Әлеуметтік желілер арқылы кітапханалық сервисті дамыту - кітап оқуды, кітапханаларды алға бастыру (Шахтинск ОКЖ тәжірибесінен).

   Әлеуметтік желілер арқылы кітапханалық сервисті дамыту - кітап оқуды, кітапханаларды алға бастырудың перспективті бағыттарының бірі. Облыстың 23 кітапханасы желілік ресурстарда: Facebook әлеуметтік желісінде – 6 кітапхана, Mail.ru-да – 10 кітапхана, Одноклассникида – 4 кітапхана, ВКонтакте – 2 кітапхана, Twitter Ресми бетінде – 1 Қарағанды ОКЖ кітапханасы.

   Кітапханашылар әлеуметтік желілерді қарым қатынас жасау үшін қолдана бастады. Осы күнге дейін олар 5200 пайдаланушылармен танысып, араласады. Әлеуметтік желілерде беттер құру әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға көп мүмкіндіктер туғызды, олар әдебиеттердің виртуальді шолуын көруге, кітапхана бойынша виртуальді экскурсия жасауға, кітапханада өткізілетін іс-шаралар туралы және оларға шақыру алу, кітапханада бар кітаптар туралы ақпарат алу, емтихан билеттерінің жауабын алу, тестке жауап беру, мерзімді басылымдармен танысу, әдебиеттердің ұсынымдық тізімін алу және т.б.

   Осы бағытта Шахтинск ОКЖ белсенді жұмыс жасауда. ОКЖ барлық құрылымдық бөлімшелері Одноклассники, Mail.ru, Facebook желілерінде өз бағдарларын құрды. Шахтинск ОКЖ кітапханалары 3794 пайдаланушыларымен достасып қарым-қатынас жасайды.

   Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханасының қызмет көрсету бөлімі. 2013 жылдың мамыр айында mail.ru -ға «Библиотека им.Бухар Жырау» болып тіркелді. Онда жаңа кітаптардың фотосуреттері, 72 іс-шаралар, 8 бейне баяндары ұсынылған. Біздің пайдаланушылар мен достарымызды «У истоков государства казахов», «Библиотеки мира», «Парение. Презентация книги М. Искакова», «Реклама отдела», «В гостях у интересной книги» атты жаңа түскен әдебиеттерге электрондық шолу, абонемент бөлімінің құрастырған «Девушка с татуировкой дракона» буктрейлері сияқты бейнебаяндар беттері қызықтырады.

   Топтар мен бірлестіктерінің қатысушыларының саны 17 болды. «Библиотека филиал 2 г.Лисаковска», «Кладезь поэзии», «АРТ Мысли», «Журнал для женщин», «Знаете ли Вы?», «Наука и техника», «Путь к успеху», «Сделай сам», «Новогодние рецепты», «Лучшие мысли всех времён», «Дачный вопрос» , «Музыка, аудиокниги Л. Толстой «Война и мир» және т.б.

Шағын блог беттерінде барлығы 32 жарнама, хабарландыру, іс-шараға шақырулар ұсынылған:

-«Рыцари серебряного века» атты поэзия кешіне шақырамыз,

- Кітапханада іс-шара өтеді,

- Біз сіздерді қалалық бақтағы кітапханалық орындықта күтеміз,

- Оқырмандар үшін кітапханалық қызметтер түрі: Кітапты Onlain режимде ұзарту, Wi-Fi арқылы қызмет көрсету, «Шахтинская ЦБС» ҚММ кітапханалық сайты, виртуальді анықтама, букридерлер мен планшеттер, қарызгерлерге кітап тапсыру туралы шақыру, «ЛитРес: Библиотека» сайтынан электрондық кітап оқу т.б.;

- Кітапханалық іс-шаралардың – 3 афишасы ұсынылған.

   Әлеуметтік желілерде жұмыс жасау пайдаланушылардың сұранысына жедел әрекет етуге мүмкіндік берді. Келесі жылы желідегі жоспарланған жұмыстар: сауалнама, талқылау, маңызды әңгімелер, СМС-хабарламалар.

