2020 жылдың 4 ақпан күні медицина ғылымдарының докторы, ғалым-гигиенист, профессор Ғабдолла Әбдіқожаұлы Құлқыбаевтың туғанына 80 жыл толды.
Қарағанды қаласының және Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы Ғабдолла Әбдіқожаұлы Құлқыбаев 1940 жылы 4 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы кеңшарда дүниеге келген.
1957 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне түсті. 1969 жылы осы институттың аспирантурасын ойдағыдай аяқтап, кандидаттық диссертация қорғады.
1966 жылдан 1978 жылдар арасында ҚММИ ассистент, доцент қызметтерін атқарды.
1969 жылы Ғ.Ә.Құлқыбаев «Бауырдың функционалдық жағдайының жас ерекшеліктері» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.
1979-1981 ж.ж. ҚР ДМ жаңадан құрылған кардиология Институтында директор болып істеді. Кардиология Институтының бірінші директоры және негізін қалаушы ретінде ұзақ мерзімді ғылыми бағдарлама әзірледі, ол бүгінгі таңға дейін өз мәнісін жоғалтқан жоқ.
1982 жылдан 1989 жылдар аралығында КСРО МҒА тамақтанудың аймақтық проблемалары институты мен өлкелік паталогиялар институтында лаборатория және бөлімше меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1990 жылы ол «Фосфор өндірісіндегі зиянды заттармен уланудың патогенезіне, алдын-алуына және емдеуіндегі тамақтану факторының ролі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
1990 жылы Ғ.Ә.Құлқыбаев ҚР ҰҒА еңбек гигиенасы мен физиологиясы институтында директор болып сайланды. Осы кезден бастап Ғ.Ә.Құлқыбаевтың – ғалым, жетекші және медицина ғылымын ұйымдастырушы ретінде көпқырлы дарындылығы ерекше айқын байқалды. Мұнда жүргізілетін ғылыми зерттеулердің ауқымы кеңейді. Ғ.Ә.Құлқыбаевтың тікелей араласуымен институтта экологияның медициналық-гигиеналық проблемалары бөлімі ашылды, әрі табысты жұмыс істеуде.
Ол бірнеше рет халықаралық және республикалық ғылыми конгрестерде, съездерде, конференциялар мен симпозиумдарда (Москва, Вена, Загреб, Будапешт, Хьюстон, Вашингтон және т.б.) баяндамалар жасаған.
Ғ.Ә.Құлқыбаев 300-ге жуық ғылыми еңбектің авторы, оның 30-ы шетелдерде жарық көрген, 10 монография шығарылып, өзінің редакциясында 14 ғылыми еңбектер жинағын жарыққа шығарды. Сонымен қатар, «Профпатология жетекші құралы» және «Еңбек гигиенасы жетекші құралы» дайындалды. Ресей мен Қазақстан бойынша 8 авторлық куәлік пен патенттер иегері. Шетелдердегі бірнеше ғылыми журналдың редакциялық алқа мүшесі. Ғылыми ізденістермен қатар жоғары оқу орындарында жастардың тәлім-тәрбиесімен шұғылданып, дәріс берді. Сол себепті 1992 жылы «Гигиена» мамандығы бойыншы профессор ғылыми атағын иеленді.
Профессор Ғ.Ә.Құлқыбаев 18 ғылым докторы мен 34 медицина ғылымдарының кандидатын дайындады. Оның оқушылары республикада кафедраларды, ғылыми лабораторияларды басқаруда.
Қазақстан ғылымын дамытудағы Ғ.Ә.Құлқыбаев еңбегі өзіндік бағасын алды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корресппонденті (1995), профилактикалық медицина академиясының академигі (1996), Қазақстан Ғылым Академиясы Президиумының мүшесі (1999), Ол ҚР дарынды ғалымдарына арналған мемлекетік стипендияның иегері (1997), ҚР ҰҒА Президиумының, ҚР Ғ және ЖБМ жоғарғы ғылыми-техникалық Кеңесінің мүшесі.
