Биыл Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Қали Әлібекұлы Аманбаевтың туғанына 100 жыл

1924 жылы 21 желтоқсанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Жаңа Негіз (казіргі М.Мамыраев) бөлімшесінде туды. Ұлы Отан соғысында 240 авиациялық атқыштар полкінің құрамында болып, Курск доғасы ауданында болған әскери операцияларға қатысқан.

Еңбек жолын милиция бөлімшесінде паспортист қызметінен бастап, Қарағанды облыстық оқу бөлімінің жанындағы 10 айлық мұғалімдер курсын аяқтаған, 1952 жылы Ленинградтағы мұғалімдер институтын үздік бітірген, 1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, 1965 жылы КПСС ОК аспирантурасын жанындағы Жоғары партия мектебін, 1972 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін аяқтаған.

1953 жылдан 1958 жылдар аралығында Қарағанды қалалық партия комитетінде нұсқаушы, ұйымдастыру жүмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, мектеп және жоғары оқу орындары бөлімінің меңгерушісі болды.

1958 жылы Қарағанды телевидения студиясын басқарды, 1965 жылдан 1967 жылдар аралығында Облыстық партия комитетінде қызмет етті.

1967 жылдан 1974 жылдары Облыстық телевидение мен радиохабарландыру жөніндегі комитетті басқарды. 1974 жылдан бастап Облыстық партия комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. 1978 жылы желтоқсанда Облыстық партия комитетіне хатшы болып сайланды, онда 1987 жылдың қаңтарына дейінгі мерзімге, зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті.

1987 жылдан бастап облыстық еңбек және соғыс ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы болды.

«Екінші дәрежелі Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен, «Үшінші дәрежелі Шахтер даңқы», Бүкілодақтық соғыс және еңбек ардагерлер ұйымының Құрмет белгілерімен марапатталды.

ҰОС жылдарындағы Отан алдындағы қызметі, радиохабарлары мен телевидение саласындағы жемісті еңбегі мен қоғамдық өмірге белсене қатысқаны және жастарды патриоттық тәрбиелегені үшін 1984 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Аманбаев Қ. Ардагерлерді ардақ тұтайық // Орталық Қазақстан. - 2000. - 11 наурыз

Аманбаев Қ. Арманға толы 65 асу // Азия транзит. - 1999. - 18-25 тамыз. - 5 б.

Аманбаев Қ. Болашақ зейнеткерлердің жайын кім ойлайды? // Орталық Қазақстан. - 2001. - 26 мамыр

Аманбаев Қ. «Ветеран» - зейнеткерлер қамқоршысы // Орталық Қазақстан. - 2000. - 7 қазан

Аманбаев Қ. Еңбек адамын қорғау - міндет: ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Қар. обл. бойынша департаментінің дир. Қ.Аманбаевтың баяндамасы / Қ.Аманбаев // Орталық Қазақстан. - 2002. - 2 қазан. - 3-4 б.

Аманбаев Қ. Жаңа заман адамдары // Орталық Қазақстан. - 2004. - 15 шілде. - 5 б.

Аманбаев Қ. Жасампаздық істер кезеңі басталды // Орталық Қазақстан. - 2000. - 22 қаңтар

Аманбаев Қ. Жұмыла көтерген жүк жеңіл // Орталық Қазақстан. - 2005. - 26 ақпан. - 2 б.

Аманбаев Қ. Келешектерің жарқын болсын // Орталық Қазақстан. - 2001. - 10 қараша

Аманбаев Қ. Қазақтар әлемі // Орталық Қазақстан. - 2001. - 24 қазан.

Аманбаев Қ. Қаланы көркейткен азамат // Орталық Қазақстан. - 2004. - 10 тамыз. - 9 б.

Аманбаев Қ. Қарағанды шежіресі // Орталық Қазақстан. - 2004. - 14 ақпан. - 5  б.

Аманбаев Қ. Қоғамдық мүдденің қажырлы қызметшісі // Орталық Қазақстан. - 2002. - 26 қаңтар

Аманбаев Қ. Өмірі үлгі ардагер // Орталық Қазақстан. - 2002. - 9 қаңтар.

Аманбаев Қ. Халықпен бірге: Қарағанды телевизиясына - 45 жыл // Орталық Қазақстан. - 2003. - 26 тамыз. - 8 б.

Аманбаев Қ.Ә. Достарым мен әріптестерім // Орталық Қазақстан. - 2004. - 6 қаңтар.-7 б.

Аманбаев, Қ.Ә. Соғыстың соңғы солдаттары // Орталық Қазақстан.-2004.- 1 мамыр.-5 б.

Аманбаев Қ. «Шахтердің» шаруасын қалай түзейміз? // Орталық Қазақстан. - 2003.-13 қыркүйек. - 9 б.

Қали Аманбаев туралы әдебиеттер:

Аманбаев Қали // Қазақ телеэкраны: арналар тарихы мен есімдер / Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі; құраст. Қ. Тұрсын. - Алматы: Дәуір, 2021. - 338 б.

Аманбаев Қали Әлібекұлы // Тойжігітов Ә. Телеарна тынысы. - Қарағанды: Экожан, 2018. -24-25 б. б.

Аманбаев Қали Әлібекұлы (1924-2005) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 118 б.

Лұқпанов Е. Тың сүрлеумен // Лұқпанов Е. Арқа ардақтылары: очерктер мен новеллалар. - Қарағанды: Арко, 1998. - 21-29 б.

Теледидар- менің тағдырым! = Телевидение- моя судьба!. - Қарағанды: Қарағанды Полиграфиясы, 2008. - 254 б.

***

Ағыбайұлы Н. Еске алар есіміңді, келер ұрпақ // Қарқаралы. - 2005. - 28 мамыр. - 5 б.

Аймурзина К. Тұңғыш төраға // Орталық Қазақстан. - 2012. - 26 сәуір (№ 69/70). - 5 б.

Ардагерлер кеңесінің пленумы // Орталық Қазақстан. - 2000. - 18 наурыз

Зинчук Д. Әйгілі Кожедубтың механигі // Орталық Қазақстан. - 2002. - 1 мамыр

Иманғалиұлы Қ. Марқасқасы қаламыздың Қалекең // Азия Транзит.-2004. -№2.- 30-31 б.

Имашев М. Қатар едік қашанда... //Орталық Қазақстан.-2009.-22 желтоқсан.-3 б.

Кәрім Н. Арқаның айшықты айнасы // Орталық Қазақстан. -2018.-20 қазан (№ 117).- 2 б.

Қали Әлібекұлы Аманбаев // Орталық Қазақстан. - 2005. - 29 наурыз. - 7 б.

Лұқпан Е. Дос туралы сыр // Орталық Қазақстан. - 2003. - 14 тамыз. - 8 б.

Лұқпан Е. Қарағандыдан сөйлеп тұрмыз // Орталық Қазақстан. - 2001. - 21 қараша

Лұқпан Е. Сапты тастамаған солдат // Орталық Қазақстан. - 2006. - 27,29 сәуір. - 12 б.

Сексенұлы С. Ардагер өткен үш белес // Орталық Қазақстан.- 1999. - 22 желтоқсан- 4 б.

Сексенұлы С. Ардагерге лайықты құрмет //Орталық Қазақстан.-2004.-23 желт.-1 б.

Сексенұлы С. Отан деп соққан жүрегі // Орталық Қазақстан. - 2005. - 19 ақпан. - 14 б.

Сексенұлы С. Шыңдағы шынар // Орталық Қазақстан. - 2004. - 16 желтоқсан. - 5 б.