Кәсіби кітапхана әлемінде "әлеуметтік-мәдени қызмет" термині кең тараған. Бұл кездейсоқ емес, оған қоғамдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы өзгерістер ықпал етті.
Қазіргі таңда кітапхана көп функционалды мекеме ретінде мәдени және білім беру мекемелеріне тән әлеуметтік-мәдени функцияларды атқару да. Әлеуметтік институт ретіндекітапхананың негізі қызметтерін ақпараттық, білім беру, тәрбиелік, бос уақытты тиімді өткізу деп – 4 бағытта қарауға болады.
Кітапханаға оқырманды баулу да және оқырманмен кітапхана арасындағы тығыз байланысты сақтауда үлкен атқаратын жұмыс тәсілінің ең маңыздысы жүргізілетін көпшілік жұмыстар.
Бүгінде біздің оқырмандарымызды өздері белсенді түрде қатысатын іс-шаралар қызықтырады. Сондықтан бүгінгі кітапхананың алдына қойған мақсаты бар мүмкіндікті пайдалана отырып, әрбір іс - шараны түрлендіре өткізу.
Заман ағымына лайық болуды мақсат еткен кітапхана қызметкерлері жұмыстың дәстүрлі әдістерін сақтай отырып, жаңа технологиялар мен жұмыстың заманауи бағыттарын да игеру үстінде. Пайдаланушылардың мүдделерін ескере отырып кітапханашылар бұқаралық жұмыстың жаңа формаларын жүзеге асыруда.
Осыған орай Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімі кітапханашыларға көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруда, жұмыстың жаңа түрлері туралы әдістемелік ұсыныс құралын дайындады.
Өткізілетін іс-шараларға келесі тақырыптар бойынша слайдтар дайындалды: