Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_21_04 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_21_04 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Кітаптың адам өміріндегі алар орны ерек. Мұсылман қауымы үшін Құраннан басталған әлемнің әпсанасы кітап екені хақ. Әр ғылымның, ғалымның құдіреті артында қалған кітабында. Жалпы адам өмірін кітапсыз елестету ескексіз қайықпен теңізге түскенмен бірдей. Ал, кітапхана болса кітап пен оқырманның арасындағы алтын көпір.  

2016 жылдың 21 сәуірі күні Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай ұйымдастырылған "Кітап – уақыт пен кеңістік тынысы" атты Кітап фестивалі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өткізілді.

Шараның шымылдығын Қазақстан Жазушылар Одағының Қарағанды филиалының төрағасы, ақиық ақын Серік Ақсұңқарұлы отты шумақтарымен ашты. Ақын жиылған жұртты тебірентіп, кітап әлеміне тағы бір сорап жол ашқандай болды. Сондай-ақ "Жыр –Жауһар" поэзия клубының аға буын өкілі Алмаз Мырзахметов орын алған ауқымды шараға ізгі ниетін білдіріп, кітапханаға өзінің жақында ғана жарық көрген кітабын сыйға тартты. "Сарыарқа кітапханасы" 100 томдық сериясының томағасы да кітап мерекесінде сыпырылып, ерекше жобаның нәтижесі елге таныстырылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған "Әркім оқуға тиісті 25 кітап" көрме-викторинасы жиналған көпшіліктің қызығушылығын оятты. Шара соңына дейін 24 кітаптың барлығы толығымен ашылды. Ал, 25 ші ашық кітап "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы бойынша жыл кітабы болып таңдалынған Дулат Бабатайұлының шығармалары еді. Ресей патшалығының отарлау саясатына қарсы шыққан зар заман ақынының "Қайғылыны ұмыттым" толғауын қос ішекте күмбірлеткен есімі республика көлеміне танымал, айтыскер ақын Дидар Қамиев, жиналған қауымды жыр өнерінің құдіретіне тағы бір тәнті етті. Дулат Бабатайұлының шығармаларын насихаттау мақсатында  "Ұлттың  ұлы жыршысы" кітап презентациясына шолу ұйымдастырылып, Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің студенттері "Шаштараз" поэмасын сахналық қойылым түрінде көрсетті.

{gallery}material/news/2016_21_04{/gallery}

Түстен кейін кітапхананың конференц залында Г. Князевтің "Живое слово" кітабының, оқу залында ф.ғ.д., профессор С.Б. Жұмағұлов пен ф.ғ.к., доцент А. Б. Жұмағұлов құрастырған "Бұқар жырау тағылымы" атты кітаптың тұсаукесер рәсімдері болып өтті. Тұсаукесердің тізгінін қолға алған филология факультетінің профессоры Ж. Жарылғапов, әдебиет жанрларына тереңінен тоқтала отырып, оқырманға тың деректер, тарихи мағұлматтар беріп өтті.

Академиялық жинақ болып табылатын кітаптың тұсаукесеріне Бұқар жырау ауданынан арнайы келген қонақ, осы өңірдің мәдениеті мен өнерінің дамуына көп жылдар еңбек сіңірген М.Г. Шибаева, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарих факультетінің доценттері Н.Бейсенбекова, Л.Шотпақова, М.Жакин қатысты. Кітапты тағатсыздана күткен оқырманға жеткізу мақсатында, М. Шибаева мен Н.Бейсенбекова ресми түрде тұсауын кесті.

А.Б. Жұмағұлов өз сөзінде Бұқар жырауды әлі толық зерттеп болмағандығын және жыраудың зерттелмеген, ашылмаған  құпия сырлары жетерлік екендігін айтып жеткізді. Сөз соңында, Айтбай Ботпайұлының тарихи, әдеби әңгімесі жалынды жырға ұласты.

Қазақтың ақтаңгер ақыны, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері Абзал Бөкеннің құттықтау сөзінен кейін, кештің арнайы қонағы, аламан айтыстың асқан дүлділі Дидар Қамиев Бұқар жыраудың "Батырың өтті Бөгенбай" жырын орындап, халықты бір серпілтті.

{gallery}material/news/2016_21_041{/gallery}

Классикалық көркем әдебиеттің хас шебері Л.Д. Фонаревтің  ғұмыры мен шығармашылығына арналған "Живое слово" кітабының тұсаукесері тізгінін кітапхана директорының орынбасары Пак В.И. қолға алды. Кеш қонақтары, аталмыш кітапқа енген естелік авторлары – А.А. Сатарова, Н.Х. Валитов, М.Р. Серикбаева, Т.В. Палионова өздерінің студенттік шақтарына саяхат жасап, Л.Д. Фонарев жайлы естеліктерімен бөліссе, Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР журналистер Одағының мүшесі, Е.Б. Кузнецова тұсаукесер рәсіміне санаулы күн қалғанда мәңгілік сапарға аттанған кітап авторы Г.Н. Князевтің жарқын бейнесін сағына еске алды. 

Шара соңында жүрегінде рухы, жанарында оты бар оқырман қауымға  тыңнан тұсауы кесілген "Бұхар жырау тағылымы" мен "Живое слово" кітаптары  сыйға берілді.

Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баяндап, тарихы мен өткенін жыр еткен кітап - әлемдегі құпияға толы ұлы ғажайыптардың бірі. Оның біз әлі де білмейтін қыр-сыры көп. Мұны тек кітаппен дос болған адам ғана біліп, құпиясын ашып, ғажабын тани алады.

Осы орайда, кең көлемде аталып өткен Кітап фестивалінің оқырманға берер тәлімі  мен тағылымы зор болмақ.