Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016libnight/1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016libnight/1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Кешкі сағат жеті. Әдетте кітапхана жұмысы аяқталатын уақыт. Бұл жолы келушілерде есеп жоқ. Өйткені, қала тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше ықыласқа ие болған Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының "Кітапхана түні" Акциясы осы жылы 5-ші рет оқырман қауымын есігін айқара ашып, қонақжай қарсы алды.

Акциямыз еліміз үшін маңызды даталарға Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80 жылдығына арналды. Біздің Акциямызға қатысып, тамашалау үшін кітапханамызға 500-ден астам қала тұрғындары жиналды.

Кітапхана түні облысымыздың бірқатар қалалары мен аудан орталықтарында да өткізіліп келеді. Биылғы жылы облысымыз бойынша Балқаш, Сәтпаев, Приозерск, Қаражал, Қарқаралы, Абай, Нұра орталықтандырылған кітапхана жүйелері Акциямызды қолдаған болатын.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасы өзінің ақпараттық, біліми және ғылыми функцияларымен қоса, өз қызметінде мәдени функцияларды қатар ұстап, сонымен бірге тұлғаның бос уақытын тиімді, әрі қызықты өткізуіне жол ашатын бірден-бір мекеме. Кітапхана түні Акциясы соның негізгі айғағы.

Іс-шара шымылдығы Қасым Аманжоловтың "Қарағанды" өлеңі мен Академиялық музыкалық комедия театрының артистерінің орындауындағы "Қарағанды вальсімен" ашылды. Кітапханамыздың қызметкерлері 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында әлем халықтарының билеріне қойылған флеш-моб ұсынды.

{gallery}material/news/2016libnight/1{/gallery}

Кітапхана директоры Д.Б. Аманжолова салтанатты ашылуының алғашқы сөзін сөйлеп,биылғы жылғы іс-шарамыздың ең басты ерекшелігі, кітапхана ұжымы Акциямызды демеушілер көмегімен ұйымдастырғанын ерекше атап өтіп, кітапхана атынан демеушілерімізге өз алғысын білдірді.

"Кітапхана түніміздің" өтуіне ат салысып, қолдау көрсеткен демеушілеріміздің атынан ашылу салтанатында Flip.kz интернет дүкенінің директоры Соколов Александр Евгеньевичпен "Вода Хрустальная" Сауда белгісінің өкілі Ломако Светлана Сергеевна құттықтау сөз сөйледі. Аталған ұйымдардың өкілдері мен Tupperware компаниясы Кітапхана түнінде қонақтар үшін өз бағдарламаларын ұсынды.

{gallery}material/news/2016libnight/2{/gallery}

Ашылу салтанаты барысында Француз Альянсы ұсынған Н.В.Гогольдің шығармасының желісі бойынша қойылған театрландырылған қойылым жиналған қауымның көңілінен шығып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

{gallery}material/news/2016libnight/3{/gallery}

Ашылу салтанатынан кейін барлық қонақтарымыз шығармашылық алаңдар бойынша тарқады. Биылғы жылы шығармашылық алаңдарымыз әр түрлі бағыттарды қамтыды. Білімпаз, тапқыр және ойшыл оқырмандарымызға арналған "Менің Қазақстаным!" интеллектуалдық ойыны мен "Ұлттық қазына" квесті еліміздің тарихынан сыр шертсе, өнерлі және шығармашыл жастарымыздың басын қосқан "Тәуелсіздіктің төл перзенттері" жас ақындар мүшайрасы мен "Дулат Бабатайұлының мұрасы" атты аудармалар байқауы оқырмандарымыз арасында үлкен қызығушылыққа ие болды.

{gallery}material/news/2016libnight/4{/gallery}

Акциямыз жастар арасында өте танымал болғанымен, отбасылық және балаларға арналған байқаулар мен викториналар өз жан-жақтылығы мен танымдылығының арқасында көптеген оқырмандарымыздың көңілінен шықты. Оның ішінде "Кітапқұмар отбасы" музыкалық-танымдық шоу мен "Отбасымызбен оқимыз" атты фотобайқау. "Кітапқұмар отбасы" кездесуінің басты мақсаты – "Менің отбасымның тарихы – ел тарихында" атты жинақ дайындау болса, фотобайқау кітап оқуға назар аударту, қоғамда кітаптың рөлі мен мәртебесін арттыру, оқырман отбасының позитивті бейнесін жасауды алға қойды.

