашылығын кеңінен насихаттау, заңғар жазушыны құрметтеуге, елін жерін, әдебиетті сүюге тәрбиелеу мақсатында «Қара сөздің хас шебері» атты әдеби - сазды кеш

    ...
  • 22 қыркүйек күні кітапханамызда мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде  тойланып жатқан алаштың арысы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері,  ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған "Дәуірдің жарық жұлдызы" атты әдеби-тарихи кеш өтті.

    Әдеби-тарихи кешке Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің "Тұлғатану" пәнаралық ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к., доцент, профессор

    ...
  • 23 қыркүйек күні сағат 11.00-де Қарағанды облысының кітапханалары Қазақстанның барлық өңірлерімен бірге алғашқы жалпы республикалық «KitapTime-2022» кітап фестивалін өткізді.

    Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған бұл шара көпшіліктің көңілінен шығып, нағыз Кітап мерекесіне айналды.

    Қарағанды академиялық

    ...