2020 жылы 23 наурыз күні металлург, Қаз.ССР ҒА-ның академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, СССР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Евней Арыстанұлы Бөкетов туғанына 95 жыл толды.
Евней Бөкетов 1925 жылдың 23 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының Бағанаты ауылында дүниеге келеген.
Әкесі Арыстан малшы-шаруа болған, етікшілікпен айналысқан, кейіннен совхоз бен колхозда жұмысшы болып істеген, ал шешесі Балтай үй шаруасы және балаларды тәрбиелеумен айналысқан.
1941 жылы тоғызыншы класты бітіргеннен соң әкесінің ауру болуына байланысты Евнейдің мектептегі оқуды тоқтатуына тура келді, сөйтіп ол жұмыс істей бастады. Ол Октябрь ауданындағы Соколовка, Ольгинка және Жалтыр ауылдарындағы, Двойники және Гордецк селоларындағы бастауыш және орталау мектептерде мұғалім болып қызмет атқарды. Ольгинка селосында мектептің оқу ісінің меңгерушісі де болды.
Евней мұғалім болып 1945 жылдың көктеміне дейін істеді. Бірақ осы жылдардың барлығында да оның ойынан оқуды бітіріп, аттестат алу ниеті ешқашанда шыққан жоқ еді. Бұл арманына осы 1945 жылы қолы жетты, өз бетінше дайындалып, Марьевка орта мектебінде емтихан тапсырып, кәмлеттік аттестат алды.
1945 жылы Е.А.Бөкетов Алматы қаласына келіп, осындағы Қазақ кен-металлургия институтының металлургия факультетіне оқуға түсті, сөйтіп оны 1950 жылы бітіріп шықты. Ол 1947 жылы БК(б)П мүшелігіне кандидат, ал 1949 жылы мүшесі болып қабылданды.
1951-1953 жылдары Е.А.Бөкетов өзі бітірген институттың (ҚазКМИ) аспирантурасында оқыды да, 1954 жылдың шілде айында Қазақ КСР Ғылым Академиясының Металлургия және кен байыту институтының біріккен ғылыми кеңесінде молибденді бөліп алу оның химиялық анализі мәселелері бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғап шықты.
Осыдан кейін Е.А.Бөкетовтың жоғарғы мектеп оқытушысы ретіндегі еңбек жолы басталды.
1960 жылы академик Қ.И.Сәтбаевтың ұсынысы бойынша Е.А.Бөкетов Қаз. КСРҒА Қарағанды қаласындағы Химия-металлургия ғылыми зерттеу институтының директорлығына тағайындалады және осы қызметте 1972 жылдың наурызына дейін істеген.
1969 жылы мыс рудаларын жинақы өңдеу технологиясын зерттеп, Балқаш кен-металлургия комбинатына ендіргені үшін Е.А.Бөкетовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Евней Арыстанұлы 1972 жылдың наурыз айында Қарағанды қаласында ашылған республикадағы екінші университеттің тұңғыш ректоры болып тағайындалды. Осы қызметте ол 1980 жылдың қаңтар айының ортасына дейін, яғни денсаулығының нашарлауына байланысты (ал шартты түрде «Өз тілегі бойынша») деген әділетсіз шешім арқылы босатқанға дейін істеді.
Университеттегі ректорлық қызметтен босағаннан соң, Е.А.Бөкетов 1980-1983 жылдары (яғни өмірінің ақырына дейін) Қазақ КСР Ғылым Академиясының Химия-металлургия институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория жетекшісі болып қызмет істеді.
Е.А.Бөкетов тек қана химия және металлургия саласының үлкен ғалымы емес, сонымен қатар көрнекті әдебиетші, шебер аудармашы, публицист, сыншы болған. Ол артынан көптеген ғылыми және әдеби еңбектерін қалдырып кеткен.
С.Мұқановтың “Жұмбақ жалау” романын қазақ тіліне аударған. Ол орыс тілінен қазақ тіліне И.Василенконың “Артемка” повесін, Э.Золяның әңгімелері мен мақалаларын, болгар жазушысы И.Вазовтың “Бұғауда” (“Под игом”) пьесасын, С.Есениннің “Анна Снегина” поэмасын, В.Маяковскийдің “Керемет” (“Хорошо”) поэмасын, В.Шекспирдің “Макбет” және “Юлий Цезарь”, трагедияларын А.С.Пушкиннің Баркалай де Толлиге арналған “Қолбасшы” (“Полководец”) атты өлеңін аударған.