   Шахтинск Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2012 жылдан Facebook-те тіркелген. Осы уақыт ішінде 1217 адаммен достасқан. Олардың  көпшілігі- кітапханашылар мен шығармашылық саласындағы мамандар. Facebook беттерінде кәсіби мәселелерді талқылау, тәжірибемен алмасу болады. Сондай–ақ, мұнда «Шахтинская ЦБС» ҚММ барлық құрылымдық бөлімшелері қызметтерінің, «Шахтинская ЦБС» ҚММ сайтының жарнамасы, оқырмандардың шығармашылығы туралы ақпарат, өткізілген байқаулар туралы, өлкетанулық басылымдар туралы, Бұқар жырау атындағы орталықтандырылған қалалық кітапханасында WI-FI қызметін тегін пайдалану ұсынылған туралы жарнамалар жүргізілді.

   №1 Филиал: 2013 жылдың сәуір айынан №1 кітапхана-филиалы mail@.ru әлеуметтік желісіне тіркелген. Қазіргі таңда 314 пайдаланушымен достасқан. Сәуір айынан желтоқсан айына дейін келесі жұмыстар атқарылды: 23 - кітапханаға жазылуға шақырту жіберілді, 3- көпшілік іс-шараға шақыру, 7 –бейнебаян орналастырылды, 21 – фото, «Книги, которые должна прочитать каждая современная девушка», «Книги, которые должен прочитать каждый современный парень», «Любовь торжествует над временем», «Делу время – потехи час» - 17 ұсынылатын тізім жіберілді, «Новые книги» көруі, 2 - («Детский мир – советы и ответы») виртуальді анықтама орындалды.

   №2 Филиал: Әлеуметтік желі беттерінде «Литературный клуб «Кладезь поэзии» бірлестігін құрды. Құрылған бірлестіктің мақсаты өнерпаз пайдаланушыларды біріктіріп және қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ өздерін таныту, дарындық қабілетін ашу, өз шығармаларына сын есту, білгенін үйрету және үйрену болып табылады. Қазіргі таңда бірлестікке 11 пайдаланушы қосылды. Айта кететін болсақ, қатысушы топтың ішінде Теміртау қаласының «Магнит» әдебиеттік бірлестігінің, Қарағанды облысының жазушылар одағының мүшесі, поэтесса Татьяна Дубовская бар. Ақынмен тұрақты түрде хат алысып тұрады. Бірлестіктің желідегі бетінде Т.Дубровская жайлы ақпарат орналастырылып, ақын сайтына сілтеме берілген. Жаңа оқу жылында ақынмен әдеби кеш өткізу туралы келісілді.

   Әлеуметтік желілердегі кітапхананың бетінде топтық ақпарат берілді: «Жаңа әдеби кітаптар, шілде 2013», «Жаңа кітаптар»–2. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар да мерзімді басылымдардағы қызықты мақалалар, кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттер туралы келесі тақырыптар бойынша жеке ақпарат алады: «Советы психолога», «Прочтите, это интересно», «По страницам женского журнала», «Мода и стиль», «Психология души», «Сверхъестественно и секретно», «Правовой навигатор», «Твои права и обязанности», «Попробуй, смастери-ка!», «Новинки литературы»– 35. Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі өз беттеріне «Представляем серию «Сто великих» электрондық тұсаукесерін орналастырды. Филиал қызметкерлері Лайза Дженованың «Навеки Элис» кітабы бойынша буктрейлер құрып,  ұсынды.