Ғ.Ә.Құлқыбаев үлкен ғылыми-коғамдық жұмыстар атқарды. Ол 14.00.07. «Гигиена» мамандығы бойынша докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі Диссертациялық Кеңестің Төрағасы, физиологтардың Республикалық қоғамның вице-президенті, «седицина труда и прмышленная экология» және «Известия МН и АМ РК» журналдарының редакциялық кеңесінің мүшесі, «Медицина и экология», «Здоровья и болезнь» журналдарының редакциялық коллегиясының мүшесі, «Қазақстан Денсаулығы», «Гигиена, эпидемиология және иммунология», Астана (Медицина) журналдарының редакциялық кеңесінің мүшесі.
Ғ.Ә.Құлқыбаевтың қайраткерлігін өкімет әділ бағалаған. Ғылыми, методикалық жұмыстарда, денсаулық сақтау мекемелерімен белсенді жұмыстар мен сауықтыру шараларын енгізуде мамандар дайындауда табысты еңбегі үшін Ғ.Ә.Құлқыбаев «Әл-Фараби», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Денсаулық сақтау ісі үздігі», «Қазақстандағы ғылымның дамуындағы қызметі үшін» кеуде белгілерімен және басқа да наградалармен марапатталды.
2006 жылы наурызда 66 жасқа қараған шағында тосыннан қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Құлқыбаев Ғ. Ақселеу асулары // Алаштың Ақселеуі: Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы / Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті; құраст. П. Өтепова. - Астана: Фолиант, 2012. - 80-84 б.
Құлқыбаев Ғ.Ә. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі (физиологиялық зерттеудің нәтижесі)/ Ғ. Ә. Құлқыбаев, Р. Бұласай. - Қарағанды: Санат, 2003. - 145 б.
Құлқыбаев Ғ. Артритттер мен артроздар. - Алматы: Қазақстан, 1986. - 64 б.
Абдрахманов О.А. Альгология: [оқулық] / О.А.; ред. басқ. Ғ.Ә. Құлқыбаев.- Қарағанды: Санат, [1997].- 398 б.
Габдулла Абдыкожаевич Кулкыбаев.- Караганда: Санат, 2001.- 89 с.
***
Құлқыбаев, Ғ. Ақселеу асулары // Орталық Қазақстан.- 2002.- 23 қараша.-8 б.
Құлқыбаев Ғ. Институтқа мәңгi қарыздармын // Орталық Қазақстан.- 2000.- 4 қазан
Құлқыбаев Ғ. Ол - хан батыры Қабанбай суретi емес // Орталық Қазақстан.- 2001.- 10 қаңтар
Құлқыбаев Ғ.Ә. Рухани аға әрi сырласым болатын // Орталық Қазақстан.- 2002.- 11 желтоєсан.-9 б.
Құлқыбаев Ғ.Ә. Ұлттық орталық ұлт денсаулығын көксейдi: ҚР денсаулық сақтау министрлiгiнiң Еңбек гигиенасы және кәсiби аурулар ұлттық орталығының дир. Ғ.Ә.Құлқыбаевпен әңгiме / Әңгiмелескен Д.Мақаш // Орталық Қазақстан.- 2002.- 30 қараша.-6 б.
Құлқыбаев Ғ. Ұлы ұлттық ұлына ұсақ болу ұят-ты.. // Орталық Қазақстан.- 2000.- 2 ақпан
Ғ. Құлқыбаев туралы әдебиеттер:
Құлқыбаев Ғабдолла Әбдіқожаұлы // Жаңаарқа. - Алматы: Темірқазық, 2009. – 313 б.
Құлқыбаев Ғабдолла Әбдіқожаұлы // Жұмаділдин А. Жаңаарқа: дерекнама. - Алматы: Кенже-Пресс-Медиа, 2003. – 473-474 б.
Құлқыбаев Ғабдолла Әбдіқожаұлы Жұмаділдин А. Жаңаарқа: дерекнама; ред. Б. Әбдіғазиұлы. - Алматы: Kenje Pzess Media, 2009. - 272 б.
