- Қателік
-
[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_sariarka is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_sariarka is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Ұлттық әдеби-мәдени жәдігерлерді сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде қолдану, рухани құндылықтарды қорғау және қолдау елімізде мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе екендігі жалпыға мәлім. Соңғы жылдары республикамыздың жеке аймақтарында (Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан және т.б.) "Сырдария кітапханасы", "Баянауыл кітапханасы", "Алтай - Ертіс кітапханасы", сынды жеке атаулы сериялармен республикаға танымал ақындар мен жазушылардың таңдамалы еңбектері басылып шықты.
Көптомдық кітаптардың бұл серияларын басып шығарудағы негізгі мақсат – қазақ жазушылары мен ақындарының шығармашылығын жүйелеу, таңдамалы шығармаларын өскелең ұрпаққа мұра қылу.
Мұндай ауқымды шара Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының жалғасы ретінде ізгі істерге ерекше үлес қосуға мүмкіндік берді.
Саяси-экономикалық тұрғыдан өз әлеуетін паш еткен Қарағанды өңірі ұлт руханиятын байыту, әдеби-мұраларға қамқорлық жасауда да игілікті істер атқаруда. Соның бір айғағы – Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен іске асқан жергілікті жазушылар мен ақындардың шығармаларын топтастырған "Сарыарқа кітапханасы" атты маңызды әдеби жоба.
"Сарыарқа кітапханасы" сериясымен шыққан 100 томдықтың таныстырылымы қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында 2015 жылы 30 қаңтарда С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында өтті. Тұсаукесерге ҚР Сенаты және Парламентінің депутаттары, еліміздің мемлекеттік, шығармашылық және қоғамдық қайраткерлері қатысты.
{gallery}/material/news/2016_sariarka{/gallery}
{gallery}/material/news/2016_sariarka2{/gallery}
Облыс әкімдігінің және "Фолиант" баспасының өзара келісімімен танымал ғалымдарынан, сөз шеберлерінен құралған редакция алқасының қажырлы еңбегінің арқасында шыққан 100 томдық еңбекте 352 автордың еңбегі жинақталған. Әр томның тиражы - 800 дана, барлығы 80 мың дана. Бұл жинаққа Бұқар Жырау, Қаздауысты Қазбектен бастап, Мәди Бапиұлы мен Қасым Аманжолов сынды 20-ғасыр классиктерінің, сондай ақ қазіргі заман ақын-жазушыларының еңбектері енген.
Қаздауысты Қазыбек би мен Бұқар жырау мұрасы энциклопедия нұсқасында жарық көрсе, арқаның ақын-жырауларының мұрасы жеке топтастырылып, айтыс ақындарының мұрасы бөлек жүйеленген. Серияның "Жаңа дәуір әдебиеті" айдарына үш арыс Әлихан Бөкейханов, Ақбайдың Жақыбы, Әлімхан Ермеков мұралары жинақталған. Яғни бір томдықтан қырық автор, екі томдықтан 11 автор, үш томдықтан 4 автордың шығармалары жарық көрді. Сонымен бірге екі, үш, авторларды біріктірілген жинақтармен қоса әр тақырыпта 11 жинақ басылып шықты. Атап айтсақ; "Тәуелсіздік жылдарындағы Сарыарқа", "Елбасына тұғыр болған Сарыарқа", "О Караганде", "Жетіген", "Арқадағы арда жыр", "Замана", "Жәдігер", "Өрім", "Арқаның ақ таңы", "Көңіл күмбірі", "Арна" атты томдар.
Өз бағасын алған бұл еңбекті құрастыруға 2 жыл уақыт кеткен. 100 томдықтың жарық көруіне ғалымдар, ақын-жазушылар, қаламгерлерден құралған редакция алқасымен қоса, көптомдықтың таралуына, электрондық жүйеге түсуіне елеулі үлес қосқан Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлерінің қажырлы еңбегін атап өтуге болады.
Құрметті оқырман!
"Сарыарқа кітапханасы" сериясымен шыққан 100 томдық еңбекпен танысып, алып оқимыз десеңіздер кітапханамыздың қорынан алуға мүмкіндіктеріңіз бар.
Ай кітабы