Ақынның немере қарындасы Шолпан Рахымжанованың ыстық ықыласы

Алматы облысынан келген Нұрбақыт Аршынның ыстық ықыласы @nurbakytarshyn

Қасым қазақтың ұлы ақындарының бірі ретінде ұлттық поэзия тарихында мәңгіге қалды. Бейнелеп айтсақ, қазақ деген халықтың өз елінің құрылуына тарихта "Қасқа жолды" Қасым ханның үлесі қандай болса, қазақ поэзиясы тарихындағы Қасым ақынның алар орны да сондай.

Қазір де Қасым сөзі тозған жоқ, Қасым өлеңі ескірген жоқ. Қасым уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ, Қасым – сол баяғы бір Қасым.

Толығырақ...

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға ұлы ағартушы, ұстаз, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Ұлы ұстаз ұлағаты» атты кітап бейнешолуын ұсынамыз!

Бүгін кітапханамызда жұмыс жасайтын "Парасат жолы" орталығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен бірлесе ақын, қоғам белсендісі, "Формула" кітабының авторы Эльмира Сайлауқызымен кездесу өтті.

Сүбелі сұхбатта сұрақ-жауап арқылы жастардың қоғамдағы рөлі, адалдық туралы ойлары ортаға салынды.

Толығырақ...

Психологияға қызығатын жандар Луиза Хей деген есімді жақсы таниды. Мотивацияны май шаммен іздеп жүргендер де түбінде Луиза Хейдің жазғандарын шолып өтеді. Тән азабынан бұрын жан азабын тартып жүргеніміз көп болғандықтан Луиза Хейдің кітаптарын жай ғана көзбен шолып өтпей, көңілге тоқып, санаға түйіп, он рет қайталап оқу қажет деп санаймыз. Біздің кітапханамыздың кітап қорында автордың көптеген кітаптары бар. Кітапханаға келіңіздер! Танысыңыздар! Оқыңыздар!