22 сәуірде кітапханада «Кітапханалардың қызметін жаңғырту» атты облыстық семинар гибрид форматта өтті.

Отырысқа Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық мәдениет және өнер бөлімінің маманы Е. Теплюк, онлайн форматында Астана қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Г. Мадибаева (Яндекс. Телемост платформасында) және облыстық кітапханалардың басшылары, қалалық, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің басшыларымен әдіскерлері қатысты.

Семинар барысында Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында кітапханаларды заман талабына сай жаңғырту, тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы атап өткен мәселелері қарастырылып, талқыланды.

 

Отырысты  ОӘҒК басшысы А. Шаймуханбетова ашып, өз сөзінде Құрылтайда Президенттің берген тапсырмасы бойынша кітапхана ісіне қатысты маңызды мәселелерді талқылауды ұсынды.

Қатысушылардың назарына Қарағанды облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының маманы Ә. Касымова Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі «Жұмыс уақыты режиміндегі өзгерістер» тақырыбында кеңес берді. Сондай-ақ, жұмыс берушінің қызметкерге түнгі уақытта жұмыс істегені үшін еңбекақы қалай төленеді? Қызметкер түнгі уақытқа жұмысқа шығуына қарсы болса, жұмыс  берушінің тарапынан еңбек шартын тоқтату туралы және т.б. сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Астана қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Г. Мадибаева Яндекс. Телемост платформасы арқылы қосылып, Елордалық кітапханалардың жаңғырту тәжірибесімен бөлісті. Спикердің айтуы бойынша 2023 жылы Астана қаласының кітапханаларын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес бюджеттен қаражат бөлініп, 4 кітапхананың ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілген, заманауи кітапханалық жиһаздар сатып алынған. Ал, 2024 жылы 4 жаңа кітапхана ашылып, бүгінгі күні 8 кітапханаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жаз мезгілінде жұмыс уақытын 21.00-ге дейін  ұзарту жоспарлануда.

Семинар барысында облыс кітапханалар дамыту бөлімінің басшысы А. Карашова Алматы қаласының кітапханалары және Ресей мен Қытай мемлекеттерінің кітапханаларын жаңғырту тәжірибесін ұсынса, құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімінің басшысы С. Головко Астана қаласында өткен «EURASIAN BOOK FAIR»  VII халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде алған әсерімен бөлісті.

Сонымен қатар, облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің әдістемелік-инновациялық жұмыс секторының басшысы  К. Хасенова биылғы жылы ашылған «Кітапханалық mindset» кәсіби коммуникация клубы туралы презентация ұсынып, алғашқы клуб отырысының жұмысымен таныстырды.

Семинар соңында, Президентіміз ұсынған Ұлттық кітап күнің белгілеу бойынша ашық микрофон өткізілді. Бұл мәселені талқылау барысында әріптестеріміз, советтік кезеңнен өткізіліп келе жатқан Балалар кітап апталығы, Жасөспірімдер кітап апталығы және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күнінде  өткізілетін іс-шараларды осы Ұлттық кітап күнің нақты бір күн  белгілеп, өзіміздің Ұлттық әдебиетіміздің сан-қырлы жағынан көрсетін іс-шаралар ұйымдастырсақ деген ұсыныс білдірді.

Семинарды кітапхана басшысы А.С. Шаймуханбетова қорытындылады. Басшы өз сөзінде шараның маңыздылығын алға тартып,  Ұлттық кітап күнің өткізу бойынша Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына ұсыныс жасап, жолдауды ұсынды.