Оның 1975 жылы “Жазушы” баспасынан “Атан қомында туған адам” кітабы және 1977 жылы сол баспадан орыс тілінде “Творчество қырлары” атты деректі-көркем очерктері басылып шыққан. Е.А.Бөкетовтың орыс халқының Д.М.Менделеевқа арналған повесі “Досқа алты хат” деген кітабы “Жалын” баспасынан 1989 жылы орыс тілінде, ал 1995 жыды қазақ тілінде жарық көрді.
Е.А.Бөкетов халық жадында сақтаулы. Оның жарқын бейнесі мемориалдық тақта және бейне кескіні арқылы өзі 12 жыл басқарған ҚРҒА-ның Химия-металлургия институтының фасадынан орын алды.
Қарағанды университетінде академик Е.А.Бөкетов атындағы стипендия тағайындалды. 1991 жылы тамыз айында Қарағанды мемлекеттік университетіне оның алғашқы ректоры Е.А.Бөкетов есімі берілді, сонымен бірге Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысындағы «Гүлдер» атты шағын ауданындағы бір көшеге Е.А.Бөкетов аты берілді.
1992 жылы маусым айында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 20 жылдығы қарсаңында университетте Е.А.Бөкетовтің мұражайы ашылды, ал жаңа 1993 жылдың қарсаңында ҚарМУ-да және ҚРҒА-ның Орталық Қазақстан Бөлімшесінде республиканың творчество саласындағы жастарды биік парасаттылық, азаматтық негіздер рухында тәрбиелеу және оларға жәрдем және қолдау көрсету мақсатында Е.А.Бөкетов қоры құрылды.
Е.Бөкетовтің туғанына 80 жыл толуына байланысты республиканың Ескерткіштер және монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссиясы шешімімен Қарағанды мемлекеттік университеті алдындағы алаңға ғалымға ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторлары біздің жерлестеріміз - мүсінші А.Билык және сәулетші С.Мордвинцев. Ескерткіште академик дәріс кафедрасына оң қолын тіреп, ойлы көзбен бүгінгі жас ұрпаққа мерейлене қарап тұр. Тұлғаның биіктігі 4,32 метр. Тұғыры қызыл граниттен жасалған. Ескерткіштің жалпы жалпы биіктігі жеті метрге жуық. 2006 жылы 14 желтоқсанда ескерткіштің ашылу салтанаты болды.
Әдебиеттер:
Бөкетов Е. А. Шығармалар жинағы: алты томдық. / Е. А. Бөкетов; ред. Е. Қ. Көбеев. - Қарағанды: ҚарМУ, 2005. - 444 б.
Букетов Е. А. Көкейкесті = Сокровенное. Кн. 2 / Е. Букетов. - [Б. м. : б. и.], 2002. - 410 б.
Букетов Е. Алты хат: Повесть.- Алматы: Жалын, 1996.- 272 бет.
Букетов Е. Атан қомында туған адам: Ғылым, өнер туралы ойлар.- Алматы: Жазушы, 1975.- 140 бет.
Букетов Е. Жас Қаныш: Деректi хикаят.- Алматы: Қазақстан, 1999.- 192бет.
Букетов Е. Көкейкестi.- Алматы: Қазақстан, 2000.- 432бет
Евнейдің бұлағы = Родник Евнея: өлеңдер жинағы - Алматы : Санат, [б.г.]. - 212 б.
Золя Э. Әңгімелері мен мақалалары. / орысшадан ауд. Е.А.Букетов. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1956.–232 б.
Бөкетов Е. Аудармалар / Е. Бөкетов ; құраст. және ред. Н. Оразбек ; ақылдастар алқасы Б. Әбдішев ; жауапты хатшы С. Ақсұңқарұлы ; Қарағанды облысының әкімдігі. - Алматы: Қазақстан, 2013 - (Сарыарқа кітапханасы)
***
Бөкетов Е. А. Адам болам десеңіз // Орталық Қазақстан. - 2005. - 19 наурыз. - 7 б.
