26 сәуір күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап кітапханасында «Аймақтық брендингті қалыптастырудағы кітапханалар» атты өңіраралық практикалық семинар өтеді.

Конференцияны Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырады. Семинарға Қазақстан мен Ресей өңірлерінің мамандары қатысады.

Қатысушылар кітапханалардың өңірлік брендингті қалыптастыруға қатысудағы практикалық мәселелерін, өлкетанулық ақпараттық ресурстарды құрастыру мен ілгерілету, кітапханалардың коммуникация орталығы ретіндегі орны мен рөлін талқылайды.

Семинардың екінші бөлімінде библиографиялық оқу құралын жасау технологиясы, электрондық каталог пен веб-ресурстарда кеңейтілген іздеу бойынша практикалық сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, «Квестодел, Surprise Me, Joyteka: веб-квесттерді құрастыруға арналған қызметтер» тренингі ұйымдастырылады.

Бағдарлама

Ай кітабы