• БЕКІТЕМІН
    • Қарағанды облысының
    • мәдениет басқармасы
    • бастығының м.а.
    • А.К. Бекмағанбетов
    • ______________________
    • «__»_______________2012 ж.
    •  
    • Облыстық «Ең үздік ауыл кітапханасы» байқауы
    • туралы ереже
    •  1.Жалпы ережелер
    • 1. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпанындағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ауыл әлеуетін жақсарту басты мәселелердің бірі болып анықталды.

    • Ауыл кітапханалары бүгінде халықтың ақпараттық мәдениетін қалыптастырушы және «Электронды үкімет» қызметін насихаттаушы бірден-бір ақпараттық орын болып табылады.

    • Ауыл кітапханаларының жетістіктері мен проблемаларын анықтау мақсатында «Ең үздік ауыл кітапханасы» облыстық байқауы ұйымдастырылып отыр.

    • 2. «Ең үздік ауыл кітапханасы» облыстық байқауы 2012 жылдың сәуір – тамыз айлары аралығында өткізіледі. 2012 жылдың қараша айының соңында байқау қорытындысы жарияланады. Байқау нәтижесі бойынша Қарағанды облысының ауылдық кітапханаларының рейтингісі жасалады.

    • 2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

    • Ауылдың бірыңғай мәдени ақпараттық кеңістігін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау, ауыл тұрғындарының мәдени құндылықтар мен ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;

    • Ауыл аймағындағы кітапханаларды сақтап қалу және олардың заман талабына сай дамуына ықпал ету;

    • Ауыл кітапханаларының қазіргі жағдайын анықтау, мониторинг жасау;

    • Ауыл кітапханаларын жаңғырту, заманауи қызмет түрлерін көрсету мақсатында кітапхана жұмысының бағытын үдемелі түрде ұйымдастыру;

    • Ауыл кітапханаларының әлеуметтік мәртебесін арттыру, ауыл кітапханашыларының кәсіби шеберліктерін жетілдіру.

    • Ауыл кітапханаларындағы шығармашылық ізденіс үстіндегі қызметкерлерді анықтау.

    • Байқау нәтижесі бойынша ауылдық кітапханалардың қызметін дамыту бойынша мониторинг жүргізу.

    • 3. Байқауды өткізудің тәртібі мен шарттары

    • 1. Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылады, олардың құрамын Қарағанды облысының мәдениет басқармасы бекітеді.
    • 2. Байқауға ауылдық үлгілі кітапханалары мен ауылдық кітапханалар қатыса алады.
    • 3. Байқаудың жеңімпазын анықтау шарттары:
    • Кітапхананың материалды-техникалық базасын талдау барысында келесідей жақтарға назар аударылады:
    • Ғимараттар мен олардың жағдайы, кітапхананың ішкі көрінісі, дизайнерлік шешімдері, келушілер үшін жайлылығы;
    • Ғимараттар мен олардың жағдайы, кітапхананың ішкі көрінісі, дизайнерлік шешімдері, келушілер үшін жайлылығы;
    • Тіршілікті қамтамасыз ету: жылу, жарық;
    • Кітапханалардағы қауіпсіздік техникасы;
    • Кітапхана жиһазы (2002 жылдан бері сатып алынған жиһаз есепке алынады);
    • Кітапхананың қаржылық қамтамасыз етілуі;
    • Кітапхананың байланыс мүмкіндіктері, интернетке қол жеткізу;
    • Кітапхананың компьютерлендірілуі.
    • ә) Кітапхананың ішкі жұмысы    
    • Кітапхананың жұмысын талдау барысында келесідей мәселелерге назар аударылады:
    • Кітапхананың негізгі бақылау көрсеткіштері және олардың орындалысы;
    • Кітап оқуды қолдау және насихаттау, оқырмандармен жұмыс;
    • Кітапхананың нормативті-құқықтық базасы;
    • Кітапхананың анықтамалық-библиографиялық жұмысы;
    • Кітапхана жұмысына инновациялық тәсілдер мен амалдарды енгізу;
    • Кітапхананың көпшілік жұмысы;
    • Өлкетанулық бағыттағы жұмыстары (жинақ папкалар, ауыл энциклопедиясы, жергілікті ақын-жазушылармен байланыс, ауылдың экономикалық жағдайы бойынша мәліметтер және т.б.);
    • Отбасы оқуын қалыптастыру;
    • Оқырмандармен (оның ішінде оқырман-балалар, оқырман-жасөспірімдер, мүмкіндігі шектеулі оқырмандар т.б.) жүргізілетін жұмыстардың деңгейі;
    • Кітапханалық бағдарламалар мен жобалар.
    • б) Кітапхана кадрлары
    • Біліктілігі, кәсіби шеберлігі, білімін жоғарылату бойынша жұмыстары;
    • Республикалық, облыстық, аудандық сайыстарға, жобаларға қатысуы және жетістіктері;
    • БАҚ-пен байланыс.
    • Ескерту: Бұл шарттар кесте түрінде қосымшада берілген.

4. Қорытындылау тәртібі

7. Бекітілген комиссия мүшелері белгіленген кесте бойынша баға беру мақсатында облыстың ауылдық кітапханаларына іссапармен баруы қажет.

Ескерту: Егер белгілі себептермен бармаған жағдайда, қазылар мүшесі ол кітапхана бойынша дауыс бермейді.

8. Комиссия мүшесі өз көзқарасын бағалау парақтарына ұпай беру арқылы белгілеп, қосымша пікірін жазбаша түрде береді. Ең үздік ауылдық кітапханалар рейтингісі ұйымдастыру комитетінің отырысында анықталады.

9. Рейтингі нәтижесі жалпы ұпайларды есептеу арқылы анықталады. Бірдей ұпай жинақталған жағдайда, комиссия мүшелері дауыс береді.

10. Әр ауданға бекітілген облыстық кітапхананың өкілі сол ауданның кітапханалары бойынша қорытынды анықтама жасайды.

11. Қорытындылау нәтижесінде Қарағанды облысының үлгілі ауыл кітапханаларының, ауыл кітапханаларының рейтингісі жасалып, болашақта кітапханалар жұмысына мониторинг жасау үшін пайдаланады.

Рейтинг нәтижелері Қарағанды облысы мәдениет басқармасының сайтына, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сайтына және облыстық, аудандық БАҚ құралдарында жарыққа шығарылады.