Электрондық каталог
Кітапхананың ақпараттық қорын дамыту біріншіден электронды каталогты құру жұмысымен, оның сапасын арттыру және жаңа түсімдерді тездетіп енгізумен байланысты. Бұл міндеттердің маңыздылығы біздің кітапхананың on-line каталогын пайдаланушылар санының үнемі өсуімен байланысты. Бүгінгі күні электронды каталогтың көлемі 345 000 библиографиялық жазбаны құрайды, оның ішінде:
"Кітаптар" ЭК – электрондық каталогінде барлық тұрпаттағы құжаттардың библиографиялық жазбалары бар: кітаптар, авторефераттар, дискілер, ноталар мен аудио-бейне материалдар.
Каталог көлемі 2018 жылдың 01 қаңтарына 130 770 жазбаны құрайды.
"Мерзімді басылымдар" ЭК – каталогі кітапхана жаздырып алатын мерзімді басылымдардың, журналдар мен газеттер мақалаларының библиографиялық жазбасын құрайды.
Каталог көлемі – 214 230 жазба.
"Онлайн-коллекция" каталогінде Интернеттен алынған көкейтесті материалдардың библиографиялық жазбалары мен толық мәтіндері және әртүрлі тақырыптамадағы цифрланған жекелеген құжаттар берілген. Каталог көлемі – 697 жазба.
"Қарағанды: адамдар, оқиғалар, деректер" толықмәтінді деректер базасы.
Қала мен облысқа арналған 13 000 толықмәтінді құжаттардан тұрады.
"Заң" деректер базасы
ҚР Әділет министрлігі жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығында құрылады. Онда Заңның барлық бөлімдері бойынша ҚР нормативті және құқықтық актілері беріледі. Деректер базасы қазақ және орыс тілдерінде ресми дереккөздерден алынған материалдардан тұрады. Күн сайын жаңартылады.
Деректер базасына тегін қолжеткізу ақпараттық-библиографиялық бөлімде.
"Параграф" АЖ
"Параграф" анықтамалық құқықтық жүйесі – Қазақстанның заңдары туралы жүйелендірілген және жедел жаңартылып отыратын деректер банкі.
Жүйе құқықтық нормативті актілер мәтінін берумен қатар құжаттар жобасы мен нормативті-техникалық құжаттарға түсініктемелер береді, мемлекеттік мекемелердің мекен-жайы мен телефондарын, құжаттар пішінін т.б. береді.
Тегін қолжеткізу ақпараттық-библиографиялық бөлімде.