   №8 Филиал. «Шахтинск ОКЖ» ҚММ Шахан кентінің модельді  отбасылық оқу кітапханасы 2013 жылдың 1 тоқсанында (ақпан) «Одноклассники» сайтының http: //www.odnoklassniki.ru/ profile/571299740965 электрондық адресі бойынша «Библиотека поселка Шахан» болып тіркелді. «Одноклассники»  әлеуметтік желі беті,   кітапхананың жарнамасы үшін, оқырмандарды кітапханаға тартуға, ақпарат ұсынуға және көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ кітапхана қорындағы құжаттарды насихаттауға, қарым-қатынас жасауға, қарызгерлермен жұмыс жасауға және т.б. үшін арналған. Алғашқы үш ай бойы кітапхана көп уақытты  оқырмандарының достарын, Шахан кентінің тұрғындарын іздеуге арнады. Сондай-ақ, бірте-бірте фотоальбомдар ашты. Достар іздеу көп уақытты алды. Шахан тұрғындарының әрекеті әртүрлі болды: біреулер достасуға бірден келісім берді, көпшілігі  достарынан көріп, достасуға өздері ұсыныс жасады. Кейбір қарызгерлер, желіде достығын қабылдап, алғашқы үш күн бойы өздеріндегі мерзімі өткен әдебиеттерді естеріне түсіріп, кітапханаға әкеліп тапсырып, орнына басқа кітап алды. Қарызгерлерге ескерту КБ- сағат 10 (Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. адресі бойынша + «одноклассники» бетіне жеке хат жазу арқылы), ББ- сағат 11 (Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. кітапханашы З.Ш. Нутфуллинованың электрондық поштасы арқылы) жіберілді. Достасуды қазіргі кезде шет елде тұратын бұрынғы оқырмандары да ұсынуда. Олар кітапхананың бір орында тұрмай, әрі қарай дамып келе жатқаны үшін өте қуанышты. Кітапхананың желідегі беттеріне  кіріп ондағы ұсынылған фотоальбомдағы фотосуреттерді көріп жоғары баға беріп отырады. Қиыр Шығыстан (Ресей) бұрынғы оқырманы Островская Наталья (Васина) (бұрындары №8 филиалдың белсенді оқырманы): «Мен Қиыр Шығыста тұрамын. Бірақ өмірімнің жартысын Шахан кітапханасында өткіздім. Өмірдің жалғасып келе жатқанына қуаныштымын. Осыған қатысы бар адамдарға көп рахмет айтамын» -деп жазды. Калининградтан Ольга Панасюк (Казанцева): «Біздің балаларымыз әлі де кітапханаға баратыны қандай жақсы!» деген хат жолдады. Александр Юров 12 мамырда «Бар болғандарыңыз үшін Рахмет»- деп жазған. Аша қаласынан (Ресей) Аношкин Андрей: «Сіздер үлкен жұмыс атқарып жатырсыздар, бұл жай қызығушылық емес анағұрлым үлкен іс, сіздерді құдай қолдасын» және т.б. Сондай-ақ, оқырмандар кітапты ұзарту үшін жеке хат жазады. Мысалы: Марина Кармышева атты оқырманымыз: «Маған кітапты ұзартып беріңізші, сіздердің алдарыңызда өте ыңғайсыз, бірақ мен берілген мерзімде өткізуге үлгермей жатырмын, сол үшін сіздерден кешірім сұраймын» -деп хат жазыпты.

Үнемі желідегі беттің статусына  «ШАХТИНСК ОКЖ» ҚММ сайтының мүмкіншілігі туралы жарнамалық хабарлама-шақырулар, оқырмандарға кітапхананың өткізген іс-шаралары туралы ақпарат, көрмелер мен байқаулардың нәтижелерін, оқу залына келіп түскен білім, отбасы, отбасындағы тәрбие, отбасылық оқу және б. (барлығы 60 мақала мен сайтқа сілтеме) мерзімді басылымдардағы қызықты мақалалардың аннотациясын және библиографиялық сипаттамаларын ұсынамыз. Біздің Н.Ә.Назарбаевқа арналған бір кітап туралы мақаламызға, қарағандылық ақын Дубовская Татьяна өз пікірін білдіріп, мақаланың астына «Наш Президент» атты өз өлең жолдарын жариялады. Абонемент бөлімінің оқырманы МО Светлана Мудрова (достарда «Светлана и Юрий Мудровы» болып тіркелген) кітапханаға келгенде:«Сіздердің «Одноклассники» лентасын оқу қашанда қызықты» -деген еді.

