23 наурыз күні ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы профессор Талғат Әбдірахманұлы Әбдіразақовтың туғанына 100 жыл толды

 Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында 23 наурызда 1920 жылы дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол, Ақмола облысы, Ерейментау ауданының Благодатное ауылында балалар үйінде тәрбиеленеді. Еңбек жолын 1939 жылы мұғалімдіктен бастады. 1940 жылы әскерге шақырылып, майданға аттанды.

Қарағанды мұғалімдер институтын (1947), БК(б)П ОК-нің Жоғары партия мектебін (1952), КОКП ОК-нің жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1961) бітірген. 1947-1950 жылдары Қазақстан КП Қарағанды обкомының насихат және үгіт бөлімінің лекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1952-54 Қазақстан Компартиясы Қарағанды, Гурьев қалалық комитеттерінің хатшысы. 1954-57 жылдары Қазақстан ЛКЖО ОК-нің хатшысы, 1961-1978 жылдары Қарағанды педагогикалық институты, ҚарМУ саяси экономия кафедрасының меңгерушісі. 1978-86 жылдары Кооператив институтының ректоры. 1987 жылдан өзінің өмірінің соңғы күндеріне дейін Т.Әбдіразақов алдымен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де, содан кейін Қазтұтынодағы Қарағанды экономикалық университетінде экономика теориясы кафедрасының профессоры лауазымында жұмыс істеді.

200-ден астам ғылыми еңбектің авторы (оның ішінде 8 монография) 4-ші сайланған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты, «Құрмет Белгісі», 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордендері, «Құрмет» ордені, «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған.

Ұлы Отан соғыс жылдары Отан алдындағы зор еңбегі, экономиканың, мәдениеттің дамуына үлес қосқаны үшін, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, жастарға интернационалдық тәрбие бергені үшін  1996 жылы 26 сәуірде «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Қазақстан республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы.

Талғатбек Әбдірахманұлы 2015 жылы 5 ақпанда 95 жасында дүниеден өтті.

 Әдебиеттер:

Әбдіразақов Т. Орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға өтудің негізгі мәселелері. - Қарағанды: КарМУ, 1994. - 106 б.

 ***

Әбдіразақов Т. Ә. Азамат ажары немесе танымал тұлға Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев жайында бір үзік сыр / Е.С.Смаилов, А.Х.Хамзин, А.Д.Кагарлицкий, М.П.Тонконогов // Орталық Қазақстан. - 2004. - 24 қаңтар. - 6  б.

Әбдіразақов Т. Ә. Қазақ халқының ұлы перзенті // Азия транзит. - 1999. - 11-17 наурыз. - 4,13  б.

Әбдіразақов Т. Ауыл шаруашылығындағы дағдрысты жеңу жолдары // Қаржы-қаражат.- 2000.- N12.-18-22 б.

Әбдіразақов Т. Заңғар / Р.Сатова, Ә.Отаров // Орталық Қазақстан. - 2004. - 9 қазан. - 8,9  б.

Әбдіразақов Т. Қиянат пікірге халық сенбейді // Орталық Қазақстан.- 2000.-6 мамыр

Әбдіразақов Т. Орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға өтудің негізгі мәселелері.- Қарағанды: КарМУ, 1994.- 106 б.

Әбдіразақов Т. Соғыс та экономикаға тәуелді // Орталық  Қазақстан.-2000.-17 мамыр

Әбдіразақов Т. Ұлы тұлға // Орталық Қазақстан. - 2009. - 11 сәуір (№ 52/53).

Әбдіразақов Т. Ұлы тұлға // Орталық Қазақстан. - 2009. - 11 сәуір (№ 52/53). - 3 б.

Т. Әбдіразақов туралы әдебиеттер:

Бекішбекұлы З. Талғат Әбдіразақов ағамызға арнаймын // Өмірім саған, туған жер. - Қарағанды: [б. и.], 1998. – 74-76 б.

Әбіразақов Талғатбек Әбдірахманұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. - 115 б.

Әбіразақов Талғатбек Әбдірахманұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 141 б.

Ғылым -  өндірістің өркені: [ғалымдар, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары туралы кітап] / кітапты құраст. және жауапты ред. С. Жанысбай. - Қарағанды: Арко, 2016. - 419 б.

Шәріпқызы М. Қыран ғұмыр: экономист-ғалым, профессор Талғатбек Әбдіразақовтың өнегелі өмірі туралы естеліктер, мақалалар. - Қарағанды: Арко, 2016. - 343 б.

 ***

Қазақстан Республикасы. Президент (1991 - ; Н.Ә.Назарбаев). Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Қарағанды облысы бойынша: ҚР Президентінің Жарлығы // Орталық Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-1 б.

Аймағамбетов Е. Наркескен // Орталық Қазақстан. - 2010. - 27 наурыз (№ 45/46). - 4 б.

Ақсұңқарұлы С. Бір үйде - екі тұлға // Орталық Қазақстан. - 2014. - 19 тамыз. - 3 б.

Ақсұңқарұлы С. Қыдыр қонған шаңырақ // Орталық Қазақстан.- 2002.- 13 сәуір

Ардагері қабылдады // Орталық Қазақстан. - 2010. - 27 наурыз (№ 45/46). - 1 б.

Ардагерлерге - Елбасы құрметі // Орталық Қазақстан. - 2014. - 31 желтоқсан. - 1 б.

Батырхан С. Жыр - ғұмыр // Орталық Қазақстан. - 2018. - 2 тамыз (№ 84). - 4 б.

Әлімбаев А. Майданда да, ғылымда да ізі бар... // Орталық Қазақстан. - 2015. - 15 тамыз. - 3 б.

Әлімбаев Ә. Ғасырлар құпияларын қиюластырған ғалым // Орталық Қазақстан.- 2001.- 28 сәуір

Жанғожин А. Жұрегінің түбіне терең бойлайық // Орт. Қазақстан. - 2016. - 16 қаңтар. - 4 б.

Иманов Ж. Ұлағатты ұстаз, үлгілі жар // Орталық Қазақстан. - 2015. - 14 наурыз. - 5 б.

Кәренов Р. Тұғыры биік, тұлғасы зор ғалым // Азия Транзит.- Қарағанды, 2000.- N1.-8 б.

Мұсабек Е. Құс қанатындай қос жинақ // Орталық Қазақстан. - 2017. - 7 қаңтар. - 6 б.

Мұсабеков Е. Құс қанатындай қос жинақ // Орталық Қазақстан. - 2017. - 7 қаңтар. - 6 б.

Омарбекова Р.   Мен үшін асыл аға еді // Орталық Қазақстан. - 2015. - 7 ақпан. - 4 б.

Талғатбек Әбдірахманұлы Әбдіразақов // Орталық Қазақстан. - 2015. - 5 ақпан.- 5 б.

Улақов С. Қарағайға қарсы біткен бұтақ еді // Орталық Қазақстан.- 2015. - 14 наурыз. - 5 б.

Шәріпқызы М. Қарағанды - қазынам // Орталық Қазақстан. - 2014. - 26 тамыз . - 10 б.

Шәріпқызы М. Ұстаздық - ұлы жауапкершілік: ардагер ұстаз, ақын М.Шәріпқызымен сұхбат / сұхбаттасқан Е.Мұсабеков // Орталық Қазақстан. - 2019. - 5 қазан (№ 110). - 6 б.