Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар! Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, назарларыңызға кезекті шеберлік сағатын ұсынамыз. Бүгін біз сіздермен қағаздан шырша жасап үйренеміз.

Құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға саяси сатиралық "Ара" журналының жарнамасын ұсынамыз.

Биылғы жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Қас-қағым уақыт тәрізді, қанды жол, ауыр күндермен келген Тәуелсіздігімізге – 30 жыл, Желтоқсан оқиғасына – 35 жыл. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін 30 жыл ішінде - саясатында, экономикасында, тарихында да, жалпы қоғамда түбегейлі өзгерістер жүргізіліп, мемлекетіміздің халықаралық беделі еселей түсті. Ширек ғасырда еліміздің әлемде мойындалуына ықпал еткен ауқымды нәтижелерге қол жеткізілді. Халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрды. Жыл сайын, 16-шы желтоқсан күні – біз бүкіл ел болып, тәуелсіздік күнін, сән-салтанатты іс-шарамен, мерекелік кештермен атап өтеміз. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуді қолдауға және ақпараттық жария етуге бағытталған бастамаларға бай болды. Кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің «Жасампаздыққа толы жылдар» тұжырымдамасына және іс-шаралар жоспарына сәйкес еліміз үшін айтулы оқиғаға арналған түрлі форматтағы: фестивальдар, байқаулар, конференциялар, кітап таныстырылымдары және т. б. іс-шаралар өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар циклін аяқтаған 9 желтоқсанда ашылған көрнекі сипаттағы «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» иллюстративті кітап көрмесі болды.

Толығырақ...

Құрметті оқырмандар! Биыл көрнекті геолог - ғалым, тау-кен инженері, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың 115 жылдығына арналған “Алаштың Әл - Машаниы” атты шағын әдеби бейне шолуын ұсынамыз.

Назарларыңызға "Қар ұшқынын жасайық" шеберлік сағатын ұсынамыз.