5 желтоқсан күні Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы және Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапхана қорын жинақтау және автоматтандырудың өзекті мәселелері» атты облыстық практикалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – облысымыздың кітапхана мамандарының кәсіби  құзыреттілігін дамыту. Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхана қорын жинақтау және автоматтандыру бөлімдерінің 50 астаммамандары семинарға қатысып, қызығушылықтарын танытты. Семинарды Қарағанды облыстық кітапханаларының басшылары ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Шаймуханбетова А. С. іс шараның модераторы ретінде сөз сөйледі.

Семинарда ҚР ҰАК басшысының ақпараттық ресурстар және жастар саясаты жөніндегі орынбасары Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлы Zoom платформасы арқылы онлайн қатысты. «Қазақстан Ұлттық электрондық кітапханасының (ҚазҰЭК) базасында Бірыңғай автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйені құру» атты баяндамасында Қазақстанның барлық кітапханаларына арналған  ҚР ҰАК базасындағы Е-АБИС жобасы туралы ақпарат берді.

Семинардың екінші кезеңінде қатысушылар үш тақырыптық секцияларға бөлініп жұмысын жалғастырды. 1-ші секцияның модераторы және спикері - Головко С.И, Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК-ның құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімінің басшысы. «Кітапханаларды құжаттармен қамтамасыз ету» баяндамасын ұсынды, сонымен қатар Абай атындағы Қарағанды ОБК инновациялық-әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Мусина О.М. «Қарағанды облысының балалар кітапханалары қорын жинақтауды талдау» атты баяндама жасады.

2-ші секцияның модераторы және спикері Шахтинск қаласының ОКЖ-нің автоматтандыру және ақпараттық технологиялар меңгерушісі Михеева Г. В. «РАБИС автоматтандырылған кітапхана жүйесі: пайдаланудағы проблемалар және оларды шешу тәжірибесі» баяндамасымен сөз сөйледі.

3-ші секцияның модераторы - Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК-ның кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің басшысы, Чен А.А қатысушыларға «КАБИС – сапаны бағалау объектісі ретінде» және(Т. А Попкова, Теміртау қаласының ОКЖ-нің жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашысы) және «Қарағанды облысының цифрлық баспа архиві» (Хамзеева Е.Х., ҚОӘҒК-ның кітапхана ісін автоматтандыру бөлімінің құжаттарды цифрлау және реставрациялау секторының басшысы) атты баяндамаларын ұсынды.

Семинардың үшінші кезеңінде қатысушыларға арналған практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Практикалық сабақтар барысында модератор Головко С.И. келесі баяндамалармен таныстырды: «Кітапхана қорының құрамына кіретін құжаттарды есепке алу тәртібі. Кітапханалардағы жеке және жиынтық есеп» (М.Х Фахрутдинова, Ж.Бектұров атындағы ҚОКЖ құжаттарды жинақтау және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы); «Кітапхана қорын есептен шығару алгоритмі» (Л.В. Кирина, Абай атындағы ҚОБК-ның негізгі қорды жинақтау, құжаттарды өңдеу және сақтау бөлімінің басшысы); «Сайттарды ақпараттық толтыру» (Е.А. Абрамчук, Н.В.Гоголь атындағы ҚОӘҒК-ның «Кітапхана процестерін автоматтандыру» бөлімінің инженер-жүйелік технигі); «Использование технологий RFID в системе ИРБИС для оптимизации библиотечных процессов» (Қ.Ә.Рақым, ҚОӘҒК-ныңкітапхана ісін автоматтандыру бөлімінің техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз ету секторының басшысы).

Семинар тақырыбы бойынша кітапханалардың ағымдағы қызметтері жайлы сұрақтар талқыланды. Семинардың қортынды жұмысын талқылау барысында кітапхана мамандары барлық тақырыптық баяндамалар игерілді. Мұндай практикалық семинарлар, сөзсіз, кітапхана мамандарының кәсіби құзыреттерін арттырып дамытады.

Ай кітабы