Биыл КСРО халық артисі, композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл

Сыдық Мұхамеджанов – талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушылар мен 60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасындағы байланыс дәнекері болып табылады.

Сыдық Мұхамеджанов 1924 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданының Үлкен бұлақ деген жерінде дүниеге келді. Оның балалық шағы дарынды адамдардың ортасында өтті, туған өлкесінен шыққан атақты Тәттімбеттің, Ақанның, Естайдың әндері мен күйлерінің әсем үндері балаға үлкен әсер қалдырды. Оның музыкаға деген әуестігі өзінің анасынан дарыған. Оның анасы өз заманының атақты әншісі болған. С. Мұхамеджановтың музыкаға және кәсіби білімге деген жолы оңай болған жоқ. 1947 жылға дейін киноактерлар мектебін бітіріп, музыка училищесінің тарихи-теориялық бөліміне оқуға түсті. Денсаулығына байланысты училищедегі оқуын тоқтатып, мектептерде, музыкалық үйірмелерде жұмыс істейді. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) композиторлық бөлімін бітірген. Профессор Е.Брусиловскийдің класында оқиды.

Әйгілі сазгер ерен еңбегі үшін 1967 жылы Қазақстанның халық әртісі, 1974 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 1990 жылы КСРО халық әртісі атағын алды. «Октябрь революциясы», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.

С.Мұхамеджанов Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүріп Қазақ радиосында музыкалық редактор болды, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде қызмет етті. 1960-1961 жылдары Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, 1964-1968 жылдары Қазақ филармониясының директоры, 1969-1972 жылдары Қазақтың Абай атындағы академиялық опера және балет театрының директоры болды. Сазгер «Көктем вальсі», «Сырлы қайың», «Шолпаным», «Тербеледі тың дала», «Жастар маршы» және тағы басқа да көптеген әндер мен романстар жазды. Сондай-ақ «Бекет» «Ақан сері - Ақтоқты» операларын, «Ғасырлар үні» ораториясын, «Дауыл» симфониясы және «Алдар көсе», «Ботакөз», «Рәбиға», «Беу, қыздар-ай», «Сәуле» қойылымдары мен «Ана мен бала», «Біз Жетісуданбыз», «Партизан қызы» кинофильмдеріне музыка жазды.

Ол консерваторияны бітірмей-ақ, талай шығармалар жазды: скрипка мен фортепьяноға арналған соната, қобызға, фортепьяноға арналған пьесалар, хорлар, драмалы қойылымдарға музыка, әндер мен романстар. Бұл жылдары қазақтың халық оркестріне арналған музыкасы мен осы ұжыммен тығыз байланысының оның шығармашылығындағы мәні зор болды. Оркестрге арнап «Балқадиша» әніне вариациялар (1955), «Қыз қуу» симфониялық суреттемесін (1958), және «Домбыра туралы баллада» поэмасын (1955) жазды. Сонымен қатар, осы кезеңдегі тамаша шығармаларының бірі – «Қуаныш Отаны» атты симфониялық поэмасы (1952). Бұл туынды жастар мен студенттердің Бухаресте өткен Бүкіләлемдік фестивалінде орындалып, Қазақ КСР-інің Жамбыл атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл шығарма С.Мұхамеджановтың есімін тыңдаушы қауымға әйгілі етті.

1950-60 жылдары консерваторияны бітірген соң С.Мұхамеджановтың шығармалары тыңдаушы қауымды өзіне тарта түседі. Оқып жүрген кезінен тың жанрларды меңгерген композитор ірі-ірі шығармалар жазуға кіріседі. Бұл жылдары жазған шығармалары тыңдаушы көңілінен шығып жүрді. 1964 жылы қойылған «Айсұлу» атты күлдіргі операсы Қазақстанның опера өнерінің дамуындағы маңызды оқиға болды. Автор ірі музыкалы – сахналық жанрға алғаш рет көңіл аударып, қазіргі болмысты бейнелейтін туындысын ұсынды.

Вокалды – симфониялық жанрда жазылған ірі туындыларына «Ғасырлар үні» ораториясы жатады. «Ғасырлар үні» ораториясы 1960 жылы жазылып, сол жылы орындалды. Поэтикалық тексін Қ. Шаңғытбаев жазған және де ол С.Мұхамеджановтың көптеген вокалды шығармаларының өлеңдерінің авторы. Ораторияны орындаушылар құрамына – дауыстар, аралас хор және симфониялық оркестр кіреді. Оратория сегіз бөлімнен тұрады. Мұнда қазақ халқының өмір тарихын, негізгі тарихи оқиғаларды және ұлттық бейнелерді суреттейді. Бұл шығарма Ғ.Жұбанованың «Заря над степью» ораториясымен қатар қазақ музыкасындағы алғашқы ораториялар болып табылады.

Симфониялық шеберлігін композитор, қазақтың ұлт аспаптар оркестріне жазған үлгілері арқылы шыңдады («Қазақ увертюрасы», 1966) және соның нәтижесінде «Ертедегі Түркістан» (1966) сюитасы туды. Бұл шығарма «Алдар Көсе» кинофильмінің музыкалық материалы негізінде жазылып, Қазақстанның революцияға дейінгі тұрмыстық өмірін суреттейді. Осы оркестрге жазу тәжірибелерінен кейін, композитор «Дауыл» атты бірінші симфониясын жарыққа шығарады.

Сонымен қатар осы дәріптеуші патриоттық шығармалардан басқа, композитор хорға арнап, туған өлкенің табиғатын бейнелейтін лиро-эпикалық туындылар жазды. Мұнда: Абайдың өлеңіне «Жыл мезгілі» кантатасы (1970), «Құлагер» поэмасы (1973), «Менің Отаным» (1970), «Табиғат» (1970) туындыларын жазады.

Қазақтың ұлттық аспаптар оркестріне шығарған шығармалары симфониялық оркестрге жазған туындыларына ықпалын тигізбей қоймайды. Кейбір шығармаларының екі редакциясы бар: «Мереке» увертюрасы (1972), «Дала таңы» поэмасы (1970), «Қос басар» (1973). Бұл шығармалар еліміздің жазық, кең даласының думанды көріністерін қазақтың аспаптық музыкасының дәстүрімен танытады.

70-ші жылдары композитор шығармашылығы тағы бір жағынан көрінеді. Ол – аспаптық музыка: Скрипка мен оркестрге арналған концерт (1975), Гобой мен симфониялық оркестрге жазылған поэма (1979). Бұл жылдары шыққан ірі шығармаларының бірі «Жұмбақ қыз» атты лиро-эпикалық операсы (1971).

1982-1984 жылдары композитор үш симфониясын тамамдайды. Бұлар: Екінші – симинор; Үшіншісі – үш бөлімді Е.Брусиловскийге арналған, фортепьяноның жеке орындауы басымдау; Төртінші – төрт бөлімді «Бейбітшілікті қорғаймыз» атты симфониялары. Бұл шығармалардың алғашқы Бірінші симфонияға қарағанда айырмашылығы көп. Енді композитор симфонияның таза аспаптық жағына және музыкалық бейнелерді қорытындылау жағына көбірек көңіл бөледі. С.Мұхамеджановтың симфонияға бет бұруын оның композиторлық дарынын, ойын қорытындылап, философиялық көзқарасын жеткізуге ұмтылуынан көруге болады. Бұл жанрға көңіл қоюы, жалпы Қазақстан симфониялық музыкасы үшін мәні зор болды. 80-ші жылдары симфонияға көбірек көңіл аударылды. С.Мұхамеджановтың симфониялары парасаттылығымен, жарқын әуезділігімен көзге түседі. Жалпы алғанда, оның симфониялық шығармалары дәстүрлі симфониялық цикл шегінен шықпайды.

