Қарағанды облысы (аумағы – 428 мың текше –шақырым, халқы – 1357.9 мың тұрғын) – елдің өндірісті орталығы, мыс және вольфрам қорларымен ірі көмір кен орнымен, қорғасын, мырыш, темір, марганец, сирек металдарымен ерекшеленеді.
Қазақстан экономикасында аймақтың алатын орны ерекше, жерасты кен жұмыстары, өңдеу өндірістері, энергетикалық және көлік секторлары динамикалы түрде дамуда. Адами әлеуеттік даму барысында экономикалық динамикасы позитивті аймақ – www.karaganda-region.kz
Қарағанды облысы 1932 жылы 10-наурызда құрылған (орталығы Петропавл қаласында). Әкімшілік бөлу нәтижесінде 1936 жылы Қарағанды облысы екі облысқа бөлінді: Солтүстік Қазақстан (орталығы Петропавловск) және Қарағанды облысы (орталығы Қарағанды қаласы).
Қарағанды көмір бассейні және оның орталығы Қарағанды қаласы өзінің атын Қарағанды басы шатқалынан табылған «Қараған» бұталарына байланысты қойған.
1883 жылы Аппақ Байжанов (осы шатқалдан) Нұра өзенінің оңтүстік жағынан жанатын тас көмір тапқан. Алғашқы өндірістік жұмыс 1856 жылы басталған – орыс байы Никон Ушаков жүз текше верст көмірлі жерді сатып алған. Қарағанды көмірлі - кенді жерін сату туралы Актісіне 1856 жылы 14 наурызда қол қойылған. Иванов көмір тілігінде Спасск мыс заводы үшін көмір өндірілген.
XIX - ғасырдың соңында көмір кені француз, ал, 1907 жылы ағылшын кәсіпкерлеріне көшкен. Алайда, не орыс тау-кеншілері, не шетел акционерлер қоғамы өлкені игерумен емес тек минералды байлықтарды жыртқыштық - қанаушылық тұрғыда пайдаланған.
XX - ғасырдың 30 жылдарында Қарағанды көмір бассейнін игеру басталды. 1930 жылы желтоқсан айында «Қарағанды» тресті құрылды. Алғашқы басшысы тәжірибелі кенші К. Горбачев болды. 1931 жылы 15-тамызда БК(б) ПОК, «Көмір және кокс ресурстарын көбейту» туралы қаулы қабылдады. Осы жылдың 18-қарашасында КСРО жоғарғы кеңесі Президиумының «Қарағанды бассейнін салу туралы» қаулысы шықты. Бұл құжаттарда Қарағанды құрылысы КСРО-дағы үшінші көмір базасы болу туралы мәселе қойылды.
1931 жылы бассейннің 17 шахтасында көмір өндіру басталды. Осы шахталарда – әйгілі шахтерлер: С. Шомановтың, Ж. Үрістемовтың, Т. Күзембаевтың, Б. Нұрмағамбетовтың еңбек жолдары басталды. 1934 жылы ақпан айында Қарағанды қала статусына ие болды - www.karaganda-akimat.kz
Көмір өндірісінің дамуымен қатар облыс аймағында мыс өндірісі дамуы тез қарқын алды. 1929 жылы 2-маусымда «Қазақстанда түсті металлургияны дамыту туралы» қаулы қабылданады. Осы жылы геолог М. П. Русаков Қоңырат мыс кен орны туралы геологиялық және экономикалық негіздеме жасап сол кездегі КСРО бойынша Қоңырат кен орнының мол екенін дәлелдеген және мыс қорыту заводтары үшін бай кен базасы болатынын көрсеткен. 1934 жылдан бастап Балқаш аймағында құрылыс жұмысы қарқын алады. 1937 жылы сәуір айында Прибалхашстрой поселкесі Балқаш қаласы болып айта құрылды - www.balkhach.kz
1930 жылдың аяғында Үлкен Жезқазған кен орнын игеру басталды (Бұл жерді 20 жылдар соңында Қ. И. Сәтбаев зерттеген). 1941 жылы Үлкен Жезқазған жұмысшылар поселкасы қатарына енгізілді. 1954 жылы 20-желтоқсаннан бастап - Жезқазған қаласы - www.jezkazgan.kz
Қарағанды тарихы Алжир - www.alzhir-ruucor.kz және Қарлаг – www.karlag.kz лагерлерімен тығыз байланысты.
Қарлаг КСРО, шет елдердің көптеген ғылым және өнер қайраткерлерінің жазаларын өтеу орны болғандықтан ол жер Қарағандының мәдени ошағына айналған. Олар қалдырған мәдени мұралар өте ауыр, қайғылы жағдайда қалыптасқан. 30-жылдардың соңында Қарағандыда бейнелеу өнерінің тарихы басталған және Қазақстан бойынша өнердің жаңа кезеңінің дамуы басталған. Қуғын-сүргін көргендермен жер аударылғандардың көпшілігі қалада қалып оның мәдениетінің дамуына көп үлес қосқан.
