Бүгіндері кітапхана қорының сақталуы мен қауіпсіздігін жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз елестету мүмкін емес. Кітапхана құжаттарын цифрлау перспективті бағыттардың біріне жатады.
Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК облыс кітапханашылары үшін құжаттарды цифрлау, оларды электронды құжатқа байлау, СД құрастыру сұрақтары бойынша әдістемелік сипаттағы іс-шаралар қатары өтті. 2007ж. «Кәсіби оқу мектебі» аясында «Жобаны жүзеге асыру: шексіз өлкетану» тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Облыс библиографтары құжаттарды цифрлауды, оларды электронды каталогқа байлауды, библиографиялық жазбалардың экспорт-импортын жүзеге асыруды үйренді. «Облыстың әдістемелік қызметі: жаңару стратегиясы» семинарына ОКЖ әдіскерлерінің басым бөлігі қатысып, «Құжаттарды цифрлау: жағдайы, проблемалар, перспективалар» сұрағын жан-жақты қарастырды. 2008 жылы «Жазғы Интернет-Университет» аясында «Microsoft Office Publisher» бағдарламасында СД құрастыру бойынша тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыс кітапханаларына іс-сапармен барған кезде тәжірибелік ұсыныстар беріліп, оқытулық сабақтар жүргізіліп келеді.