   Оқырмандарды кітапханаға тарту үшін «Экскурсия по библиотеке» атты фотоальбом құрастырылды. Онда (16 дана) кіре берістен және киім ілетін жерден бастап оқу залына дейін фотосуреттер ұсынылған. «Библиодесант» фотоальбомында Оралхан Бөкейдің шығармашылығы бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілген библиодесант фотосуреттері ұсынылған. Үш мектеп пен кент көшелерінің репортажы 32 дауысқа ие болды (жеке фотосуреттер бойынша). «Творчество наших читателей» фотоальбомы 17 дауыс жинады. Дегенмен, «Книга в нашей семье» фотоальбомы мен байқауы үлкен қызығушылыққа ие, альбом – 29, фотосурет – 175. Бүгінгі күні Нутфуллин отбасы мен Богрянов Кирилл жеңімпаздар болып табылады. Оларда 15 дауыстан бар, 14 – Тимур Насыровта, ал 10 дауысты – Анжела Галиакберова, Юлия Литвинова мен Татьяна Ан жинады. 2013 жылдың 17 мамырында өткен «Праздник книги в ЦГБ» іс-шарадағы жеңімпазар фотосуреттері кітапхана достарына ұнады.

   Фотоальбомдар саны – 9: «Новые книги август 2013» (22 фото), «Книжная эстафета солнечного лета» (7 фото), «Праздник книги в ЦГБ г.Шахтинска» (9 фото), «Книга в нашей семье фотоконкурс» (28 фото), «Библиодесант» (11 фото), «Творчество наших читателей» (7 фото). «Разное» (5 фото), «Экскурсия по библиотеке» (16фото). Барлығы 139 фотосурет жүктелді.

   Біздің «одноклассники» бетіндегі достарымыздың арасында кенттің құрметті кәсіпкерлері Нұрлан Күлкешев пен Виктор Лобов та бар. Оларға Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасы арқылы бейінді инвестициялық жобалар бойынша ақпараттық қызмет көрсету туралы хат жолданды. Лобов Викторға «егін шаруашылығы» бойынша 3 сайтқа кіру туралы 1 ақпарат жіберілді.

   «Бейнебаян» бөлімінде: «Книги  читаем - мир открываем» (ББ) виртуальді шолуы, «Страницы истории» (ББ), «Чудесный книгоград» (ББ) виртуальді кітап көрмелері жүктелген. «Свободы яростная страсть» атты «Бір ел – бір кітап» (КБ) акциясы бойынша Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян, жаңа әдебиеттер бойынша бейнебаяндар (КБ), «Ежик в тумане» буктрейлері (ББ) және «Непокоренные» (Борис Горбатовтың кітабының 70 жылдығына) (КБ), «Зинка» (ББ).

    «Одноклассники» беті 22 топтан тұрады.

   «Шире круг Шахан!» тобына өлкетану бойынша ақпарат береміз. Мысалы: кенттің орталық көшесінің фотосуреті бойынша сұрақ қойылған: «Көше қалай аталады? - Как называется улица?» Жауабы «Георгий Добровольский көшесі». Кітапханаға көптеген сұрақтар жауды. Солардың бірі: «Кітапханаға көмек ретінде! Г.Добровольский қай жерге қонды? - А на помощь библиотеку! В каком месте приземлился Добровольский?» Біз толық жауабы мен бірге сайттарға сілтеме бердік: ғарышкердің өмірбаяны мен қаза тапқан жері туралы, ескерткіш орнатылған жер мен Добровольский туралы жаңа бейнебаянға да сілтеме берілді. Осыған байланысты пайдаланушылар төмендегідей пікірлер білдірді:

-«Бізге кітапханалар жетіспеді! Рахмет» (Антонина Петри/Попсуй),

-«Кітапхана, құнды ақпарат бергенің үшін рахмет!» (Тамара Волкова),

-«Барлық ақпарат Кітапхананың қолында екен ғой»(Антонина Петри/Попсуй),

-«Кітапхана чемпион!» (Виктор Королев),

-«Кімде қандай да бір сұрақ туындаса, КІТАПХАНАҒА барыңыз!» (Виктор Королев),

-«Жарайсыңдар! Кітапхананың қазіргі заманға сай дамып келе жатқаны қандай керемет!!!»(Айгуль Алпысбаева/Мизамадилова)

   Шахандықтарға кент туралы, кент әкімдері, нысанның немесе ғимараттың тұрған жері, Шаханның өткені  туралы берген жауаптар ұнайды.

   «Одноклассники» сайтына кенттің ересек адамдары мен балалар тіркелген, 2 тоқсанда кітапхана mail.ru-да өз бетін құруды шешті. Мектеп жасындағы балалар, жеткіншектер, жасөспірімдер көбінесе сол жерде араласады, ол жерде мобильді телефоннан «Агентте» тегін хат жазысуға мүмкіндік бар. Балалар достасуға ынталана келіседі, көбісі өздері ұсыныс жібереді. «Бейнебаян» бөлімінде сонымен қатар барлық бейнебаяндар мен 2 буктрейлер жүктелген. «ШАХТИНСК ОКЖ» ҚММ сайтының мүмкіншілігі туралы жарнамалық хабарлама-шақырулар, оқырмандарға кітапхананың өткізген іс-шаралары туралы ақпарат, көрмелер мен байқаулардың нәтижелерін (ББ) тұрақты түрде орналастырады. Балалар бөлімі (ББ) «Агент» бойынша 5 пайдаланушыға жеке ақпарат ,(ББ) қарыздары туралы ескертулер жіберілді. Кітапханада нақты кітап туралы және тақырып бойынша сұраныстар болды.

   Долинка кентінің №11 модельді кітапхана – филиалы: Кітапхана маусым айынан бастап «Одноклассники» сайтына тіркелген. 01.09.2013 ж. төмендегі графалар бойынша «Әлеуметтік желілердегі жұмыс есебі дәптерін» жүргізе бастады.

  •  Пайдаланушыға арналған ақпараттың тақырыбы
  •  Түсіндіру
  •  Ақпараттың саны
  •  Қосылған достардың саны
  •  Жүктелген фотолардың, фотоальбомдардың саны
  •  Достардың саны
  •  Бағалары
  •  Қарызгерлермен жұмыс
  •  Құттықтаулар
  •  Виртуальді анықтамалардың тақырыбы
  •  Анықтамалардың саны
  •  Хат алмасу

   Біз және ОК өткізген кітап көрмелерін, әртүрлі акцияларды жарнамалаймыз (қайтарылған кітаптар айлығы, компьютерлік сауаттылық мектебі туралы хабарландыру, Шахтинск ОКЖ сайтының жарнамасы), әртүрлі жүгінулер (жазбалар – 19 дана) топтық және жеке оқырмандарға, мысалы, кітапханаға кітап қарыз екені туралы немесе жаңа кітап түскені туралы, оқырмандарға алғыс білдіру, құттықтау, кітап туралы пікірлері, блиц-сауалнама, фото туралы жазба. Бұл «ШАХТИНСК ОКЖ» ҚММ сайтының жарнамасы, кітап көрмелерінің жарнамасы, қала тарихы бойынша викторина. Өз оқырмандарымыздың, іс-шаралардың, кітап көрмелерінің фотосуреттерін орналастырамыз (137фото). Қазіргі таңда бізде 13 фотоальбом бар: «Новинки для педагогов и родителей» (6 кітап), «Будьте здоровы» (10 кітап), «Как изменить свою жизнь» (9 кітап), «Долинка – центр Карлага» (3 кітап), «Ваши увлечения» (6 кітап), «Новинки о приусадебном хозяйстве» (6 кітап), «Новое, лучшее…» (10 кітап). Разное» (10 кітап), Наши юные читатели» (10 кітап), «Библиотечные уроки» (19кітап), «Наши встречи» (Клуб ЗОЖ) (14 кітап), «Осенний букет»(8 кітап), «Достижения наших читателей» (6 кітап). Сайтқа келушілер жұмысқа 972 дауыс берген.

   №12 Балалар кітапхана-филиалы әлеуметтік желілердің Mail.ru. сайтына тіркелген. 8 айдың ішінде әлеуметтік желіде 3 – жаңа әдебиеттер түсімі туралы ақпарат, 34 – кітап жарнамасы, өткізілген көпшілік іс-шаралар мен кітап көрмелерінің 100 – фотосуреттері, ТП, кітапхананың 4 видео- жарнамасы, «Орнамент Казахстана». К.С.Льюистің «Хроники Нарнии» шығармасы бойынша 2 буктрейлер орналастырылды. Электрондық пошта арқылы қарызы бар 8 адамға ескерту жіберілді, 2 оқырман кітаптарын тапсырды, 3 онлайн ұзарту, 1 виртуальді анықтама орындалды. Әлеуметтік желідегі кітапхана бетінің қонақтары әртүрлі елдердің пайдаланушылары: Германия, Америка,  Великобритания, Израиль, Иордания. Ресей - Пенза, Междуреченск, Омск, Томск, Калининград, Мәскеу, С.-Петербург. Қазақстан – Қарағанды, Алматы, Көкшетау, және т.б. болып табылады. Достарын туған күнімен құттықтау – 25, пайдаланушылардың сайтқа кіруі – 352. Жұмыс әлі де жалғасуда. «Шахтинск ОКЖ» ҚММ сайтының балалар бетінде №12 балалар кітапхана-филиалының жұмысы туралы материалдар бар.