Ұлы Отан соғысы жылдарында облыс еңбеккерлері фашистік талқандаудан кейінгі қалпына келтіру кезеңіндегі бүкілхалықтық іске елеулі үлес қосты. Қарағанды көмір бассейіні, Жезқазған мыс қорыту заводы, Балқаш, Қарсақпай кәсіпорындары ерекше рөл атқарды. Шахтерлердің ерен еңбектерінің арқасында Қарағандыда көмір өндіру екі есеге артты. КСРО-ның батыс өңірінен эвакуацияланған өндірістік кәсіпорындарын орналастыру жедел түрде жүзеге асырылды. 1941 жылы Луганск қаласынан өзінің жұмысшыларымен инженер-техниктерімен көшірілген Пархоменко заводы бір айдан кейін әскери жабдықтарды шығара бастады. «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» деген ұранмен облыстың селолық аудандарынан Кеңес Армиясы үшін тамақтар жіберіліп жатты.
1942 жылы 25 сәуірде халық комиссарлар Кеңесінің «Қарағанды қаласына жақын жерден толық металлургиялық циклмен металлургия заводын салу туралы» қаулы қабылдады. 1944 жылы 31 желтоқсанда алғашқы қазақстандық шойын алынды. 1945 жылы ҚазССР Жоғары Советі Президиумының Указымен Самарқанд поселкесі Теміртау қаласы болып аталды – www.temirtau-akimat.kz
50-жылдары Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы табысты дамыды. Басты кезең тың және тыңайған жерлерді игеру болды. 1958 жылы 1 млн. 232 гектар тың жер игеріліп, 16 ірі тың совхоздары ұйымдастырылды. Егін алқабының кеңеюі облыс бойынша 60 млн. пұт астық жинауға мүмкіндік берді. 1958 жылы 6 қазанда облыс Ленин орденімен марапатталды.
Қазіргі кезде облыстың аграрлық секторы 9 ауылшаруашылық ауданын құрайды: Абай ауданы – www.abay-akimat-karaganda, Ақтоғай ауданы - www.aktogay.kz, Бұқар жырау ауданы - www.bukahar-zhiray.kz, Жаңаарқа ауданы - zhanaarka-akimat.kz, Қарқаралы ауданы - karkaraly.kz, Нұра ауданы - www.nurinsk.kz, Осакаров ауданы - www.osak-akimat.kz, Ұлытау ауданы - www.ouytay-akimat.kz, Шет ауданы - www.shet-audany.kz
50 жылдары облыс картасында жаңа қалалар пайда болды: Саран - www.saran-akimat.kz, Шахтинск - www.shahtinsk.kz, Қаражал - www.karazhal.kz, Сәтбаев - www.satpaev-akimat.kz, Приозерск - www.priozersk-akimat.kz.
60-70 жылдары Орталық Қазақстанда 100-ге тарта ірі өндіріс кәсіпорындары іске қосылды, 7 арнаулы құс фабрикалары мен өндіріске негізделген совхоздар салынды, облыста көкөніс, сүт және ет өнімдері бағытындағы 43 совхоз жұмыс жасады.
80 жылдары «Қарағандыкөмір» бірлестігіне 26 шахта, 2 көмір тілігі және ондаған басқада бөлімшелер қарады, оларда 100 мың адам жұмыс істеді.
Жыл сайын 50 млн. тонна көмір өндірілді. 1958 жылдың қаңтар айында Қарағанды шахтерлері миллиард тонна көмір шығарды.
Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі нығайды. Мәдениет үйлері, клубтар салына бастады. 1958 жылы 31 тамызда Шахтерлер күнінде алғаш рет Қарағанды телеарнасы эфирге шықты.
1984 жылы Қарағандының құрылғанына 50 жыл толғанда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы еңбекшілердің социалистік құрылыстағы, елді индустрияландырудағы табыстарын жоғары бағалап қаланы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады.
Қарағанды облысы танымал музыканттардың, жазушылардың және Қазақстанның саяси қайраткерлерінің отаны. Ұлы би, дипломат, ойшыл, шешен, Қаздауысты Қазыбектің (1665-1763жж.), ұлт азаттық қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхановтың (1866-1937 жж.), атақты жыршы Бұқар жырау Қалқаманұлының (1693-1787 жж.) аттары мәңгілік орын алды.
Қарағанды облысы – Қазақстанның бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек және саяси отаны.
Қазақстан Ғылым Академиясының алғашқы Президенті Қ.И.Сәтбаев облыста 1927-1941 жылдары жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Қарағандының тумасы.
Әлемдік мәдениеттің тарихына Тәттімбет, С.Сейфуллин, Қ.Байжанов, К.Бәйсейітова, Ғ.Мұстафин т.б. есімдері енді.