Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қарағанды облысының 80 жылдығын мерекелеу аясында "Сүйем сені, туған өлкем" атты балалар сурет байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақтың кіші отанынадеген патриоттық сезімін тәрбиелеу, туған өлке тарихына қызығушылығын арттыру, байқауға қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық талғамын дамыту.

Байқау шарттары:

Байқауға келесі жас ерекшеліктеріндегі балалар қатыса алады:

Мектепке дейінгі – 3-6 жас аралығы;

Мектеп жасындағы – 7-12 жас аралығы.

Байқауға кез келген материалға (ватман, картон, холст және т.б.) және кез келген сурет салу техникасында салынған (акварель, тушь, пастель, сия және т.б.) суреттер қабылданады.

Байқауға тек жеке жұмыстар ғана қабылданады.

Әр қатысушы байқауға бір ғана жұмыс ұсына алады.

Жұмыстың атауы мен байқауға қатысушы туралы мәліметтер (аты-жөні, тегі, баланың жасы, ата-анасының телефоны) суреттің екінші жағында көрсетіледі.

Байқауға ұсынылған жұмыстар байқау қорытындысы шығарылғаннан кейін авторларға қайтарылып беріледі.

Қатысушылардың жұмысын бағалау критерилері:

-         Суреттің мазмұндылығы мен тақырыпқа сәйкес келуі;

-         Идея ерекшелігі;

-         Шығармашылық қиялы;

-         Шығармашылық деңгейінің автор жасына сәйкес келуі.

Байқау қатысушыларының жұмысынәділ қазылар бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.

Байқаудың өткізілетін мерзімі:

Жұмыстар 2016 жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

Байқау қорытындысын жариялау және жеңімпаздарды марапаттау 2016 жылдың 6 қазанында өтеді.

Қосымша ақпарат:

87009922759 – Ельцова Ирина Алексеевна, Ақпараттық-сервисті қызмет көрсету секторының басшысы.