1992 жылы қазанда Қазақстанның Алматы қаласында Рухани келісімнің 1-інші әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. Сол сәттен бастап Қазақстанда 18 қазан күні Рухани келісім күні деп атап өтіледі.
Қазақстанда ортақ отбасымен 130 этностың және 40 конфессиядан артық өкілдері өмір сүреді. Біздің халықаралық және діни аралық келісімнің моделі - Қазақстанның әртүрлі конфессиялардағы өзара іс-әрекеттердің жалпы әлемдік процесіне нақты үлесі.
Рухани келісім күнінің қарсанында кітапхананың қызметкерлері «Рухани келісім әлемі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінде халықтар арасындағы өзара түсіністігі, рухани келісім және мәдениеттің даму туралы кітаптар ұсынылды.
Көрменің мақсаты – діни сенімдері мен дәстүр-салты басқа, бір шаңырақ астында тұрып жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің қоғамдық тұрақтылық пен келісімді берік ұстануын тағылымды кітаптар арқылы жеткізу.
Көрмедегі «First Congress» (Астана, 2003) атты кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарыққа шыққан. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезі 2003 жылдың 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен болатын. Кітап барлық діндердің бір-бірімізді сүюге үйрететіні айрықша маңыздылығымен түсіндіріліп жазылған.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына орай «Дінтұтқа» (Астана, 2013)құнды еңбекке 2003 жылдан бері өтіп келе жатқан съез туралы, дәстүрлі дін көшбасшыларының пайымды пікірлері, мақалалары мен сұхбаттары енгізілген.
Бейбітшілік, руханият келісім мәдениеті, біздің - болмысымыздың кепілі. «Қазақстан - қарашаңырағым» (Алматы, 2015)атты кітаптажүз отыздан астам этнос өмір сүріп жатқан Қазақстан үшін маңызды міндет этносаралық және конфессияаралық диалог пен өзара іс-қимылды сақтау және нығайту хақында қарастырады.
ҚР Білім және Ғылым министрлігі ғылым комитетінің философия және саясаттану институтының қолдауымен «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік – конфессионалдық қатынастардың өзекті мәселелері» (Алматы, 2012)қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген, бұл жинаққа - осы аталмыш институтының Дінтану бөлімінің қызметкерлерінің әзірлеген баяндамалары жинақталған.
Белгілі дінтанушы, мәдениеттанушы ғалым Мұртаза Бұлұтайдың «Дін және ұлт» (Алматы, 2006)деп аталатын еңбегіне дін ғылымдары, әлеуметтану, тарих философия, құқық, саясаттану, халықаралық қатынастар, мәдениеттану салаларын қамтитын ең ауқымды ғылыми–публицистикалық материалдары енгізілген.
Кітап көрмесінде қорымыздағы мерзімді басылымдар беттеріндегі материалдар да ұсынылған. Мәселен, «Орталық Қазақстан» газетінде (2022, 18 қазан) жарық көрген Ж.Омарбектің «Бекем бірлік берекеге бастайды» атты мақаласы оқырман көңіліндегі көптеген сауалдарға жауап берері сөзсіз. Сондай-ақ, күнтізбемізге 18 қазанның Рухани келісім күні ретінде енуі - қазақ топырағына бейбітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бастама жайлы ой қозғалған кеш жайлы, Орталық Қазақстан газетіндегі (2022, 22желтоқсан) «Жанға жайлы мәнді кеш» мақаласымен таныс бола аласыздар.
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев Қазақстан халқына арнаған сөзінде: «Біздің басты байлығымыз – әл-ауқат пен бірлік, тұрақтылық пен тыныштық, бейбітшілік пен келісім», - деді.
Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір» - деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, діні басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттарды біріктіріп, татулық пен сенімділікті серік етудің арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері қадам басып келеді.
Көрме материалдарымен танысқысы келетін оқырмандарымызды кітапханамызға шақырамыз және қазақстандықтарды рухани келісім күнімен құттықтаймыз, Баршаңызға бейбітшілік пен бірлік тілейміз!
Оқу залдары бөлімінің
кітапханашысы: Майданбекова А.