9 ақпан күні кітапханамызда қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілету, жастарды өңірдегі және елдегі еңбек нарығындағы мүмкіндіктер мен қажеттіліктер туралы ақпараттандыру, кәсіптік бағдар беру мақсатында «Кәсіп. Мамандық. Еңбек» атты ақпарат күні өтті.

Шараға Қарағанды қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының бас мамандары Азамат Жұбайханұлы Төрехан және Дәурен Исқанұлы Қошқарәлиев қатысты.

Бас маман А. Ж.Төрехан Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы, әлеуметтік маңызы жайлы айтып, Болашақ жұмыс орындарымен қамту және оларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау  түрлерімен таныстырды.

 

Д. И. Қошқарәлиев «2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімі» жобалары, жастарды әлеуметтік қолдауға бағытталған «Жас маман», «Жас кәсіпкер» мемлекеттік бағдарламалары жайлы ақпарат берді.

- «Жас мамандар жоғары оқу орындарын немесе колледжді бітіргеннен кейін бірден жұмыс таба алмай жүріп қалады, өйткені жұмыс берушілер әдетте тәжірибесі бар кадрларға басымдық береді. Осы орайда, Қазақстанда 2020 жылдан бастап жұмыс жасап жатқан «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналаса аласыздар», - деп Дәурен Исқанұлы жастарға кеңес берді.

Сонымен қатар «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасының жастарға өте тиімді екенін, жазғы демалыстарда осы бағдарлама бойынша жастардың жұмыс жасай алатынын атап өтті. Жастар көкейлерінде жүрген «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімді жағы қандай?, Ең сұранысқа ие жұмыс орындары туралы не айтасыз? Мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс істеуіне жағдай жасалған ба? деген сияқты сұрақтарын қойып, мамандардан мардымды жауаптарын алды.

Шара соңында оқырмандар назарына «Мамандықты таңдау - болашақты таңдау»атты кітап көрмесі ұсынылды.

Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды Банк колледжі мен Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің студенттері қатысты. Барлығы 35 адам.

 

Жұмагулова М.Т.

Ай кітабы