Бөкетов Е. А. Канада көріністері // Орталық Қазақстан. - 2013. - 12 желт.. - 4 б., 14 желт. - 6 б.
Бөкетов Е. Үш сұлу: өлеңдер // Орталық Қазақстан.- 2001.-28 сәуiр
Букетов Е. Ағадан – ақыл, ініден - ілтипат // Білім және еңбек.–1971.- №6.- 14-15б, 20-21б.
Букетов Е. Аққан жұлдыздан құс жолына дейін // Орталық Қазақстан.–1969.- 21 наурыз
Букетов Е. Алтын босағаны аттағандарға // Жалын.– 1976.- №4.- 134-140 б.
Букетов Е. Алып адым //Жұлдыз.–1977. - №11.- 138-140 б.
Букетов Е. Жаңа тұрмыстың жас әдебиеті // Әдебиет және искусство. - 1953. - № 11. - 49 б.
Букетов Е. Жас замандас келбеті. // Мәдениет және тұрмыс. – 1974.-№1.- 1-4 б.
Букетов Е. Көркем аударма, қал қалай?! // Лениншіл жас.– 1975.–4 шілде
Букетов Е. Қарағанды. Химия және оның болашағы. // Соц. Қазақстан.–1969.–21 наурыз
Букетов Е. Қараша үйден Қарағанды университетіне дейін. // Білім және еңбек. – 1972. -№12.- 20-23 б.
Букетов Е. Макбет. // Орталық Қазақстан.–1978.–17 мамыр
Букетов Е. Өндіріс пен ғылым егіз. // Қазақстан коммунисі. – 1972.- №4.–49-54 б.
Букетов Е. Сыйлас, сырлас, көмектес // Социалистік Қазақстан.-1969.–11 қазан
Букетов Е. Сырласамыз көсеммен // Орталық Қазақстан.- 1970.- 19 көкек.
Букетов Е. Табиғат ананы аялай білейік. // Орталық Қазақстан. - 1988. – 19 қараша
Букетов Е. Табиғат тіршілік көзі. // Социалистік Қазақстан.- 1978.- 31 қазан
Букетов Е. Шәкәрім туралы Абзал Қарасартовпен әңгіме // Жұлдыз. - 2000. - N11.-69-87 б.
***
Есенин С. Келіншекке хат / Ауд. Е. Букетов/ // Қазақ әдебиеті.–1974.–23 тамыз
Шекспир У. Макбет // Азия Транзит.- Қарағанды, 2005.- N3 (наурыз).-9 б.
Е.Бөкетов туралы әдебиеттер:
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті = Карагандинский университет имени академика Е.А.Букетов = Academician E.A.Buketov Karaganda State University / ред. Р.М. Жумашев. - Караганда: ТАис, 2006. - 84 б.
Асанов К. Д. Е.А. Букетовтің публицистикасы: автореферат - Алматы, 2002. - 30 б.
Әдеби Қарағанды: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова.- Қарағанды: б.ж., 2000.- 89 б.
әл-Карени Р. С. Қазақ елінің жиырма ұлы ойшылдары мен ғалымдары: монография / Р. С. әл-Карени ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. - Қарағанды: Арка және К, 2016. - 500 б.
Бөкетов Евней Арыстанұлы (1925-1983) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 194-195 б.
Бөкетов Қ. Тоғысқан тағдырлар: - Қарағанды: Арко, 2008. - 151 б.
Букетов Қ., Марал Х. Біртуар: Академик Е.А.Букетов жайлы естеліктер жинағы.- Қарағанды, 1998.- 225 б.
Біртуар: академик Евней Бөкетов туралы естеліктер / құраст.: Қ. А. Бөкетов, М. Хасен. - 2-ші бас. - Алматы: Білім, 2012. - 287 б. :
Ғылым - өндірістің өркені: [ғалымдар, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары туралы кітап] / кітапты құраст. және жауапты ред. С. Жанысбай. - Қарағанды: Арко, 2016. - 419 б.
Евней Арыстанұлы Бөкетов = Евней Арстанович Букетов: Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясына қатысты материалдар / ред. М.Ж. Жұрынов. - Қарағанды: АРКО, 2005. - 183 б. - (Библиография ученых Казахстана).
