Жазушы, драматург Софы Сматаев 80 жаста

Софы Қадыбекұлы Сматаев – қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі қоғам қайраткері. Өз ғұмырында халыққа қажетті көптеген әдеби шығармалар жазып, еліміздің өркендеуіне, өскелең ұрпақтың патриоттық рухта тәрбиеленуіне зор үлес қосып келе жатқан қарымды қаламгер, ойлы жазушы. Ол - әр жанрда қалам тартып, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосса, оның жазған либретто, драмалары театрларда қойылып, романдары , жыр жинақтары кезінде оқырмандарға кең таралды. Тәуелсіздік дәуірінде де әдебиетке құнарлы туындылар сыйлап отырған қаламы қуатты жазушы.

23 маусым

Бүгін біздің кітапханаға қонаққа С.Сейфуллин атындағы гимназия мен «AZBUKA» шағын орталығының балалары келді.

Олар үшін «Қиял әлемі» шығармашылық алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра күні - ұлттың үні» атты танымдық сабақ өтті. Музыкалық аспапты жасаудың қыр-сырын домбыра жасау шебері Ержан Тұрсынов көрсетті. Балаларға арнап Жошы хан туралы аңызды мазмұндап, «Ақсақ құлан» мультфильмін көрсету барысында лирикалық дала әуендеріндегі домбыраның дыбысталу ерекшеліктері туралы айтты.

15 маусымда балалар маусымы ашылады. Маусым-тамыз айларында Н. В. Гоголь атындағы кітапханасында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Кітапханадағы жаз» жазғы демалыс бағдарламасы жұмыс істейді. Қатысушыларды әр түрлі жастағы балаларға арналған және қызығушылықтарға байланысты 8 алаң күтеді. Бағдарламаны баланың жасына және қызығушылығына қарай таңдауға болады. Барлық ақпарат балалардың ақпараттық ресурсында (kounbgogolya.wixsite.com/jazkarlib).

Аңызға айналған есімдер мен киелі орындар

Кітапханадағы жаз күнделігі. 23 маусым

2021 жылдың 16 маусым күні «Кітапханадағы жазғы оқу» аясында өлкетану әдебиеті бөлімі «Аңызға айналған есімдер мен киелі орындар» атты бейне квиз өткізді.

Шараның мақсаты:Ұлы Даланың тарихынан сыр шертетін киелі жерлермен жеткіншектерді таныстыру.

Еліміз тарихи ескерткіштерге бай екені белгілі. Соның бірі Жезқазғаннан солтүстіктің шығысына қарай 50 км жерде, Кеңгір өзенінің жағасын мекен еткен – Жошы хан кесенесі.

Шарада балалармен бірге Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы Жошы хан кесенесіне виртуалды экскурсия жасалды.

Аты аңызға айналған тарихи тұлғалардың бірі Жошы хан туралы айтылған мағлұмат балалардың тарихқа деген қызығушылығын оятты. Шара барысында ел аузында қалған аңыз бойынша түсірілген қазақ режиссері Ә.Хайдаровтың «Ақсақ құлан» мультфильмі көрсетілді. Сонымен бірге балалар тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындап, аңыздан түйгендерін ортаға салды.

Ай кітабы