   №13 Балалар кітапхана-филиалы 2013 жылдың ақпан айында mail.ru-ға тіркелді. Көптеген жұмыстар жүргізілді: «Мероприятия библиотеки» альбомына фотосуреттер жүктелді, онда өткізілген іс-шаралардың фотосуреттері орналастырылады. «Наши лучшие читатели» кітапхананың жақсы оқырмандарының суреттері, «Самый толстый формуляр» байқауының жеңімпаздары, «Работы наших читателей» альбомында кітапхана оқырмандарының ең жақсы жұмыстары орналастырылды. Алдағы уақытта «№ 13 кітапхананың тарихы» атты фотоальбомын ұйымдастыру жоспарлануда. Желі бетіне кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттер туралы ақпарат ұсынады. Жеке ақпараттандыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Статустарда іс-шаралар анонстары, кітапханаға келуге шақыру, №13 кітапхананың және «Шахтинск ОКЖ» ҚММ сайтының жарнамасы жарияланады, қарызгерлермен жұмыс жүргізіледі: оларға кітапты уақытында тапсыру туралы және басқа да ескертулер жіберіледі. Нәтижесінде кітапханада қарызгерлер жоқ. Кітапханада onlinе – ұзарту нысаны қызмет жасайды, бұл оқырмандар арасында үлкен қызығушылық туғызды. Олар кітапханаға келмей, электрондық пошта арқылы кітаптарын ұзартып алуға мүмкіндік алды (29 ұзарту), кітапханашылар виртуальді анықтамалар орындайды.

   №16 кітапхана-филиалы «Mail.ru» әлеуметтік желісіне тіркелді, электрондық пошта арқылы қарызгерлермен ескерту жұмыстары жүргізіледі. Кітапханалар әлеуметтік желілердің көмегімен толық және жедел түрде оқушылар мен балалар оқуының басшыларына ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Мұнан былай блогта әртүрлі өзекті тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр. Пайдаланушылар кітапханаға әртүрлі сұраныстарын виртуальді түрде жібереді, олар осылай уақыттарын үнемдеп, сұраныстарына жауапты алуға мүмкіндіктері бар.

р/с Жұмыс нысанының атауы Саны
1. Қарыз туралы хабарлама 20
2. Іс-шараға шақыру 10
3. Кітапханаға жеке шақыру 30
4. Топтық ақпарат (ақпараттық жазбалар) мәдениет туралы, саясат туралы, экономика  туралы және т.б.) 80
5. Виртуальді анықтама (рефераттар, курстық  жұмыстар, емтиханға дайындалуға көмек ретінде және т.б.)  
6. Өлкетану бойынша жұмыс (ақпарат, Новодолинск кенті туралы фотосуреті) 20
7. Өткізілген іс-шаралардың фотосуреті 40
8. Шахтинск ОКЖ ҚММ сайтының жарнамасы 10
9. №16 кітапхана-филиалының жарнамасы 6

   Әлеуметтік желілерді қолдану кері байланыс алудың құралы, пайдаланушыларға ақпарат жеткізу, пікір алмасуға арналған шығармашылық алаңы ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер көптеген кітапханашыларға, бір-бірімен жиі тәжірибе алмаспайтындықтан, мотивация нысаны болып табылады. Бірақ, әлеуметтік желі беттеріндегі жаңа кітап көрмелерін, вертуальді көрмелерді, қызықты іс-шара есебін көрген соң, оларда өз кітапханаларында осындай іс-шаралар өткізуге деген қызығушылықтары оянады.

 

(аударған Н.З.Бейсенбекова, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі)