11 сәуір күні облыстық кітапханада «ZERDE» әдеби-мәдени клубының аясында ақын, облыстық, республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері,

Жұмабек Тәшенов атындағы сыйлықтың иегері поэзия әлеміне өзіндік үн қосқан Хасен Кәмшаттың шығармашылығына арналған «Мөлдір сезім» атты  кездесу кеші өтті.

Кештің мақсаты: рухани және интеллектуалдық дамытудың көзі ретінде кітапқа деген қызығушылықты ояту, кітап оқуды насихаттау. Отандық және әлем әдебиеттерін оқуға тарту, өсіп келе жатқан ұрпақтың әдеби талғамын арттырып, шығармашылығын дамыту.

Аталмыш шараға Қарағанды жоғары медициналық интер колледжінің студенттері, Қарағанды жоғары гуманитарлы колледжінің студенттері және №23 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысып, ақынның жүрген жүрек жарды жырларын оқып, ақын сөзіне жазылған әндері шырқалды.

Қаламгердің ұстазы Ә.Жұмажанқызы сөз сөйлеп алдағы уақытта шығармашылық шеберлігі шыңдалып, қара өлеңге жан бітірген шабытыңыз бен өнеріңіз бағалана берсін деп, ыстық лебізін білдірді.

Ақынның кешіне де жалауын желбіретіп достарының бірі дәстүрлі әнші «Қоштасу бұйырмай қалса екен...» атты өлеңіне әнін жазған сазгер Ш.Сәрсенбаев кешіміздің ажарын айшықтап, әнін орындады.

Сонымен қатар жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ақын үлкен қызығушылықпен жауап берді. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын жастар ақынның жүрегін сырға толы жырларын тыңдап, рухани сусындап қайтты.

Кеш соңында ақын К.Хасен өзінің қолтаңбасы қойылған «Сен және мен» атты өлеңдер жинағын оқырмандарға сыйға тартты.

Оқырмандар назарына «Ой маржаны кітап» атты кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалды.