Фильтр
  • Ақпан айының 28 күні кітапхананың оқу залдары бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанда жолдаған кезекті "Қазақстандықтардың Әл – ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасының артуы" атты Жолдауын көпшілікке насихаттау мақсатында "Елбасы жолдауы – тарих талғамы" атты дөңгелек үстел өтті.

  • Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітаптың ішіндегі әлемге жан беретін – ол әрине оқырмандар. Ойы зерек, қиялы ұшқыр оқырман ғана әр тараптан жыл құсындай қуаныш жетелеп келетін кітаптардың патшалығында сайран құра алады. Дәл осындай жанға айнала білген  кітапханамыздың айнымас досы, тұрақты оқырманы – Марат Азбанбаев.

  • Қазақ тілін латын графикасына  негізделген әліпбиге көшіру – аса маңызды, ірі мемлекеттік мәселе. Сондықтан әліпби енгізуге байланысты шаралар мемлекеттік және  қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтиды. Тарихи тұрғыдан латын графикасына негізделген әліпбиімізге қайта оралу арқылы әлем елдерімен, соның ішінде түбі бір түркі халықтарымен әдеби, мәдени және

    ...
  • Ақпан айының 25 күні Қарағанды гуманитарлық колледжіне ақын, қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың біртуар ұлы Сәкен (Садуақас) Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай "Әділдік жолын іздеп қуған едім..." атты әдеби сағаты өтті. Мақсаты дауылпаз ақын, ірі қоғам және мемлекет қайраткері Сәкеннің өмірі, шығармашылық жолы,қайтпас қайсар күрескердің қоғам алдындағы атқарған еңбектерімен таныстыру.

  • Әрбір  ұрпақтың  кітап оқу мен әдебиетке деген көзқарасы өз заманына байланысты өзгеруде.  Кітап таңдауы, қызығушылықтары, талғамдары ерекшеленеді. Компьютерлік технологиялардың дамуымен оқу форматы да өзгерді, енді электрондық түрде кітаптар, оның ішінде аудиокітаптар да қолжетімді. Мобильді кітап әрдайым қол астында, оны жүктеп алуға, оқуға, тыңдауға, досына жіберуге,  электронды кітапханаға сақтауға болады. Әр түрлі тақырыптағы әдебиеттердің қолжетімділігі

    ...