Арқа ғалымдарының тарихтан тағы бір тараулары ойлы оқырманға ой салмақ.

Көз жүгіртсең көкейіңде қалары сөзсіз.

 КЕЛІҢІЗДЕР, ОҚЫҢЫЗДАР, ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛЫҢЫЗДАР!

Бұқар жырау тағылымы: әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер жинағы / ҚР білім және ғылым министрлігі, Е. А. Бөкетов атын. Қарағанды мемлекеттік университеті, "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығы; құраст.: С. Б. Жұмағұлов, А. Б. Жұмағұлов. - Қарағанды: TENGRI LTD, 2015. - 464 б.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі "Тұлғатану ғылыми-зерттеу орталығының"сараптамасынан өткен "Бұқар жырау тағылымы"атты ғылыми мақалалар жинағы жарық көрді. Жинаққа Бұқар жыраудың әдеби мұрасы туралы жазылған ғалымдардың ғылыми еңбектері, мақалалары жүйеленіп енгізілген.

Жалпы, оқырманға ұсынылып отырған бұл кітаптың маңызы зор. Кітапта Бұқар жырауға әр кезең, әр шақта баға беріп, шығармашылығына талдаулар жүргізілген ғалымдар еңбегі хронологиялық негізде берілген.

Кітапты құрастырушылар филология ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Жұмағұлов пен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбай Жұмағұловқа ізгілікті істіріне ақ жол тілейміз.

Еңбек ұлттық рухани құндылықтарды, ата тарихын қастерлейтін көпшілікке арналған.

 

Жарылғапов Ж. Ж. Қазақ прозасы: модернизм және постмодернизм: монография / Ж. Ж. Жарылғапов, С. У. Такиров, Ә. М. Жакулаев; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Акад. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік ун-ті. - Қарағанды: Арко, 2015. - 288 б.

Монографияда жаһандық әдебиеттегі ортақ бағыттар мен ағымдардың ұлттық әдебиетіміздегі орнын саралап, қазақ әдебиеті мен әлемдік әдеби өдерістердің байланысы зерделенеді. Қазіргі өнер мен мәдениетте, философияда, әдебиетте және т.б. ғылым салаларында ең көп талқыланатын өзекті мәселенің бірі - модернизм мен постмодернизм құбылысы. Қазақ әдебиеті де бүкіл әлемдік әдебиеттің бір бөлшегі. Сондықтан да еңбекте модернизм мен постмодернизмнің қазіргі қазақ әдебиетіне тигізген әсері жан-жақты сөз етіледі.

Монография студенттер мен магистранттарға, ғылыми бағытта ізденушілерге, оқытушыларға және көпшілік қауымға арналған.

 

Аршабеков Т.Т., Алдабаев Н.Ж. Кенесары жорығы ізімен. – Қарағанды: "Литер"ЖШС, 2015. – 228 б.

Бұл ғылыми зерттеуде Қарағанды облысының аумағында өткен Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі этноархеологиялық экспедиция материалдары, мұрағаттық құжаттар, тарихи зерттеулердің негізінде беріліп отыр. Еңбекте Кенесары ханның бірнеше бекіністерді шабуылдауы жан-жақты ашып көрсетілген.

Еңбек тарихшыларға, өлкетанушыларға, гуманитарлық саладағы барлық ізденушілерге және жалпы оқырман қауымға арналады.