2011 жылдың 22-24 маусым аралығында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің қызметкерлері, инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшілер И.С. Иссык мен Б.Қ. Уатаева және цифрлау жөніндегі аға кеңесші Г.Ө. Мұхаметжанова Шет ауданы ОКЖ кітапханаларының жұмысын тексеру және әдістемелік көмек беру мақсатында іссапарда болып қайтты.
Шет ауданы бойынша 68 елді мекен бар, ауданның тұрғындар саны 45700-дей адам. Тұрғындар саны жылдан жылға азайып келеді, мысалы, 2004 жылы аудан тұрғындарының саны 52 мың адамдай тұрған.
Аталған барлық елді мекендердің 39 кітапханалық қызмет көрсетілмейді.
ҚР ауыл аймақтарын дамытудың 2004-2010жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданда кітапханалық саясат бойынша бағдарлама қабылданған болатын. 2004-2010 жылдар аралығында ауданның келесі ауылдарында кітапханалар ашылған: Бұрма және Ақшоқы (2005ж), Жоғары Қайрақты (2006ж), Батық, Красная поляна, Дария (2007ж), Ортау, Ақсу, Еркінді, Қарамұрын, Төменгі Қайрақты, Әлихан, Қызылқой, Жарылғап батыр (2008ж).
2010 жылы Әлихан, Қарамұрын және Ақсу елді мекендеріндегі халық саны аз болуына байланысты осы ауылдардың кітапханалары жабылған. Жалпы, Шет ауданы тұрғындарына Мәдениет министрлігіне қарасты 30 мемлекеттік кітапхана қызмет көрсетеді (2005 жылы – 21 кітапхана).
Кітапханалар жүйесін 21 берілім пункттері мен жылжымалы кітапханалар толықтырады (дегенмен, болған кітапханалардың ішінен тек Ақжал ауылдық үлгілі кітапханасында ғана қажетті құжаттар табылды).