Өшпес өнеге иесі: Ұлы Отан соғысының ардагері. жазушы, журналист. Қазақ әдебиетінде шырғалаң оқиғалы детектив жанрының негізін салушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған библиографиялық жадынама / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. Г.С.Мухамбетчина. – Қарағанды, 2023. –11 б.
Классик, детектив жанрының дарабозы Кемел Тоқаевтың өмір тарихы өте қызық. Басынан небір қиын-қыстау заман өткен, қабырғасы қатпаған қаршадай кезінде ата-анадан айырылып, тұл жетім боп қалған кездері бірнеше кітабына арқау болды.
Дарабоз жазушымен қызметтес болған, Әбілфайыз Ыдырысовтың жазушы жайындағы бір әңгімесі қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталыпты. Әбілфайыз Ыдырысов: «Кемел Тоқаев парасатты, жаны сұлу адам еді. Үлкенге де, кішіге де ілтипатпен қарайтынды. Кемшілікке төзбейтін, адамның қателігін бүкпесіз бетіне айтады. Менмендік, тәкаппар қылықтан ада, қандай игі істер атқарса да, ешкімге міндет артпай, заманына сай адал еңбек ететін-ді. Бізге Бас редактор болып келген соң тез тіл табысып кетті. Ол өзі білмейтінді сұрап алушы еді. Сондай ақылды адам еді».
Кемел Тоқаевтың өнегелі өмір жолы, еңбекқорлығы мен адами қасиеттері жас ұрпаққа үлгі болуға лайық. Ал оның туындылары әдебиет тарихындағы асыл қазына, өшпес мұра болмақ.
Жадынамада ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, қазақ тілдеріндегі шығармалары, ол туралы кітаптар, мақалалар тізімі берілген. Бұл жадынама Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қорындағы материалдары бойынша жасалған.
Көпшілік оқырман қауымға арналған.