Құлқыбаев Ғабдұлла Әбдіқожаұлы (1941-2006) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 383 б.
Сейдімбек А. Шығармалары: алты томдық. - Астана: Фолиант, 2010 873 б.
***
Айтұлы Н. Халқыңа керек едің // ОрталықҚазақстан.- 2006.- 20 сәуір.-13 б.
Ақсұңқарұлы С. Айсберг // Орталық Қазақстан. - 2007. - 5 мамыр. - 5 б.
Ақсұңқарұлы С. Академик Ғабдолла Құлқыбаев // Орт.Қазақстан. - 2014.-18 қазан. - 8 б.
Ақсұңқарұлы С. Профессор // Орталық Қазақстан.- 2000.-2 ақпан
Алдашев А. Сегіз қырлы, бір сырлы // Орталық Қазақстан.- 2007.- 17 наурыз.-4 б.
Аманжол I. Тұлпардың тұяғы // Азия Транзит.- 2000.-N1.-26 б.
Аманжолұлы І. Алаштың академигі еді // Орталық Қазақстан.- 2007.- 31 наурыз.-5 б.
Бөкетов Қ. Әмбебап академик еді // Орталық Қазақстан.- 2006.- 20 сәуір.-12 б.
Ғабдолла Әбдіқожаұлы Құлқыбаев //Орталық Қазақстан.- 2006.- 18 наурыз.-15 б.
Дахбайұлы Б. Алдырмаған аяқтан көкжалым ең... // Орталық Қазақстан.- 2006.- 20 сәуір.-13 б.
Дүйсембин К. Жігіттің сұлтаны еді // Орталық Қазақстан.-2007.- 17 наурыз.-4 б.
Дүйсенов М. Кездесулер // Азия Транзит.- 2000.- N1.-28 б.
Әбдіхалықов Қ. Жалғыз аққу // Жаңаарқа. - 2014. - 2 тамыз (№ 34). - 6 б.
Әбілдин Қ. Есте сақталар ерен тұлға // Орталық Қазақстан.- 2006.- 5 қыркүйек.-9 б.
Жәлел О. Шырқаған әнұраным - Қаракесек // Балқантау.- Қарағанды, 2006.- 26 қаңтар.-6 б.
Қанафин Н. Өндірісті өлкедегі ордалы орталық // Орт. Қазақстан. - 2013. - 7 қыркүйек. - 2 б.
Қасенов Б.Атақты ғалым Ғабдолла // Орталық Қазақстан. - 2010. - 21 қазан. - 3 б.
Қирабаев С. Қабыкенім менің // Орталық Қазақстан. - 2009. - 17 наурыз (№ 39). - 3 б.
Молдахметов З. Академик Құлқыбаевты құрметтейік // Орт. Қазақстан.-2006.- 4 қараша.-5 б.
Мұсабеков Б. Бір туар // Орталық Қазақстан.- 2008.- 15 наурыз.-5 б.
Онаев С. Жақсының жолы // Орталық Қазақстан. - 2020. - 4 ақпан (№ 13). - 4 б.
Өмiрдерек: Профессор Ғ.Ә.Құлқыбаев туралы // Орталық Қазақстан.- 2000.- 2 ақпан
Сейдімбек А. Халықтың Ғабдолласы // Орталық Қазақстан.- 2006.- 20 сәуір.-13 б.
Сұлтанбеков З. Жаны жайсаң жан еді // Орталық Қазақстан. - 2010. - 4 ақпан. - 5 б.
Тәмен А. Ғалымға арналған көрме // Орталық Қазақстан. - 2008. - 8 сәуір. - 9 б.
Төкебайұлы Е. Жақсының аты өшпейді // Жаңаарқа. - 2011. - 12 наурыз (№ 12). - 5 б.
Төребекова А. Текті тұлға // Орталық Қазақстан. - 2011. - 12 наурыз (№ 38/39). - 7 б
Тұрсынова Ж. Тұғыры биік тұлға // Орталық Қазақстан. - 2020. - 14 наурыз (№ 29). - 5 б.