Осы кезеңде қазақтың халық аспаптар оркестріне арнап талай музыка жазды. Бұлар: «Дархандала» симфониялық күйі (1987), домбыраға арналған концерт (1985), қобызға арналған концерт (1988).

С.Мұхамеджанов ұлттық тақырыптарды ойынан шығармайды. Әсіресе: Н.Шакеновтың, С.Сейфуллиннің, Ш.Уәлихановтың өлеңдеріне жазылған әндері, қойылымға шығарған музыкасынан («Абай-Әйгерім») және кинофильмдерге жазған музыкасынан («День и час Сериккула» – «Серікқұлдың күні мен мезгілі») байқаймыз. Ұлттық стилі жағынан қарасаң, Қ.Шаңғытбаевтың аудармасындағы Бернстың «Финдлей» өлеңін баяндауы өте қызықты. Ұлттық бейнелілікке көңіл қоюын мәтін таңдауынан, қазақ халқының тарихымен байланысты сюжеттерден, оның музыкалық-поэтикалық мұрасын дәріптеуінен («Ақан сері – Ақтоқты» операсы) (1981) көреміз.

С. Мұхамеджановтың 30 жылдан астам шығармашылығы барлық негізгі жанрларды қамтыды. Қазақ музыка тарихына айтарлықтай үлесін қосты. Оның дарындылығы көркем шығармаларының әуезділігімен, кейіпкер бейнелерінің нақтылығынан, бүкіл шығармашылығы толық гүлденіп ашылған лирикасынан байқалады.

Алматының Медеу ауданында С. Мұхамеджанов атында ұзындығы 1040 метр көше бар. Шет ауданы Ақсу-Аюлы селосында музыкалық мектеп және Киікті ауылында жалпы білім беретін мектеп бар. Ақадыр кентінде көшесі бар. 2022 жылы Қарағанды қаласындағы «Жұлдыздар аллеясында» композитор Сыдық Мұхамеджановтың «Жұлдыз белгісі» ашылды.

Әдебиеттер:

Мұхамеджанов С. Айсұлу: клавир, Қуандық Шаңғытбаевтың және Қанабек Байсейітовтің либреттосы = Aisulu: clavier. - Алматы: Өнер, 2009. - 271 б.

Мұхамеджанов С. Әндер // Сыр сандық: қазақ әндерінің антологиясы / құраст. Қ. Байбосынов. - Астана: Дәуір, 2016. - 567-573 б.

Мұхамеджанов С. Ғасырлар үні = Голос веков = Клавир: оратория  / С. Мұхамеджанов, Қ. Шаңғытбаев. - Алматы: Жалын, 1978. - 82 б.

Мұхамеджанов С. Жұмбақ қыз = Mystery girl: партитура, Софы Сматаевтың либреттосы. - Алматы: Өнер, 2009. - 367 б.

Мұхамеджанов С. Көрдім мен бір ақ марал: әндер жинағы. Ноталы. - Алматы: Өнер, 1982. - 47 б.

Сыдық Мұхамеджанов туралы әдебиеттер:

Ақадырдың астары мен қатпары мол тарихы // Әбілдинов Қ. Ақадыр алтын бекет Арқадағы: жинақ: Ақадыр кенті мен темір жол торабының 70 жылдық мерейтойына арналады. - Алматы: ҚазАқпарат, 2007. - 258 б.

Ахметова М. Ән өнері және уақыт. - Алматы: Өнер, 1993. - 112 б.

Домбыраға арналған концерттік шығармалар: [жинақ] / құраст. А. Үлкенбаева; алға сөз авт. А. Жайымов. - Алматы: Сардар, 2020. - 182 б.

Жақанов И. Екі жирен: новеллалар, этюдтер. - Алматы: Жалын, 1976. - 158 б.

Мұхамеджанов Сыдық (1924-1991) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 415 б.

Мұхамеджанов Сыдық (1924-1991) //Қазақстан композиторлары: [анықтамалық] = Композиторы Казахстана: [справочник] / құраст. Қ. Бағысбек. - Алматы: Sansam, 2011. – 151-154 б.