{gallery}material/news/2016libnight/5{/gallery}

"Где, где? В Караганде!" атты гитара раrty, Француз Альянсы ұйымдастыруымен өткен кездесу, "Вместе весело шагать по просторам" байқаулар мен викториналар, "Интеллект аймағы" атты барлық жастағы топтар арасындағы ойындар, "Ғажайып Fellting" атты киізден бұйымдар жасау шеберлік класы сынды шығармашылық алаңдар көпшіліктің назарынан тыс қалмай, мерейтолық Акцияның сәнін келтірді. Ал кітапхана фойесінде орын алған "Достық ағашы" Кітапхана түніне жиналған әрбір қатысушының таңбасы іспеттес болды.

{gallery}material/news/2016libnight/6{/gallery}

Кітапхана түнінің жоғары деңгейде өтуіне өз септігін қосып, кітапханашыларға көмегін ұсынған достарымыз да шет қалмады. Жастардың бейнесін әрлеуге көмекке келген "Арт маникюр", "Қас макияжы", "Мехенди" сынды шеберлік сабақтарына кезек толастамады. Тамақтандыру және сервис колледжінен арнайы "Тәтті ассорти" шеберлігімен келген достарымыз жастарға дастархан жаю мен тәтті тағамдарды дайындауды үйретсе, "Қыздың жасауын" дайындауға машықтануға да осы түні мүмкіндік туды.

{gallery}material/news/2016libnight/7{/gallery}

Жастарды ғана емес, осы түні жиылған барша қауымды "Нумерология – сандар магиясы" атты алаң ерекше қызықтырғаны сөзсіз. Осы орайда, сан арқылы жорамал жасап, Кітапхана түнін өткізуге ат салысқан Ресейден келген қонағымызға (кітапханамыздың оқырманы) алғысымыз шексіз.

{gallery}material/news/2016libnight/8{/gallery}

Әдеттегідей құпиялы жерасты әлеміне кезекке тұрған қонақтарымыз да көп болды. Жылына бір-ақ рет келушілер үшін есігі ашылатын кітап сақтау бөлімі қараңғыда ерекше сұрақтары мен таңғажайып кейіпкерлермен ержүрек оқырмандарымызды еліктірді.

Кітапхана түні барысында "Мені өзіңмен ала кет" кітап шопингі, "Кітапханаға жазыл да досыңды жаз" Акциясы және "Оқуды ұсынамыз!" әдеби кафе-бары жұмыс істеді.

"Мені өзіңмен ала кет" атты кітап шопингібіздің оқырмандарға әр жыл сайын 1000 данадан астам кітапты тегін алуына мүмкіндік береді. Кітапханашылар қауымы үшін кітап тарату, ал оқырмандар үшін оны алып оқу, кітап пен оқуды насихаттау, жастарды оқуға баулу ісінде маңызы зор. Біздің Акциямыздың негізгі мақсаты да осында жатыр.

{gallery}material/news/2016libnight/9{/gallery}

23.30-да Кітапхана түнінің қорытындысы жарияланып, ең белсенді қатысушыларымызға демеушілеріміз ұсынған сыйлықтар тарту етілді.«Ең интеллектуалды» атағына «Менің Қазақстаным!» интеллектуалдық ойынының жеңімпазы ҚарМТУ-нің 2 курс студенті Дәулет Жармакаш, «Ең ержүрек» атағына жертөлеміздегі барлық кедергілерінен сүрінбей өткен Елубаев Тұрар ие болса, «Ең әуенді» атағын Гитара раrty қатысушысы Руденко Роман жеңіп алды. «Тәуелсіздіктің төл перзенттері» жас ақындар мүшайрасында Әйткен Жоламан, Ерік Нарынов, Ерназар Жанболат жеңімпаз атанса, Қабидолдиндар және Мишуниндер отбасылары «Ең көп оқитын отбасы» атағын иеленді. «Ұлттық қазына» квест ойынының барлық сынынан, өз ақылы мен тапқырлығының арқасында сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанған Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттерін де ерекше атап өтуге болады.

{gallery}material/news/2016libnight/10{/gallery}

Толығырақ бейнематериалда

Мерейтойлық кешіміздің соңы дәстүрлі "Кітапқа-Салют!" отшашуына ұласты. Келесі кездескенше, Кітапхана түні Сіздерді келесі жылы күтуде!