Белгілі колумбиялық жазушы, лимфа бездері обырымен ауырған Габриэль Гарсиа Маркес оқырмандарға өзінің соңғы қоштасу хатын жолдаған:

Егер Жаратқан бір сәтке менің жігерсіз қуыршақ екенімді ұмытып, маған бір кішкене өмір сыйласа, мен онда, мүмкін, не ойлайтынымды айтпас едім, не айтқанымды ойлар едім.

Мен заттарды бағасына қарап емес, маңыздылығына қарай бағалар едім.

Мен аз ұйықтап, көп армандар едім, өйткені, біз көзімізді жұмған әрбір минутта алпыс секунд жарықты жоғалтатынымызды түсінер едім.

Барлық адамдар жүрмей бір орында тұрса, мен жүре берер едім, басқалар ұйқыға кетсе мен ұйықтамаушы едім.

Басқалар сөйлегенде мен тыңдап қана тұрар едім, және шоколадты балмұздақтың керемет дәмінен рахаттана татар едім.

Егер маған Жаратқан тағы бір қас қағым сәттік өмір сыйласа, мен жұпыны киінер едім, күн астында жатып, күннің нұрына денемді ғана емес сондай-ақ жанымды да қыздырар едім.

Жаратқан, егер менде жүрек болса, мен өзімнің барлық өшпенділігімді мұзға жазып күннің шыққанын күтер едім. Мен жұлдыздарға Ван Гогтың арманымен Бенедетти поэмасын жазар едім, және Серрат әні менің айға сыйлаған серенадам болар еді.

Раушан тікенінің жан күйінісін, алқызыл жапырағының өбкенін сезіну үшін мен раушан гүлін өз көз жасыммен суарар едім.

Жаратқан, егер менде бір кішкене өмірім қалса, мен БІР КҮНДІ ДЕ БОС ЖІБЕРМЕЙ, ӨЗІМ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН АДАМДАРҒА, ОЛАРДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕТІНІМДІ АЙТА БЕРЕР ЕДІМ

Мен әрбір өзіме қымбат жандарды өзімнің махаббатыма сендіріп және махаббатқа ғашық болып өмір сүрер едім.

Мен қартайған кезде ғашықтық сезім  болмайды деп қателескен жандарға - ғашық болмағандықтан қартаятындығын түсіндіргім келеді.

Сәбилерге қанат сыйлап, бірақ ұшып үйренуді өздеріне қалдырар едім.

Қарттарды өлім қартайғандықтан емес естен шығарудан, ұмытудан келетіндігіне сендіргім келеді.

Адамдар, мен сіздерден көп нәрсені үйрендім, бар әлем тауда өмір сүргісі келеді, бірақ нағыз бақыт, бұл біздің тауға көтерілгеніміз екенін түсіндім.

Мен жаңа туған нәресте алғаш рет әкесінің саусағын өзінің кішкентай жұдырығында қысқан сәттен бастап, ол оны енді еш уақытта жібермейтінің түсіндім.

Менің түсінгенім, бір адам ЕКІНШІ АДАМҒА ЖОҒАРЫДАН ҚАРАУҒА құқығы бар, тек ол егер ОҒАН ТҰРУҒА КӨМЕКТЕССЕ.

Әр уақытта не сезесің соны айт, және не ойласаң соны жаса.

Сені ұйықтап жатқанда соңғы рет көріп тұрғанымды білсем, мен сені қатты құшақтап, Жаратқаннан сенің қорғаушы періштен болуды жалбарынып сұрар едім.

Сенің бүгін есіктен шыққаныңды соңғы рет көргенімді білсем, сені құшақтап, сүйіп, сенімен көбірек уақыт өткізер едім.

Сенің дауысыңды соңғы рет естіп тұрғанымды білсем, сенің айтқандарыңның барлығын таспаға жазып алып қайталап тыңдай берер едім.

Сені көруімнің соңғы минуттары екенін білгенімде: сені сүйетінімді айтар едім, ақымақ басым сен мұны мен айтпай-ақ та білетініңді ойламаппын.

Алда ертеңгі күн бар, өмір бізге барлық қателіктерді түзеуге тағы да бір мүмкіндік береді, ал егер мен қателессем және бүгінгі күн маған соңғы болса, мен сені қаншалықты қатты сүйетінімді және ешқашан ұмытпайтынымды айтқым келеді.

Жас та кәрі де ертеңгі күннің туатынына сенімді бола алмайды.

Мүмкін бүгін өзін жақсы көретін адамдарыңды соңғы рет көріп тұрған шығарсын. Сондықтан ештеңені күтпей, барлық істі бүгін жаса, себебі, егер ертеңгі күн ешқашан келмесе, сен бір күлімсіреуге, жақыныңды құшақтауға, сүюге уақыт болмағанына және соңғы қалауыңды орындауға қолын тимегеніне, өтіп кеткен күнге өкінесің.

Өзіңе жақын адамдарға демеу бол, олардың саған керек екенің айт, оларды жақсы көр және оларға ұқыпты қара, «өкінішті», «кешір мені» «мархабат, рахмет» және басқа да өзіңе ұнайтын сөздеріңді айтуға уақыт тап.

СЕНІҢ ҚАЛДЫРҒАН ОЙЫН ЕШКІМНІҢ ЕСІНДЕ САҚТАЛМАЙДЫ. Сезіміңді жеткізу үшін Жаратқаннан ақыл мен күш қуат сұра. Достарына олардың саған қаншалықты маңызды екенін көрсет, әйтпесе ертең де кешегі күндей болады. Егер сен ешқашан бұлай етпесең, ештеңенің маңызы болмайды. Өз армандарыңды жүзеге асыр. Сол сәт жетті.