3 маусым күні кітапханамыздың көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету секторы "Кітапханадағы жаз" акциясы аясында балаларға арналған "Менің Отаным – Қазақстан" тақырыбында шара өткізді.

Шараның мақсаты – Қазақстан картасымен таныстырып, ондағы ірі елді мекендер жайлы ақпарат беру, жас өрендердің ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытып,  кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту.

Балалар еліміздегі елді мекендер жайлы, туған жер табиғаты, өздері туып өскен қалалары туралы ерекше мақтанышпен әңгімелеу арқылы өздерінің Отанға деген патриоттық сезімдерін көрсете білді.

Оқушылар туған жерлері Қарағанды қаласының жыл сайын көркейіп келе жатқанын және де қалада ашылып жатқан жаңа спорт кешендері, ойын алаңдары мен ойын – сауық орталықтары жайлы әңгімеледі және туған жер жайлы өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

Сонымен қатар, балалардың рухани мәдениетін, әдеби әлемге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында "Балалар әлемі – Мир детства" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесіне баланың өй – өріс қиялына, тез түсініп, қабылдауына жеңіл кітаптар лайықталып қойылған. "Аруна" баспасынан жарық көрген  "Әліпби" сериясымен шыққан "Ойыншықтар әліппесі", "Әйбат әліппе", "Спорт", "Балаларға базарлық", "Қоршаған орта" сияқты кітаптар бүлдіршін оқырмандарымызды адамгершілікке, ата – ананы, үлкендерді сыйлап, табиғатты танып, қорғай білуге шақырады.

Көрмеде бастауыш сынып оқушыларына арналған орыс тіліндегі "Планета детства" сериясымен жарық көрген "Большая хрестоматия самых лучших стихов, сказок и рассказов" жинағы жас оқырмандарымызды қызықтырары сөзсіз.

Балаларға арналған "Балдырған", "Айгөлек", "Бала би", "Детская энцоклопедия" сияқты қызықты журналдарды да көрмемізден таба аласыздар.

Құрметті, жас оқырман, егерде жазғы демалысыңызды пайдалы өткізгіңіз келсе, кітапхана есігі әрдайым ашық. Көрмемен танысып, көңіліңіз қалаған кітапты алып оқи аласыздар.

 КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР! ОҚЫҢЫЗДАР!

Ай кітабы