Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2023_qayindy_qol/1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2023_qayindy_qol/1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

6 ақпан күні кітапханамызда «Жыр-Жауһар» шығармашылық орталығының мүшесі, ақын, туған жерге деген кіршіксіз махаббат өлеңдерімен өрнектей жеткізе білген талант иесі Еркебұлан Елеусізұлымен «Қайыңды көл» атты шығармашылық кеші өтті.

Ақын поэзия жанрына ең алғаш 16 жасында  қалам тербеген  өзіндік өмірлік жолын, өз өлеңдерінің шығу тарихын, жырға деген шабытын, адамгершілік туралы ақындық ойларын ортаға салып, «Қайыңды көл», «Ақжол деген ауыл бар..», «Анама», «Қарқаралы қазағым», «Тілек» атты тағы да басқа жауһар жырларын оқыды.

Кеш қонақтары орталықтың негізін қалаушы аға буын өкілдері мен бүгінде әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер, ақындардың бірі Қазақстан жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры Ж. Жаңқашұлы сөз сөйлеп алдағы уақытта шығармашылық шеберлігі шыңдалып, қара өлеңге жан бітірген шабытыңыз бен өнеріңіз бағалана берсін деп, ыстық лебізін білдірді.  

{gallery}material/news/2023_qayindy_qol/1{/gallery}

Ақынның поэзия кешіне де жалауын желбіретіп достарының бірі ақын, сазгер Ерғанат Кеңесбекұлы ақын Б.Үсеновтің «Қарлығашым» және ақын Серік Сағынтайдың «Өмір» атты өлеңіне жазылған әндерін орындады.

Интернет желісіне берілген шақыру ақпаратын оқып ақын, журналист ағамыз Серғазы Қабылдаұлы кешке келіп махаббатқа арналған өлеңінен жыр шумақтарын арнады.

Қаламгердің жездесі Абзал Әбішев ақын Т. Молдағалиевтің Н. Тілендиевтің әніне жазылған «Сағындым ғой» өлеңін шырқап, ақын Е. Елеусізұлына: «Жауһар жырларың өнер сүйер қауымның жүрегінен жол тауып, халықтың құрметіне бөлене бер...» деп, - жүрек жарды тілегін білдірді.

Кештің шырайын келтірген өнер жолындағы шығармашыл достары ақ тілектерін ақтарып, ақжол тілеп, сазгер әнші А. Ахметжан Т. Серіковтің «Мойлы көз» әнін шырқады. Кештің ұйымдастырушысы, әрі ақын, Э. Сайлауқызы, ақын Б. Ноғайбайұлы жылы лебіздерін білдіріп Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімінің және «Қасым» Республикалық әдеби қоғамдық журналының құттықтауларын табыс етті.

{gallery}material/news/2023_qayindy_qol/2{/gallery}

Поэзия кеші барысында «Жыр-Жауһар» шығармашылық орталығының жас қаламгерлері ақынның жүрекжарды жырларын оқып,  әннен шашу шашты.

Кеш соңында оқырмандарға ақынның шығармашылығына арналған «Жауһар жырдың тарландары» атты суретті кітап көрмесі ұсынылды. Ақын өзінің қолтаңбасы қойылған «Қайыңды көл» атты өлеңдер жинағын оқырмандарға сыйға тартты. Жырға толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі мен шығармашылығына, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды.

 

 

Абонемент бөлімі басшысының м.а.: Зарубекова Ж.М.

Ай кітабы