17 ақпан күні «Парасат жолы» орталығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультетінің аға оқытушысы Жұмагелді Жанайдар Шаймерденұлымен кездесу өтті.

Қонағымыздың «Парасаттылық – адам бойындағы туа біткен мінез бен бара-бара пайда болатын мінездің әдемі тоғысуынан қалыптасатын қасиет. Парасатты адамның тәрбиеленуі балалық шақта тұлғалық өсуінен басталады» деген ойы тәрбие мен мінез-құлықтың адамның негізгі бет алысын сипаттайтын қасиет екенін тағы бір айқындады.

Толығырақ...

Назарларыңызға мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы ғалым - Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай - «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың рухани көсемі» атты бейнешолуын ұсынамыз.

«Парасат жолы» орталығында С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актеры, режиссері Б.М. Киекбаевпен кездесу

«Парасат жолы» орталығы ашылғалы бері кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қызықты кездесулердің куәсі болуда. Соның бірі – С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының актеры, режиссёрі Киекбаев Бекмұхамед Мұқатайұлымен өткен кездесу. Әсерлі кездесу көптеген жанның ойындағы сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, өмірге деген көзқарастарының өзгеруіне де септігін тигізе алды деп ойлаймыз.

Қаламыздағы қазақ театрының көрерменіне Бекмұхамед Мұқатайұлының есімі етене таныс. Көптеген жастардың қонағымызды Бек ағай деп атайтыны да осы тұста белгілі болды.

Толығырақ...

Қатысуға асығыңыздар!

Егер Сіз кез-келген материалдан әртүрлі техникада авторлық қуыршақ жасай алсаңыз - бұл МАРАФОН СІЗ үшін!

7 ақпаннан 12 наурызға дейін өтетін сайыстың шарттары төмендегідей:

  • Сүйікті әлеуметтік желіңізде немесе Youtube сервисінде #mirkukol_krg#quirshaq_krg#karlib_kz хэштегтерімен жасаған бұйымның (қуыршақтың) әр түрлі қырынан түсірген фотосын және дайындау процесінің бейнетүсірілімін жариялау;
  • Бұйымның (қуыршақтың) және пайдаланылған материалдардың қысқаша сипаттамасын жазу;
  • Аты-жөніңіз бен жасыңызды көрсетіңіз.


АРТ-МАРАФОННЫҢ қорытындысы 2022 жылдың 16 наурызында шығарылады.

Марафон нәтижелері кітапхананың сайтында және Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Қуыршақтар әлеміне бірге сапар шегейік!

Ереже

«Бір ел – бір кітап» акциясы

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бері 15 жыл бойы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

Толығырақ...