Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_nezavisimost is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_nezavisimost is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2016 жылдың 12 желтоқсанында кітапханамыздың оқу залында бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік қарағандылықтар көзімен» атты кездесу кеші өтті.

Кештің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Қарағанды облысының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету.

Кешке ғалымдар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама, экономика және қаржы, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау басқармаларының мамандары, жеке кәсіпкерлер, оқу орындарының студенттері қатысты. Кеш барысында Қазақстанның жас мемлекет ретінде қалыптасуы мен нығаюындағы аймағымыздың үлесін талқылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облысымыздың қалалық және аудандық орталықтандарылған кітапханалар жүйелерінің (ОКЖ) қатысуымен «Мен - Қазақстандықпын, Қазақстан - менің мақтанышым» атты фотоконкурс өткізілді. ОКЖ арасында іріктелініп алынған 50-ден астам фотосуреттер кітапханамыздың әлеуметтік желілерінде орналастырылып, онлайн дауыс беру нәтижесінде, 20 фотосурет жеңімпаз атанып, арнайы фотокөрме ұйымдастырылды.

Кеш шымылдығын Қарағанды облыстық  Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің дәстүрлі әншісі Медет Осатаев «Қазағым-ай» әнімен ашты.

Негізгі бөлімде Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің PhD, доценті А.З. Жұманова «Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихын, 25 жылдағы даму барысын баян етті.

Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Р.И. Тоғайбаев Қарағанды облысы экономикасының дамуын, өндіріс көлемін, сауда айналымы жайындағы «Қарағанды облысы – еліміздің экономикалық діңгегі» атты баяндамасын ұсынды.

Мерекелік кешті Моңғолия және ҚР мәдениет қайраткері, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртісі Меруеш Башайқызы «Отаным Қазақстан» әнімен жандандыра түсті.

Аймағымыздағы білім мен ғылым саласының Тәуелсіздік алғаннан бергі дамуын, қазіргі күндегі бағыт-бағдары туралы Қарағанды экономикалық университеті кітапханасының директоры Г.Н. Джабаева «Аймағымыздағы білім мен ғылым» тақырыбындағы баяндамасында айтып кетті.

Қарағандылық жеке кәсіпкерлер «Нұрәсем» сән үйінің дизайнері Н. Рысқұлова мен SPA centre «SIAM» директоры С. Мәтенова өздерінің кәсібіндегі жетістіктеріне қалай қол жеткізгенін ашып айтты. Сонымен қатар, Н. Рысқұлова ұлттық нақышта тігілген бірнеше костюм үлгілерін көрермендер назарына ұсынды.

Сондай-ақ, 2004 жылғы Афинады қаласында өткен жазғы олимпияда ойындарының қола жүлдегері, Қазақстанның спорт шебері Д.В. Карпов және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары С.О. Оспанова қарағандылықтарды Тәуелсіздік меркесімен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.

Мерекелік кешті № 92 гимназияның 4 сынып оқушысы Қасымханова Айғаным «Сәлем саған, туған жер!» әнімен аяқтады.

{gallery}material/news/2016_nezavisimost{/gallery}