Шеберлер Клубтың 10 жылдық мерейтойына арналған «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» атты облыстық сәндік-қолданбалы өнер
облыстық Арт-марафоны
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 1 ақпан күні Шеберлер Клубының 10 жылдығына арналған «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» облыстық сәндік-қолданбалы өнер Арт-марафоны жарияланды.
Арт-марафонның мақсаты мен міндеттері: Кітапхананың рөлін Қарағанды облысы тұрғындары буынының сұхбаттық әрі танымдық, шығармашылық қарым-қатынасы алаңы ретінде арттыру және ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Арт-марафонға 16 жастан бастап және одан жоғары Қарағанды облысының тұрғындары: мектеп, колледж оқушылары, ЖОО студенттері, мәдениет және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, әуесқой бірлестіктер мен клубтар, кітапхана пайдаланушылары шақырылды.