13 желтоқсан күні кітапханамызда Қазақстанның халық жазушысы, журналист Мемлекет сыйлығының лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған өмірдің сан алуан қиындығын бастан кешсе де, өзі таңдаған сара жолдан таймай, өмірінің ақырғы күндеріне дейін адамзатқа рухани азық сыйлап, ұрпақты ізеттілік пен сүйіспеншілікке баулып өткен Әз ағаның шығармаларымен сусындату мақсатында «Махаббат жыршысы» атты онлайн кездесу өтті.

Кеш қонағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің аға оқытушысы, қазақ әдебиеті кафедрасының докторанты Әділ Мұратұлы Әзілхан Нұршайықов шығармаларының танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болғанын, ел құрметіне бөленген, артына өлмес мұра, журналистика саласында кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық өзіндік ізін қалдырған  жазушының өмірі мен шығармашылығын кеңі­нен баяндап, өз ой-толғамдарын ортаға салды.  

Жазушы-журналистің қалың көпшілікке етене жақын «Махаббат, қызық мол жылдар» мен «Ақиқат пен аңыз» романдары жайлы кеңінен тоқталып, шығармаларының жазылу тарихы мен тәрбиелік мәні туралы баяндады.

Біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің мол қазынасы, бүгінде аты аңызға айналған Әзілхан ағаның мол мұрасы оқырман қауымға «Жазушы мұрасы – халық жадында» атты кітап көрмесі насихатталып ұсынылды.

Онлайн кездесу кітапхананың Facebook парақшасында тікелей эфир көрсетілді.

 

Абонемент бөлімінің басшысы: Зарубекова М. Ж.

Ай кітабы