Наурызбай Ж. Қазақ музыкасының дарабозы // Сарыарқа саңлақтары. - Павлодар: ЭКО ҒӨФ, 2007. – 309-313 б.

Сыдық Мұхамеджанов (1924-1991) // Сарыарқа әндері [Ноталар, қолжазба] : антология / құраст. М. Әбуғазы. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2009. – 289-290 б.

Шаттық отаны: клавир / құраст. А. Молодов, Г. Ахметова. - Алматы: Өнер, 1983. - 108 б.

***

Аллеяда - жаңа «жұлдыз» // QARAĞANDY HABARY. - 2022. - 13 қазан (№ 37). - 8 б.

Асабаев З. Қайран қария // Парасат. - 2005. - №2. - 18-22 б.

Ахметова М. Талант тамыры-халықта // Қазақ әдебиеті. - 1983. - №21. - 13 б.

Әбілда Қ. Киіктідегі қуаныш // Егемен Қазақстан. - 2022. - 6 қаңтар (№ 3). - 6 б.

Әлиман Ж. Сазгердің атаулы кеші // Орталық Қазақстан. - 2014. - 25 қазан (№ 207/208). - 3 б.

Дара талант иесі // Шет шұғыласы. - 2014. - 27 ақпан (№ 8). - 2 б.

Жақанов И. Өзгеге көңілім тоярсың... // Жұлдыз. - 1984. - №12. - 183-187 б.

Жарылғапов Ш. Өмірді күй құдіретімен өрнектеген... // Заң газеті. - 2009.-4 маусым (№ 83). - 8 б.

Жарылғапов Ш. Ұлттық музыканы ұлықтаған // Орталық Қазақстан. - 2004. - 30 желтоқсан. - 12 б.

Кантеева Қ. Композитордың әкесі// Орталық Қазақстан. - 2003. - 29 сәуір. - 8 б.

Кәріпұлы Ө. Еліне елеулі - Сыдық // Орталық Қазақстан. - 2010. - 25 ақпан (№ 30). - 6 б.

Күлмағамбетов Т. Киіктіден ескен керімсал  // Орталық Қазақстан. - 2007. - 12 маусым. - 2 б.

Қамалиев Қ. Дархан дарын неге ескерусіз қалды? // Қазақ әдебиеті. - 1999. - №17. - 10 б.

Құдайберген А. Тербеледі Сыдық жазған ән дала // Үш қоңыр. - 2019. - 26 шілде (№ 30). - 1,3 б.

Мұхамеджанова Л. «Шаттық отаны» қалай өмірге келді? // Егемен Қазақстан. - 2013. - 14 қараша (№ 253). - 5 б.

Мыржықбай К. Өнер өлшемі // Орталық Қазақстан.-2014. - 29 қараша (№ 231/232). - 8 б., Егемен Қазақстан. - 2014. - 3 желтоқсан (№ 237). - 6 б.

Нұрғалымов С. Ұйқтап жатқан жүректі... // Мәдениет және тұрмыс.-1986. - №9.-12-13 б.

Сарғасқаев С. Жас композитор // Лениншіл жас. - 1953. - 1 февраль (№ 14). - 4 б.

Тәукенұлы Ы. Қазақтың саңлақ сазгері // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 26 ақпан-4 наурыз (№ 8). - 5 б.

Тұяқбайқызы С. Ән мен күй өрілген кеш // Шет шұғыласы.-2014. - 16 қазан (№ 41).- 3 б.

Шалқар Ж. Сыдық Мұхамеджановтың жұлдызы // Орталық Қазақстан. - 2022. - 13 қазан (№ 114). - 8 б.

Ырысбайұлы Д. Аюлыда ардақты бір күйші барты мұңлы // Сана. - 2000. - 30 қараша (N45).-5 б.

Ізденіс-өмір мәні / сұхбаттасқан Ж. Шаштайұлы // Социалистік Қазақстан.-1984.- 14