Евней Арыстанұлы Букетов. Биобиблиографиялық көрсеткіш = Евней Арстанович Букетов. Биобиблиографический указатель: 23.03.1925-13.12.1983 / құраст.: М. И. Жамбеков, К. Т. Рүстембеков, З. М. Ким. - Қарағанды: Типография КарГУ, 1992. - 154 б.
Евней Бөкетов туралы лебіздер мен пікірлер: мақалалар, очерктер, естеліктер / құраст. Қ. Бөкетов.- Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004.- 237 б.
Қуандыкова Д.Қ. Е. Букетовтің әдеби мұрасы: автореферат - Астана: [б.ж.], 2007. - 32 б.
Қыры-ғылым, өрі-өлең: Евней Бөкетов туралы естеліктер / Құраст.:Қ.А.Бөкетов, М.Касен, Қ.Әбдіқалақов; ҚРның Білім және ғылым министрілгі Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ.- Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2001.- б.: сурет.
Салықов К. Евней Букетовке реквием; ред. Б. Асанбаев. - Алматы: Ғылым, 1994. - 16 б.
Сәрсеке М. Ебіней Бөкетов - Астана: Фолиант, 2005. - 528 б.
Сәрсеке М. Ебіней Бөкетов; ред. Н. Оразбек. - Алматы: Қазақстан, 2005. - 504 б.
Сәулебек А. Қамшысөз. - Алматы: Қаламгер, 2016. - 338 б.
***
Ағыбаев С. Биік еді Ебе-аға, шайқалмаған // Орталық Қазақстан. - 2016. - 6 тамыз. - 4 б.
Ақсұңқарұлы С. Евней Бөкетов // Орталық Қазақстан.- 2005.- 24 наурыз.-7 б.
Алпысұлы С. Академик Е.А.Бөкетовке ескерткіш орнатылды // Орталық Қазақстан.- 2006.-14 желтоқсан.-4 б.
Амантаев Ө. Жарты ғасырда - жаһан жаңа // Қазақстан мұрағаттары. - 2013. - № 2. - 9-12 б.
Асан М. Ебенғабиден // Орталық Қазақстан. - 2015. - 6 қаңтар (№ 1). - 3 б.
Асанұлы Қ. Евней Букетов публицистикасы // Жұлдыз.- Алматы, 2003.- N6.-157-162 б.
Ахметов Қ. Көп күткен қуаныш еді // Балқантау.- Қарағaнды, 2006.- 14 желтоқсан.-2 б.
Баешов Ә. Алыс жұлдыздың жарығы // Түркістан. - 2015. - 1 мамыр (№ 17). - 9 б.
Баешов Ә. Даналықтың сатысы адалдықтан басталады // Түркістан. - 2018. - 20 қырк.(№ 38).- 9 б.
Бейсенбекова Н. А. Өнегелі өмір // Орталық Қазақстан. - 2015. - 10 қаңтар (№ 2). - 4 б.
Бектұров Ж. Корреспондент-мүше: Очерк. //Жұлдыз.- 1970.- №8.- 94-97б.
Бектұров Ж. Тамырлас тағдырлар // Орталық Қазақстан.- 1985.- 23 наурыз
Бөкетов Қ. Ризашылық // Орталық Қазақстан.-2006.- 14 желтоқсан.-4 б.
Бөкетов Қ. Тау жотасының алыптары // Орталық. Қазақстан.- 2000.-29 наурыз
Бөкетов Қ. Ұлы адамның ғибратты ғұмыры // Орталық Қазақстан.- 2007.- 14 шіл.-2 б.
Букетов Қ. Евней Букетовтың белгісіз қырлары // Ақиқат.- 1992.- №6.- 65-70 б.
Букетов Қ. Талантты тану қандай қиын еді. // Қазақ әдебиеті.- №3.- 17 қаңт.- 12-13 б.
Ғазалиев А. Ғалымның биік белесі / А. Ғазалиев // Орт.Қазақстан. - 2019. - 19 желт. - 5 б.
Ерсарин Қ. Тәлімі де, тағылымы да мол еді // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 15-21 мамыр. - 5 б.
Әбдіразақова А. Ғалымның педагогикалық идеялары // Орт.Қазақстан.- 2005.- 13 қаңтар.-14 б.
Әбішев Ж, Малышев В. Тұлғалы ғалым, көрнекті қаламгер // Орталық Қазақстан.- 1985.- 22 наурыз.
