Фильтр
  • Өлкетану бөлімі қазақтың белгілі ақыны, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Ғалым Жайлыбайдың 55 жылдық мерейтойына арналған "Жүйткіген жүйрік жыры Құлагердей" атты виртуалды кітап көрмесін тамашалауға шақырады!

  • 2013 жылы 24 қаңтар күні  Балқаш қаласының алғашқы құрылысшысы, Социалистiк Еңбек Ерi,  Қарағандының дамуына үлкен еңбек сіңірген Василий Иванович Язевтің туғанына 100 жыл толды.

    Василий Иванович Язев Мәскеу индустрия-құрылыс техникумын бітіргеннен кейін Қазақстандағы Балқаш мыс алыбы құрылысына жіберілді. Оның барлық еңбек жолы Сарыарқаның ең ірі өнеркәсіптік қалалары Балқаш және Қарағандымен байланысты болды. Балқаш

    ...
  • Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз "іңгәсі" бар. Ол – көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата әуелеткен әнұраны. Ту, елтаңба ел байлығын, тәуелсіздікті, адамдардың іс-әрекеттерін, экономикалық өмірді, қалалар мен мемлекеттердің тарихи ерлік беттерін бейнелеген. Әрбір елде өзінің көп ғасырлық тарихымен байланысты рәміздерінің міндетті түрде болуы XX ғасырда дәстүрге айналды.

    ...
  • 2012 жылдың 26 сәуір күні кітапханада "Жергілікті басылым және авторлық құқық" атты жергілікті ақын-жазушыларымен, қаламгерлермен дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелдің мақсаты: Кiтапханалардың электрондық орта қызметінде туындайтын авторлық құқықты дұрыс сақтаудың ортақ шешімін бірлесе анықтау, авторларға – интеллектуалды жекеменшік жасаушыларына кітапхана қызметінде әдеби және басқа мәтіндерді көшіруде,

    ...
  • Шынболат Ділдебаев (1937-1998) Сыр сүлейлерінің сарқытын ішіп, Арқаның ақтанкерлерінің жолын қуған, есімі бүкіл республикаға танымал ақын, жыршы, термеші, өнердің ерен жүйрігі, ұлтымызға белгілі өнер саңлақтарының бірі. 80-жылдардан республикалық ақындар айтысына жиі қатысып, жүлделі орындарға ие болды, шебер термешілдігімен танылды.