2022 жыл елімізде «Балалар жылы» деп жарияланды. Осыған орай, 13 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыс кітапханаларында Балалар жылының қорытындысы бойынша салтанатты рәсім өтті.

Салтанатты рәсімде Балалар жылының қорытындысы және облыстың 2022 жылғы Үздік кітапханаларының байқауы сонымен қатар балаларға арналған Үздік жоба жеңімпаздары анықталды.

Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының атынан ұсынылған:

  • «Үздік оқырмандар» номинациясы бойынша - мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының 9 «А» сынып оқушысы Акеева Аяжан; №27 мектептің 7 «А» сынып оқушысы Егінбай Мәди;
  • «Ең көп оқитын отбасылар» номинациясы бойынша - Инкарбаевтар отбасы (Инкарбаев Сұңғат Сейдикаримұлы (әкесі); Тумабаева Кумис Айтбаевна (анасы);  Сейдікәрім Қарақат Сұңғатқызы(11жас).)
  • «Ең белсенді мектеп» - №27 Жалпы білім беру мектебі Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар Балалар жылы аясында шығармашылық жұмыстары ескеріліп, Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы – Ахмадиева Алмагүл Садвокасовна және өлкетану бөлімінің кітапханашысы – Алпысбаева Бақытгүл Ерікбаевна ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Кітапхана басшысының орынбасары:

Г.Н.Умбединова

Ай кітабы