Әлімбаев М. Кісілік пен кішілік. // Парасат.- 1991.- №1.
Әлімбаев М. Химик - лирик // Азия Транзит.- Қарағанды, 2005.- N3 (наурыз).-2 б.
Жақсыбаев А. Жарқын тағдыр тауқыметі // Егемен Қазақстан. - 2008. - 7 маус. - 5 б.
Жанғожин А. Iргелi ғылым орталығы /Е.Лұқпан// Орталық Қазақстан.- 2004.- 13 қаңтар.-3 б.
Жанысбай С. Евней қатысқан "Экспо" // Орталық Қазақстан. - 2017. - 19 қыркүйек. - 2 б.
Жанысбай С. Химиктердің үлесі орасан // Орталық Қазақстан. - 2015. - 21 шілде. - 3 б.
Жойқынбектегі Қ. Айнымас серік // Орталық Қазақстан. - 2014. - 5 шілде. - 6 б.
Жұмабеков К. Ақыл - ойдың ағасы// Орталық Қазақстан.- 2003.- 13 желтоқсан.-8 б.
Жұрынов М. Орны толмас ғұлама ғалым // Орталық Қазақстан. - 2015. - 5 ақпан. - 3 б.
Иманғалиев А. Жаны жақсылыққа құштар еді // Егемен Қазақстан.- 2017. - 9 маусым. - 9 б.
Кемелбаева А. Елі сүйген Ебіней // Қазақ әдебиеті.- 2005.- 8-14 сәуір(N14).- 5 б.
Кәренов Р. Сұйық көмір: Аңыз ба, әлде ақиқат па? // Орталық Қазақстан.- 1993.- 21 қазан
Көбеев Е. Қ. Заманымыздың заңғарұлы // Орталық Қазақстан. - 2014. - 2 қазан. - 4 б.
Көкетаев Т. Бөкетовтің биігі // Орталық Қазақстан. - 2018. - 27 наурыз (№ 33). - 4 б.
Күнделігі - кейпінің көрінісі // Орталық Қазақстан. - 2017. - 28 қыркүйек (№ 107).
Қабдеш және Ебней... // Қасым. - 2012. - № 4. - 37-39 б.
Қанафин Е. Ілімі іргелі ғалым // Орталық Қазақстан. - 2015. - 24 қаңтар (№ 8/9). - 1 б.
Мұқанов Қ. Дарқан еді даласындай // Сарыарқа. - Алматы. - 1997. - № 6. - 88-92 б.
Мұқашев Қ. "Қазақтың Ломоносовы" // Қарағанды жастары. - 1990. - 6 сәуір. - 5 б.
Оразалықызы Г. "Хаттар, хаттар, сенде тұнған сырлар бар..." // Орт.Қазақстан. - 2016. - 20 ақпан (№ 33/34). - 5 б.
Решеткина К. Үлкен жүректі ғалым // Орталық Қазақстан.- 1987.- 26 май
Рүстембеков К. Ұстаз // Орталық Қазақстан. - 2020. - 17 наурыз (№ 30). - 5 б.
Салықов К. Евней Бөкетов - дарынды аудармашы // Орталық Қазақстан.- 2005.- 19 наурыз.-8 б.
Сейдімбеков А. Жүрек жылуы // Орталық Қазақстан.- 2005.- 19 наурыз.-8 б.
Сәрсеке М. Ебіней Бөкетов // Егемен Қазақстан. - 2014. - 10 қыркүйек (№ 176). - 5 б.
Сәрсеке М. Қаныштың iзбасар iнiсi // Егемен Қазақстан.- 2003.- 26 қыркүйек.-3 б.
Тобаяқов Б. Аңызға айналған абзал аға // Орталық Қазақстан. - 2015. - 17 наурыз. - 3 б.
Уәлиев Д. Мейірім шуағын шашқан ұстаз // Орталық Қазақстан.-2005.- 8 қазан.- 14 б.
Халиолин М. Ғылым адалдықты, ерлікті тілейді / М.Халиолин, А.Сейдімбеков // Орталық Қазақстан.- 1975.- 21 наурыз
Шаймерденова Д. Шоқтығы биік тұлға // Орталық Қазақстан. - 2015. - 14 наурыз. - 4 б.